БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жоғары оқу орындарын 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бітірген түлектерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы беріледі.";
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі";
33, 34 және 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымы) көрсетеді.
34. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе ТжКБ ұйымның кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ТжКБ ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды нысанда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
35. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе ТжКБ ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) ТжКБ ұйымына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
42. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге ТжКБ ұйымына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.";
44, 45, 46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. ТжКОБ ұйымының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
45. ТжКОБ ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
46. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, ТжКБ ұйымының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
47. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі туралы құжаттардың телнұсқаларын беру болып табылады.";
52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"52. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ЖЖОКБҰ-мен көрсетіледі.
53. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметітің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды нысанда ЖЖОКБҰ-ның басшысының атына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.";
60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) ЖЖОКБҰ-ның кестесіне сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
61. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге ЖЖОКБҰ-ға жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.";
63, 64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"63. ЖЖОКБҰ-ның қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
64. ЖЖОКБҰ-ның қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
65. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, ЖЖОКБҰ-ның қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.";
6, 7 және 8-тармақтар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | Ш. Каринова |
Екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымша
Приложение к диплому о техническом и профессиональном образовании (без диплома ТКБ № ______ недействительно) |
________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
за время обучения с ____ года по ____ год в _______________
__________________________________________________________________
(полное наименование организации образования) по специальности
___________________________________________________________________
(код и наименование специальности)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(код (-ы) и наименование квалификации (-й))
показал (-а) ____ соответствующие знания и навыки по
следующим дисциплинам и (или) модулям:
№ п/п | Наименование дисциплин и (или) модулей | Количество | Итоговая оценка | ||||
по балльно-рейтинговой буквенной системе оценивания | по цифровой пятибалльной системе оценивания | ||||||
часов | кредитов | в % | буквенная | в баллах | |||
Заместитель руководителя по учебной работе_______________________
Руководитель учебной группы________________________
М.П.
*Примечание: графы заполняются с учетом применяемой в организации образования технологии обучения и системы оценивания.
Техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымша (ТКБ № ____ дипломсыз жарамсыз) |
________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_______________________ жылдан бастап _____________ жылға дейін
______________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
________________________________________________________________
(мамандықтың толық атауы және коды)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(код (-тар) және біліктілік (-тер) атауы)
оқу барысында мынадай пәндер бойынша және (немесе) модульдер бойынша тиісті білімін көрсетті:
№ | Пәндер және (немесе) модульдер атауы | Саны | Қорытынды баға | ||||
сағаттар | кредиттер | балдық–рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша | цифрлық бес балдық бағалау жүйесі бойынша | ||||
% | әріптік | балдық | |||||
Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары _________________________
Оқу тобының жетекшісі______________________
М.О.
*Ескертпе: бағандар білім беру ұйымында қолданылатын оқыту технологиясы мен бағалау жүйесін ескере отырып толтырылады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы ___ ___________ бұйрығына 2-қосымша |
|
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларына 6-қосымша |
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе ТжКБ ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдар жасау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы ___ ___________ бұйрығына 3-қосымша |
|
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларына 7-қосымша |
__________________________________________________
_________________________________________________
/жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
(бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толық/
________________________________________________
________________________________________________
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толық/
__________________________________________
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ағылшын тілінде толық/
_______________________________________________________
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген жағдайда/
__________________________________________________
/мамандығы (білім беру бағдарламасы) атауы/
__________________________________________________
/мамандығы (білім беру бағдарламасы) бойынша
__________________________________________________
/ЖЖОКБҰ бiтiрген жылы/
__________________________________________________
/көрсетілетін қызметті алушының байланыс деректері/
___________________________________________________
___________________________________________________
/ ЖЖОКБҰ атауы және мекенжайы, өзгерген жағдайда/
Нысан |
Өтiнiш
Маған __________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
/себебiн көрсету/
_____________________________ байланысты дипломның телнұсқасын (қосымшасымен бірге дипломның телнұсқасын, дипломның телнұсқасын, қосымшаның телнұсқасын) беруiңiздi сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.
"____"_______________20 __ж. ________________________
/қолы/
Ескертпе: мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес баспа әріптермен толтырылады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы ___ ___________ № ___ бұйрығына 3-қосымша |
|
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларына 8-қосымша |
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге |
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдар жасау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді. |