Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленое ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 ақпанда № 6011 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Зеленое ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Зеленов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленое ауылының кейбір көше атаулары:

      "Чапаев" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Пролетарская" көшесі – "Бірлік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім И. Давлетов