Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі "Ішкі су көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2020 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдаулар айқындалсын.
2. Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы №1066 "Орал қаласы бойынша 2019 жылға ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5671 тіркелген, 2019 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Дүйсенгалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Мүлкәйға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі | А. Шыныбеков |
Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 1068 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2020 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдаулар
№ | Тасымалдаулардың атауы |
1 | Орал қаласы- "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі |
2 | Орал қаласы- "Барбастау" бау-бақша серіктестігі |