Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевка ауылдық округінің Быково ауылындағы "Погуляйка" жайылымының аумағында карантин іс-шараларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 7508 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің әкімінің 01.10.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) армақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 465 ұсынысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасан ауруының анықталуына байланысты Алтай ауданының Малеевка ауылдық округінің Быково ауылындағы "Погуляйка" жайылымының аумағында карантин іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Малеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалтырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Малеевка ауылдық округінің әкімі В. Кузнецов