"Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 132 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 6948 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы "16" сәуірдегі
№ 132 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4250 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 11 қаңтардғы "Дидар", 2016 жылғы 12 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4312 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 5 ақпандағы "Дидар", 2016 жылғы 4 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 332 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4311 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 6 ақпандағы "Рудный Алтай", 2016 жылғы 8 ақпандағы "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4414 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 12 наурыздағы "Рудный Алтай", 2016 жылғы 14 наурыздағы "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 229 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4656 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 30 тамыздағы "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 230 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 332 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4655 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 30 тамыздағы "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 231 "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 30 тамыздағы "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      8. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 143 "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5111 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 13 шілдедегі "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      9. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 86 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5616 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 5 мамырдағы "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      10. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 321 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5692 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 24 қарашадағы "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған).

      11. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 149 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5929 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 30 мамырдағы "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған).