Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Солтүстік Қазақстан облысының азаматта

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қазанда № 6587 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болған жағдайда, медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін, сондай–ақ медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының хаттамасында ілесіп жүру бойынша ұсыным болған жағдайда пациентке еріп жүретін тұлғаға (бір адамнан артық емес) тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін медициналық айғақтар бойынша тұрақты тұратын елді мекеннің шегінен тыс емделуге жіберілетін пациенттерге және олармен бірге жүретін адамдарға (бір адамнан аспайтын) мынадай төлемдер жүзеге асырылсын:

      1) темір жол және қалааралық автомобиль көлігінде жол жүру құны (екі жаққа да);

      2) әуе көлігімен ұшып өту және темір жол көлігімен (жатын вагон) жүріп өту кезінде темір жол көлігінің жылдам жүретін поезының купе вагоны билетінің құнынан аспайтын мөлшерде жол жүру құнын (екі жаққа да) ішінара өтеу жүргізіледі.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі растайтын құжаттарды (билеттер, жолдаманың көшірмелері, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді) ұсынған кезде пациенттер мен оларды ертіп жүрген адамдардың емделуге жол жүру құнын төлеуді жүргізсін.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына бюджет қаражаты есебінен елді мекеннен тыс жерлерде емделуге ақысыз жол жүруді ұсыну туралы" 2017 жылғы 14 қарашадағы № 16/6 шешімінің (2017 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4385 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихат сессиясының төрағасы С.Тимофеев
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В.Бубенко