Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына бюджет қаражаты есебінен елді мекеннен тыс жерлерде емделуге ақысыз жол жүруді ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 16/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 4385 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 48/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Медициналық көрсетілімдер бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылып, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болса, емделуге жолданған Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының хаттамасында еріп бару жөнінде ұсыныс болса, пациентпен еріп баратын тұлғаға (бір адамнан артық емес) елді мекеннен тыс тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. Медициналық көрсетілімдер бойынша елді мекеннен тыс емделуге жолданған пациенттерге және олармен еріп баратын тұлғаларға (бір адамнан артық емес) мына төлемдер жасалады:

      1) темір жол және қала аралық автомобиль көлігімен жол жүргенде жолақының құны (екі жаққа);

      2) әуе көлігімен ұшқанда және темір жол көлігімен (ұйықтайтын вагон) жол жүргенде темір жол көлігінің жедел пойызының купе вагоны билетінің құнынан аспайтын көлемде жолақының құны ішінара өтеледі.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі растайтын құжаттарды (билеттер, жолдаманың көшірмелері, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмелері) ұсынған кезде пациенттердің және олармен еріп барған тұлғалардың жол жүру құнына ақы төлесін.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына облыстан тысқары емделуге бюджет қаражаты есебінен ақысыз жол жүруді ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/9 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтар "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды) күшін жойсын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      ХVІ сессиясының төрағасы А. Молдағұлов
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Бубенко