Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/98 "Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу турал

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/450 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 4274 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 10-11-318 ақпараттық хатының негізінде, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/98 "Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3310 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Клинчев
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев