"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 62 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 132 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 7781 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 62 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7551 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова