Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі IІ сессиясының "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2/22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 37/340 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 5777 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі ІІ сессиясының №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 21(10.382) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережесінде:

      17 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Шакиржанова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов