Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" ш

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 6135 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 07.02.2024 № 5 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 13 сәуірдегі № 14 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:

      6-тармақ келесі мазмұндағы 1-3), 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) 21 - 23 наурыз – Наурыз мейрамы;

      1-4) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;";

      9-тармақтың 7) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "адамның иммунитет тапшылығы (АИТВ) вирусы тудыратын ауру балалар;".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Хомутова
      Мәслихат хатшысы А. Әли