Теректі станциясының көшелеріне атау беру туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкімінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 5928 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және 14-1 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, Теректі станциясының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеңгір селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теректі станциясының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшені - "Байқоңыр" көшесі;

      атауы жоқ көшені - "Сарыарқа" көшесі;

      атауы жоқ көшені - "Наурыз" көшесі;

      атауы жоқ көшені - "Алтын орда" көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Кеңгір селосының әкімі К. Жанпеисов