Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 352 "Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 "Байғанин ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шеш

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 363 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 7373 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 79 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 12.11.2021 № 79 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 352 "Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 "Байғанин ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7210 тіркелген, 2020 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағында:

      "2018 жылғы 12 наурыздағы" сөздері "2016 жылғы 29 сәуірдегі" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Г. Елеуова
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев