Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 "Байғанин ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 352 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 7210 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 "Байғанин ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4913 тіркелген, 2016 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 1 тармаққа қазақ тілінде өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 25.08.2020 № 363 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Г. Елеуова
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев