"Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықты

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 530/71-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 1289 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      18-тармақтағы "50-тармағында" деген сандар мен cөз "50, 50-1-тармақтарында" деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын;

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. 25 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша:

      адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

      қатерлі ісіктер – қаланың медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға тиісті ауруы бойынша ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. 5 АЕК мөлшеріндегі тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа толған адамдарға;";

      51-тармақтағы "50" деген сандар "50, 50-1" деген сандармен ауыстырылсын;

      58-тармақтағы "он сегіз" деген сөздер "сексен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3 параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "§ 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға және тұрғын үйді газдандыруға әлеуметтік көмек";

      мынадай мазмұндағы 99-1, 99-2, 99-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "99-1. Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға жүргізіледі.

      99-2. Әлеуметтік көмектің көлемі 90 АЕК аспайтын газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      99-3. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге Қағиданың 98-тармағында көзделген құжаттарды қосып өтініш ұсынады.".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
З. Жүсіпова
     
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
М. Шайдаров