Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне толықтырулар енгізу тур

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 494/65-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 маусымда № 1270 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілді:

      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар;";

      52-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған отбасыларға (ата-аналардың біреуіне);".

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Табулдина
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы
М. Шайдаров