"Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына өзгерістер мен то

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 709 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 22058 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібінде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мынадай:

      1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;

      2) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;

      3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, бір елді мекен шегінде тіркелген бірге тұратын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысандарынан туындайтын міндеттермен байланысты отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын бірге тұратын адамдар ескеріледі.

      Бірге тұру фактісі:

      отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;

      мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы ұйымдардан басқа, интернат ұйымдарында оқитын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балаларға олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) талап етілмейді.

      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының құрамы тұрғын үй көмегіне өтініш берген сәтінде есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Есептік кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде келген отбасы мүшесінің табысы келген күнінен бастап есепке алынады. Есепті кезеңде отбасы мүшесі кеткен кезде отбасының (азаматтың) жиынтық табысы кеткен күнінен бастап отбасының кеткен мүшесіне келетін жан басына шаққандағы орташа табыс шегеріле отырып есептеледі.";

      23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) балаларын және басқа да асырауындағыларды асырап-бағудан жалтарған кезде:

      тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталатын спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына;

      сот шешімімен расталатын құмар ойындармен және бәс тігумен байланысты жиынтық табыс алиментті ескермей есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Ержанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі