БҰЙЫРАМЫН:
1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18558 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Порттар саласында:
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қоспағанда, кейіннен порттан шығып танкерге/танкерден құбырлар арқылы оларды ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) көрсетілетін қызметтер".
2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі