"Көмірсутек шикізатын, уран мен көмірді барлауға арналған үлгілік келісімшарттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 244 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 22022 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;

      3) багаж түбіртегі – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;

      4) багажды автомобиль – жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;

      5) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, тасымалдаушының мөрімен бекітілген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткені туралы белгілер қойылады;

      6) диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;

      7) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар;

      8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;

      9) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;

      10) қауіпті учаскелер – автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;

      11) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);

      12) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;

      13) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;

      14) маршрут схемасы – аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;

      15) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;

      16) рейс – маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;

      17) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары бойынша оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;

      18) такси тасымалы – жеке кәсіпкердің немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде автомобильге иелік ететін заңды тұлғаның жолаушылар мен багажды ақылы немесе жалға тасымалдау үшін көрсететін қызметі;

      19) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      20) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін бағдарламалық өнім;

      21) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;

      22) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы;

      23) үшінші жақ - жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім жасасқан тасымалдаушыны, ал жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық автомобильмен тасымалдау кезінде маршрутқа қызмет көрсетуге рұқсат алған тұлғаны қоспағандағы тұлға.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жергілікті атқарушы органдар трафиктің көлемін зерттеу үшін жаңа қалалық, қала маңындағы, ауданішілік және ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар ашқан кезде тұрақты маршруттардың сәйкес типінде қызмет көрсететін тасымалдаушыны анықтайды, бұл маршрут екі ай бойы қызмет етеді.

      Зерделеу нәтижесі бойынша 10 жұмыс күн ішінде маршрутты ашу немесе ашпай туралы шешім қабылданады.

      Ашылған жағдайда осы Қағидаға 154-тармаққа сәйкес мерзімде, осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына тиісті конкурс өткізу туралы жұмыс жүргізіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Кезектен тыс алдыңғы есік арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері пайдаланады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:

      1) "Тұрақты және тұрақты емес жолаушылар тасымалы үшін автокөлік қызметі" ҚР СТ 2273-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес автобустарда тұратын және отыратын орындар, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;

      2) шағын автобустарда тұратын және отыратын орындар оның паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемін жолаушы Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) беру немесе жүру үшін электрондық төлеу жүйесі арқылы жасайды.";

      42-1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-1. Жол жүру үшін электрондық төлеу жүйесі пайдаланылатын жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін тұрақты маршруттар бойынша жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) берусіз немесе электрондық төлем жүйесі, оның ішінде интернет және құрылғылар арқылы, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушылар легін талдау, шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындарына көлік жеңілдігін қамтамасыз ету негізінде, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалады.

      54. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттық желілерін салу мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;

      2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елді мекендерді қамтудың барынша мүмкіндігі;

      3) тасымалдаудың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерін төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс істеу үшін автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгісін (класын) пайдалану.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органнан маршрут бойынша растаған қозғалыс схемалары мен маршрут бойынша қозғалыс кестелерін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтерді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсатты (бұдан әрі - Рұқсат) (бұдан әрі - халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшін, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту үшін тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға тігілген, нөмірленген және өтініш берушінің жауапты тұлғасы қол қойған, сондай-ақ осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда мөрмен (болған жағдайда) расталған жеке папкаға ресімделген мына құжаттарды:

      1) тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шартты халықаралық қатыста жолаушыларды автобустармен, микраавтобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензиясы және шетелдік тасымалдаушымен лицензияға қосымшасы бар;

      2) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сақтандыру полисінің немесе шарттарының көшірмесін;

      3) жалға алынған автокөлік, жалға алынған автокөлік құралдары шарттарының көшірмелері кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көшірмелері қоса берілген, ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен маршрутта пайдаланылуы көзделетін жылжымалы құрам туралы мәліметтерді (автобустардың саны және үлгісі (класы) негізгі және резервке бөлумен;

      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) (бұдан әрі- – Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидалары)) және профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медициналық ұйыммен немесе медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;

      5) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтілу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттері мен мемлекеттердің шекаралары арқылы өткізу пункттері, автобустар қозғалысының жылдамдық режимі бойынша қашықтықтар көрсетілген қозғалыс кестелерін;

      6) автовокзалдар мекенжайын, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ автомобильдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің атаулары көрсетілген маршрут схемасын;

      7) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген тарифтің көрсеткішімен осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушылар тіркелген мемлекеттердің ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттері бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтерді.

      Осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдік тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлермен (болған жағдайда) расталған құжаттар төрт данада ұсынылады.

      Маршрут бойынша қозғалыс схемасы және қозғалыс кестесі, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді автомобиль көлігі саласында уәкілетті органың жауапты тұлғасының қолымен және мөрімен (рамка қалыңдығы 1миллиметрлі төртбұрыш формалы мөр, жоғары бөлігінде автомобиль көлігі саласында уәкілетті орган атауы, ортасында "Автобус бағыты бойынша қозғалысқа рұқсат берілді" деген сөз бар және астында растау мерзімі және "_________қолы" ) растайды.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтінім тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 92-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетін мемлекеттердің құзыретті органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 92-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтінішті жібереді.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Осы Қағидалардың 92-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмесі бір данада автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органда тізілім жүргізу үшін қалдырылады.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Автобустардың қозғалыс кестесіне қосымша өзгерістерді енгізгенде және келіскенде осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 92-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып еркін нысандағы өтінімді ұсынады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жол жүру құжаттарының (билеттердің) және багаж түбіртектерінің нысаны, сатылу тәртібі, сондай-ақ жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) және олардың құнын қайтару, сондай-ақ қолданылу мерзімі тәртібі мен шарттары";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Багажды қабылдау, сақтау және беру тәртібі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Комиссия бес адамнан тұрады: төраға және комиссияның мүшелері.";

      162-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететін) болуы;";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Осы Қағидалардың 10-қосымшасындағы нысанға сәйкес жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет ресурстарында Конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей:

      жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қаламаңы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына тиісті облыстардың және республикалық маңыз бар қалалардың және астананың аумағына тарайтын;

      жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарайтын баспасы басылымдары арқылы конкурсты өткізу туралы хабарландыру жариялайды.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Өтінімдерді қабылдау осы Қағидалардың 170-тармағында көзделген өтінімге тіркелген қосымша толық құжаттар пакеті болған кезде жүргізіледі. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеген кезде комиссия хатшысы беру күні мен уақытынан бастап 7 жұмыс сағатының ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, құжаттарды берген тұлғаны жазбаша хабарландырады.";

      176-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартының 8-тармағында көрсетілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген) (бұдан әрі - Шарт) шарттың елеулі шарттарын орындамау себебі бойынша тасымалдаушы соңғы алты ай ішінде осы маршрут бойынша мерзімнен бұрын шарттарды бұзса.";

      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Жекелеген лоттар бойынша Конкурс нәтижелерін сот жарамсыз деп таныған жағдайда, сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, Комиссия отырысы соттың күшін жойған лоттар бойынша бұрын берілген өтінімдер шеңберінде ғана өткізіледі.

      Комиссия отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия барлық мүшелері қол қояды және оны Төраға бекітеді.

      Егер комиссия мүшелерінің ерекше пікірі болса, ол жазбаша турде баяндалып, хаттамаға қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 183-1-тармақпен толықтырылсын:

      "183-1. Егер Байқау жарамсыз деп танылса, қайталама Конкурс оны таныған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Маршрутқа қызмет көрсету құқығына куәлік беру, тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі мен шарттары, оны беруден бас тарту шарттары мен негіздері, сондай-ақ нысаны";

      195-тармақ алып тасталсын;

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Жолаушыларды және багажды таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау";

      276-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер қозғалыс режимі жүргізушінің 12 сағаттан асатын жұмыс уақытының ұзақтығын көздесе, рейске екі жүргізуші жіберіледі.";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитариялық жай-күйіне, сыртқы безендірілуіне және жабдықталуына қойылатын талаптар";

      326-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "326. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, оған бөлек орын ұсынумен автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің болуы қажет.";

      329-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "329. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда, троллейбустарда мыналар болуы тиіс:

      1) ешқандай кедергісіз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есіктері мен авариялық люктер. Есіктерде өткір немесе олардың бетінен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиіс;

      2) жабық жай-күйде жүргізушінің кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуін толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

      3) берік бекітілген тұтқалар және отырғыштар;

      4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

      5) тегіс, шығыңқы жерлері немесе бекітілмеген бөлшектері жоқ баспалдақтары мен салонның едені.

      Салон еденінің жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиіс;

      6) шаңнан, кірден, бояудан және олар арқылы көруді төмендететін өзге де заттардан тазартылған терезелердің мөлдір шынылары;

      7) жылдың суық мезгілінде жылытылатын және ыстық мезгілінде желдетілетін, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібі";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Халықаралық және республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін, сондай-ақ таксимен тасымалдау кезінде жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін безендіру мен күтіп-ұстауға қойылатын талаптар";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтеріне қойылатын талаптар";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Ержанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 694 бұйрығына
1-қосымша
  Автомобиль көлігімен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      № _______ Жол парағы

      20____ жылғы __________________

      Жүргізуші _________________

      __________________

      ________________

Күні

АКҚ маркасы және тіркеу нөмірі

Шығу кезінде спидометр көрсеткіші

АКҚ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы және рейстен кейін медициналық куәландырудан өтуі туралы белгілер

Маршрут бойынша қозғалыс жағдайлары

АКҚ қабылдадым (жүргізушінің қолы)

Жүргізушінің шығуына рұқсат бердім (медициналық қызметкердің қолы)

АКҚ-ның шығуына рұқсат бердім (механиктің қолы)

      Жалғасы

Шығу уақыты

Қайтқан кездегі спидометр көрсеткіші

Қайту уақыты

АКҚ тапсырдым (жүргізушінің қолы)

Нақты

Кесте бойынша

Нақты

Кесте бойынша

      Ескерту: жол парағы қағаз жүзінде немесе электрондық құжат түрінде ресімделеді.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
20___ жылғы"___" ________
№ ____бұйрығына
2-қосымша
  Автомобиль көлігімен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

      Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

Р/с №

Көрсеткіш

Балдар саны

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі
30% кем

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан
60%-ға дейін

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60% астам

1*

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:



5 жылға дейін

+4

+8

+10


5 жылдан 9 жылға дейін

+3

+2

+1


9 жылдан 12 жылға дейін

+2

+1

+0,5


12 жылдан артық

0

0

0

1.1

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+1 (әр бірлік үшін)

1.2

Отандық өндірістегі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.3

Дайындаушы зауытпен жұмысқа бейімделген табиғи газбен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде
(қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.4

Жеке меншіктегі;
тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған автобустар, шағын автобустар болғанда

+1,5 (әр бірлік үшін)
+1 (әр бірлік үшін)


Тасымалдаушының автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудағы жұмыс өтілі (түрі бойынша конкурс өткізілу түрі бойынша):


2.

3 жылға дейін

+1


3 жылдан 8 жылға дейін

+3


8 жылдан астам

+5


Өндірістік-техникалық базаның болуы

жеке

жалға алынған

шарт негізінде қызмет көрсету


Өндірістік корпус





ТҚК кешені (аймақ, учаске)

+3

+0,7

+0,2


АЖ кешені:





посттар

+3

+0,7

+0,2


өндірістік учаскелер және цехтар

+3

+0,7

+0,2


Қойма үй-жайлары

+1

+0,5

+0,2


Автотұрақ, соның ішінде:




3.

ашық

+1,5

+0,7

+0,3


жабық

+2,5

+1

+0,5


Жинастыру-жуу кешені:





қолмен жуу;

+0,7

+0,5

+0,2


механикаландырылған жуу

+1

+0,7

+0,5


Бақылау-техникалық пункті

+0,7

+0,2

+0,1


Әкімшілік ғимарат (үй-жай)

+0,3

+0,1

0


Үй-жай немесе ішінде медпункт бөлмесі

+0,5

+0,3

+0,2


Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар

+0,3

+0,1

0

4.

Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:
резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды;

-2


резервті жылжымалы құрам бар

+2


Жолаушыларды тасымалдау жағдайын жақсартатын қосымша ұсыныстар:



жол үстінде бейне сүйемелдеу мүмкіндігі;

+0,5 (әр бірлік үшін)

5.

кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерді тасымалдауға өндірушіден ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы;

+1 (әр бірлік үшін)


тасымалдауды жүзеге асыруда автобуста нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы

+1 (әр бірлік үшін)

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

Р/с №

Көрсеткіш

Балдар саны

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 % кем

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 % астам

1*

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:



5 жылға дейін

+4

+8



5 жылдан 9 жылға дейін

+3

+2

+1


9 жылдан 12 жылға дейін

+2

+1

+0,5


12 жылдан астам

0

0

0

1.1

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+1 (әр бірлік үшін)

1.2

Отандық өндірістегі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.3

Дайындаушы зауытпен жұмысқа бейімделген табиғи газбен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.4

Жеке меншіктегі;
тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған автобустар, шағын автобустар болған кезде

+1,5 (әр бірлік үшін)
+1 (әр бірлік үшін)

2.

Тасымалдаушының автомобильмен жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты тасымалдаудағы жұмыс өтілі:



3 жылға дейін

+1


3 жылдан 8 жылға дейін

+3


8 жылдан астам

+5


Өндірістік-техникалық базаның болуы

жеке

жалға алынған

шарт негізінде қызмет көрсету


Өндірістік корпус:




3.

ТҚК кешені (аймақ, учаске);

+3

+0,7

+0,2


АЖ кешені:





посттар;

+3

+0,7

+0,2


өндірістік учаскелер және цехтар

+3

+0,7

+0,2


Қойма үй-жайлары

+2

+0,3

+0,1


Автотұрақ, соның ішінде:





ашық

+1,5

+0,7

+0,3


жабық

+2,5

+1

+0,5


Жинастыру-жуу кешені:





қолмен жуу;

+0,7

+0,5

+0,2


механикаландырылған жуу

+1

+0,7

+0,5


Бақылау-техникалық пункті

+0,7

+0,2

+0,1


Әкімшілік ғимарат (үй-жай)

+0,3

+0,1

0


Үй-жай немесе соның ішінде медпункт бөлмесі

+0,5

+0,3

+0,2


Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар

+0,3

+0,1

0


Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:


4.

резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды;

-2


резервті жылжымалы құрам бар

+2

5.

Жолаушылар тасымалдарын жақсарту үшін қосымша ұсыныстар: аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды хабарландыру тәсілі:



магниттік жазба арқылы;

+1 (әр бірлік үшін)


Автобустық дауыс зорайтқыш жабдық арқылы;

+0,7 (әр бірлік үшін)


кондуктор немесе жүргізуші хабарлайды;

+0,1 (әр бірлік үшін)


Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерді тасымалдауға өндірушіден ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы

+1 (әр бірлік үшін)


Тасымалдауды жүзеге асырған кезде автобуста (шағын автобуста) нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы

+1 (әр бірлік үшін)

      *Пайдалану мерзімі бойынша әр автобус (шағын автобус) бағаланады (резервті есептемегенде), балдар қосылып, автобустардың (шағын автобустардың) санына бөлінеді, яғни орташа балл шығарылады.