"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына өзгер

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 697 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22013 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12073 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      2) әуе кемелерінде орнатылған радиотарату аппаратурасын пайдалануға берілетін рұқсат –ұшу жарамдылығы нормаларына азаматтық әуе кемелерінде орнатылған уәкілетті ұйым берген құжат;

      3) әуе кемелерінің пайдалану құжаттамасы – техникалық қызмет көрсетілуі мен жөнделуін қоса алғанда, әуе кемелерінің ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдаланушылық шектеулерді қамтитын құжаттама;

      4) әуе кемесінің, қозғалтқыштардың және негізгі агрегаттарының формуляры – авиациялық техниканың атқарымын (күнтізбелік ресурсы, сағаттық ресурсы, қонулар бойынша ресурсы) және оның техникалық жай-күйін есепке алуға арналған негізгі құжаттар;

      5) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты – уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      6) өтініш – өтініш берушінің уәкілетті ұйымға ұшуға жарамдылық сертификатын, экспорттық сертификатты, шуыл бойынша сертификатты, арнайы ұшуға берілетін рұқсатты (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты), радиотарату аппаратурасын пайдалануға берілетін рұқсатты және сертификатты тану туралы шешімді алу үшін өтініш беруі;

      7) өтініш беруші – ұшуға жарамдылығы сертификатын, ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, шуыл бойынша сертификатын, арнайы ұшуға арналған рұқсатты (ұшу жарамдылығының арнайы сертификатын), радиохабар тарататын аппаратураға рұқсат пен сертификатты тану туралы шешімді алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

      8) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін оның техникалық жай-күйі;

      9) ұшуға жарамдылығы директивасы – жай-күйі қауіпсіз емес болып табылатын немесе осындай жай-күй сол үлгідегі конструкцияның басқа да бұйымдарында орын алуы мүмкін, не дамуы мүмкін және қабылдануы тиіс түзету іс-қимылдарын, не осындай бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін шарттарды немесе шектеулерді ұйғаратын, авиациялық бұйымды айқындайтын құжат;

      10) ұшу жарамдылығының нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелері мен олардың құрауыштарының құрастырмаларына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын талаптар;

      11) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты – Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған, экспортқа арналған әуе кемесіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген құжат;

      12) ұшу жарамдылығы сертификатының күшін тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық әуе кемесінің ИКАО стандарттары мен талаптарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген белгіленген үлгідегі құжат;

      13) үлгі сертификаты – азаматтық әуе кемесі типі конструкциясының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;

      14) шуыл бойынша сертификат – уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген, азаматтық әуе кемесінің жергілікті өңірдегі шуылы бойынша сәйкестігін куәландыратын құжат;

      15) RNAV (Area navіgatіon) – аймақтық навигация;

      16) Cat. ІІІ (CATEGORY) – шектеулі көріну жағдайы;

      17) MNPS (mіnіmum navіgatіon performance specіfіcatіon) – навигациялық жабдық ерекшеліктеріне қойылатын ең төменгі талаптар.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын анықтау (бұдан әрі – тексеру актісі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында баяндалған.

      Портал арқылы өтініш берген кезде өтінім берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады".

      Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық зерттеп-қарау үшін төленген алым сомалары уәкілетті ұйым жүзеге асыру үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді жасамау фактісін растаған жағдайда артық төленген деп танылады.

      Осы Қағидаларда айқындалған мерзімде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырмау уәкілетті ұйымның іс-қимыл жасамауы болып табылады.";

      8-1, 9, 9-1 және 9-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Құжаттарды қарау мерзімі және ұшу жарамдылығы сертификатын беру 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған не оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін өтініш беруші сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.

      9. Өтінім беруші порталға Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары), Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.

      9-1. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, сертификаттау рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар қамтитын еркін нысандағы хабарлама жіберіледі.

      9-2. Нұсқаулық материалды пайдалана отырып (сертификаттық тексеру бағдарламасына сәйкес) пайдалану құжаттамасын тексеру және әуе кемесін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) жасайды.

      Оң бағалау актісінің негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын не Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      2-2-қосымша алынып тасталсын;

      3-2-қосымша осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      9-1-қосымша осы бұйрыққа 3 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Ержанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 697 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын
беру қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан

"Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

портал

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не көрсетілетін қызметті алушы оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын ұзарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны; электронды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санаты және салмағына (ең жоғары сертификатталған ұшу массасы) байланысты мыналарды құрайды:
1) ұшақтың ұшу жарамдылығы үшін:
136 000 килограмнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 450 айлық есептік көрсеткіш;
75 000 килограмнан астам 136 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;
3 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;
4 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 401 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 10 000 килограмнан астам 30 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 291 айлық есептік көрсеткіш;
3 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, қоса алғанда 30 000 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;
4 қозғалтқышы бар 10 000 килограмнан астам 30 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;
5 700 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2) тікұшақтың ұшуға жарамдылығы үшін:
10 000 килограмнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 5 000 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 91 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 5 000 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 127 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 3 180 килограмнан астам 5 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 3 180 килограмнан астам 5 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;
Алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталда:
1) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алғашқы алу үшін:
өтінім;
көрсетілетін қызметті берушіде өтінімді тіркеген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
үлгі сертификатының немесе оған балама құжаттың шет мемлекеттің, әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын және қызмет беруші деп танылған электронды көшірмесі;
әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәлімет;
бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электронды көшірмесі;
әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттың электронды көшірмесі (қайта жабдықтау кезінде);
жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын дайындаушы зауыт сертификатының электронды көшірмесі;
Уәкілетті ұйым бекіткен алдыңғы пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшуі бойынша қосымша жұмыс көлемі туралы құжаттың электронды көшірмесі;
орталықтандыру және тиеу деректерін көрсете отырып, қолданыстағы құрастыруда әуе кемесін өлшеу жөніндегі деректердің электронды көшірмесі;
үлгі конструкцияға жауапты ұйым жасаған ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің электронды көшірмесі;
ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электронды көшірмесі;
өтінім уәкілетті ұйымда тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұшу жарамдылығы директивалары, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдері, ресурстары шектеулі агрегаттар, орындалған модификациялар мәртебелерінің электронды көшірмесі;
ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндаманың электронды көшірмесі;
барлық борттық тұтынушыларды ескере отырып, электрмен жабдықтау жүйесіндегі жүктемелерді талдау материалдарының электронды көшірмесі;
RNAV, MNPS және Cat. III бойынша әуе кемесінің рұқсатын растайтын құжаттардың электронды көшірмесі.
2) бұрын ұшу жарамдылығы сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін:
өтінім;
әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәлімет;
ұшу жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың электронды көшірмесі;
3) бекітілген үлгі конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін:
өтінім;
техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттардың және қабылдау-тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15663 болып тіркелген) Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдалығы туралы бағалау актісінің электронды көшірмесі;
әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәлімет;
әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
модификацияның қолданылуы көрсетілген дана сертификатының электронды көшірмесі;
бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электронды көшірмесі (бастапқы беру кезінде);
ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқауда (бастапқы беру кезінде) ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің электронды көшірмесі.
4) азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын ұзарту үшін:
өтінім;
әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдау тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
ұшу жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына, Заңның немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлігі www.miid.gov.kz "Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі";
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 697 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын беру
қағидаларына
3-2-қосымша
  Нысан

"Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары)

портал

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

портал арқылы жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды(толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс істеу кестесі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Өтінім

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлігі www.miid.gov.kz "Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі";
Көрсетілетін қызметті алушының мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету; порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 697 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын беру
қағидаларына
9-1-қосымша
  Нысан

"Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары)

портал

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс істеу кестесі

1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Өтінім және азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтер

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлігі www.miid.gov.kz "Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
Көрсетілетін қызметті алушының мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.