2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
340-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"340. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен үзінді-көшірмені алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.
Төреліктерде соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеу шеңберінде түскен шетел валютасын қайта айырбастау міндетті болып табылмайды.
Шетел валютасында түскен бағдарламалық сыртқы қарыздардың қаражатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасындағы банк шотына түскен күннен бастап алты ай ішінде тиісті бюджетке қайта айырбастайды.";
723-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"723. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесін Бюджет кодексінің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындайтын, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру жөніндегі ұйым, және мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерін қоспағанда мемлекеттік кепілдік қарыз берушіге қарыз шартын, мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісімді жасасқаннан, облигациялар шығарылымынан кейін, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы болған кезде қарыз алушының мемлекеттік кепілдікті бергені үшін алдын ала біржолғы төлемді (алымды) төлегенінен кейін беріледі.";
724-тармақтың 1) тармақшасы д) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"д) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесі осы Ереженің 723-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін жобаларды, немесе Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңнамаға сәйкес азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 216-бабының 3) тармақшасына сәйкес белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуын.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі