"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 589 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қарашада № 21612 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      6-тармақтың 5) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      9-2 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2. Өтініш беруші Стандарттың 8-тармағымен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      10. Өтініш беруші Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, ұсынылған құжаттар Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне тексеріледі, оның нәтижелері бойынша порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сертификаттық тексерудің кезеңі мен тексеру үшін тағайындалған авиациялық инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, сертификаттық тексеру жүргізу туралы хабарлама жіберіледі. Сертификаттау рәсімінде өзгерістер болған жағдайда тексеру басталғанға дейін өтініш берушіге "жеке кабинет" қосымша ақпарат жіберіледі.";

      16 және 17-тармақтар мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. 2-санаттағы сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген кезде уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою бойынша 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық тексеру нәтижелерімен танысқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға бекітуге ұсынады;

      2) анықталған сәйкессіздікті жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен бірге пысықтауға қайтарады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым ұзартады.

      Өтініш беруші осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзімде түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым сертификат беруден бас тартады.

      Түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспары себептерді жою және сәйкессіздіктің қайталануын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды қамтиды.

      17. Уәкілетті ұйым қайта тексеру жүргізу жолымен ұсынылған түзету іс-қимылдарының жоспарына сәйкес өтініш берушінің сәйкессіздіктерін жоюына бақылауды жүзеге асырады.

      Егер өтініш беруші түзету әрекеттерін белгіленген мерзімде орындамаса, 2-санаттағы сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі 3-санаттағы сертификаттық талаптарға сәйкес келмейді және уәкілетті ұйым бұрын берілген сертификатты кері қайтарып алады не шектейді.

      1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді. Сәйкессіздік деректері мынадай жоспарлы инспекцияға немесе сертификаттауға дейін жойылады.";

      17-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-2. Өтініш беруші осы Қағидалардың 9-2-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту себептерін жойған жағдайда, өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтініш бере алады.";

      23-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      30-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Шетелдік ұйымдардың сертификаттарын тану мынадай жұмыс түрлерін орындау кезінде талап етіледі:

      1) әуе кемелеріне мерзімді техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      2) тұрақты негізде шарттар жасасу кезінде әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету;

      3) әуе кемелерінің қозғалтқыштарын, қосалқы күш қондырғыларын модификациялау және жөндеу.";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Сертификатты тану туралы шешімді алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға/тануға арналған өтінімді (бұдан әрі – тануға арналған өтінім) жібереді.

      Тануға арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) шетелдік ұйым сертификатының көшірмесі;

      2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру рәсімдері жөніндегі нұсқаулық қазақ не орыс немесе ағылшын тілдерінде.

      35. Ұсынылған құжаттарды қарау процесінде Уәкілетті ұйым осы ұйымды сертификаттауды жүзеге асырған шет мемлекеттің авиациялық әкімшілігі берген шетелдік ұйым сертификатының жарамдылығымен куәландырылады, сондай-ақ шетелдік ұйымның уәкілетті ұйымының авиациялық инспекторының (инспекторларының) сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан көшпелі тексеру жүргізеді.

      Шетелдік ұйымдарды көшпелі тексеру мынадай жағдайларда талап етілмейді:

      1) әуе кемелерінің қозғалтқыштарын, қосалқы күштік қондырғыларын модификациялау және жөндеу кезінде;

      2) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Сертификатты тану туралы шешім ұсынылған құжаттар және жүргізілген сертификаттық тексеру негізінде беріледі. Уәкілетті ұйым тануға өтінімді алған сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде сертификатты тану туралы шешімді беруді немесе беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асырады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 589 бұйрығына
1-қосымша
  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет
көрсету және оны жөндеу
жөніндегі ұйымды
сертификаттау және
сертификат беру қағидаларына
1-қосымша

Таңба Уәкілетті ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымының атауы, адресі, телефоны, e-mail, Интернет адресі

Наименование уполномоченной организацией в сфере гражданской авиации Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес

Name of Civil Aviation Authorized Organization Republic of Kazakhstan Address, telefone, e-mail, the Internet address

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты Сертификат организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники Certificate of Aircraft Maintenance Organization № ______

20__ ж "__" _____берілді.
Выдан "__" ___ 20__ г.
Date of issue "__" ___ 20__

Қолданылу мерзімі
20__жылғы
"__"___ дейін
Срок действия до "__"
__ 20__ г.
Valid till "__" __ 20__

Ұйымның атауы:
Наименование организации:
Name of Organization:


Заңды мекенжайы:
Юридический адрес:
Legal address:


Өндірістік қызмет орны:
Место производственной деятельности:
Place of production:


      Осы Сертификат авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым сертификаттау талаптарына және техникалық қызмет көрсететін ұйымның қызметі жөніндегі нұсқауына сәйкес келетінін куәландырады.

      Сертификатты Сертификаттық тексеру актісінің негізінде

      ____________________________________________________________________ берді.

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы)

      20____жылғы "___" ___________ № _______

      Инспекциялық бақылауды ____________________________________ жүзеге асырады.

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы)

      Настоящий сертификат удостоверяет, что организация по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники соответствует сертификационным требованиям и соблюдает процедуры Руководства по процедурам организации технического обслуживания и ремонту авиационной техники.

      Сертификат выдан на основании акта сертификационного обследования

      ________________________________________ от "__"______ 20__ г. № ___

      (наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации)

      Инспекционный контроль осуществляет

      __________________________________________________________________

      (наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации)

      This certificate confirms that the organization for maintenance and repair of aircraft meets the certification requirements and follows the procedures Manual for the procedures for the organization of maintenance and repair of the aviation equipment.

      The certificate was issued in accordance with inspection act

      ____________________________________________________ Date of issue "__" ___ 20__

      (Name of Civil Aviation Authorized Organization Republic of Kazakhstan)

      Inspection control exercises

      ____________________________________________________

      (Name of Civil Aviation Authorized Organization Republic of Kazakhstan)

      Уәкілетті ұйымың қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы Служащий уполномоченной организации либо лицо, им уполномоченное Employee authorized organization or Employee authorized by him

  Авиациялық техникаға
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымның сертификатына
қосымша
№ _______

Сертификаттың қолданылу аясы

Класс/Class

Рұқсат беру /Rating

Шектеулер / Limitation

Мерзімді техникалық жұмыстар /Line maintenance

Жедел техникалық жұмыстар /Base maintenance

Категория

Авиациялық техника түрі немесе жұмыс түрі


Әуе кемелері / Aircraft






Авиациялық қозғалтқыштар / Engines




Қадамдық авиациялық қозғалтқыштарды және жиынтықтағы қосалқы күштік қондырғыны қоспағанда, компоненттер /Components other than complete engines are APUs

Американың әуе көлігі қауымдастығының коды /ATA Cods

Арнайы жұмыс түрлері / Specialised Services




      Сертификаттың қолданылу саласы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі бекітілген басшылыққа сәйкес техникалық қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыстардың көлемімен шектеледі.

      Certificate scope is limited to the work scope in accordance with the approved Maintenance organization exposition Руководство по процедурам организации по техническому обслуживанием и ремонту авиационной техники/ Maintenance organisation exposition Ссылочный номер/ Reference number Дата и номер изменения/ Date & revision number

      Уәкілетті ұйымның қызметшісі не ол уәкілеттік берген тұлға

      Employee authorized organization or Employee authorized bym

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 589 бұйрығына
2-қосымша
  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
сертификат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға/тануға өтінім Application for receipt / recognition of a Certificate of an Organization for maintenance and repair of Civil Aviation Aircraft

      1. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атауы /

      2. Name of the Organization (MRO): __________________________________

      3. Ұйымның тіркеу орны және тіркеу нөмірі (шифр)/

      4. Place of registration of the Organization and registration number (code): ____________

      5. Өндірістік базаның орналасқан жері /

      6. Location of the Base: __________________________________

      7. Пошталық мекенжайы / Postal address: __________________________________

      8. Телефон/

      Phone: __________________________________

      9. Телеграф/

      10. Telegraph: __________________________________

      11. Факс/

      12. Fax: __________________________________

      13. Есеп айырысу шоты /

      Payment account: __________________________________

      14. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/

      15. Business identification number (BIN): __________________________________

      16. Электрондық мекен-жайы /

      e-mail: __________________________________

      17. Өтінім беру себебі (қажеттісінің астын сызу)/

      Reason for submitting the application (underline):

      ● АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын алуға бастапқы өтінім /Initial Application for the Certificate of the Organization (MRO);

      ● АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыстар түрлерінің (кешендерінің) тізбесін толықтыру /Addition to the list of work types (complex) of MRO;

      ● авиациялық техника типтерінің тізбесін толықтыру /Addition to the list of types of Aircraft;

      ● кезекті мерзімге сертификаттау /Certification for the next term;

      ● АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын қайтарып алғаннан/жойғаннан кейін сертификаттау /Certification after revocation/cancellation of the Certificate of the MRO;

      ● АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның негізгі деректерін өзгерту / Change of the main data of the Organization (MRO);

      ● басқа да себептер / other reasons (specify).

      18. Өтінімнің мазмұны/The content of the Application.

      Мен, төменде қол қойғанмын,

      __________________________________________________________________________

      (Ұйым басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

      бекітілген Жарғы (Ереже) негізінде

      (тіркелген) __________________ (күні) __________________

      техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізуді және

      мынадай авиациялық техниканы орындау құқығына

      төменде көрсетілген қызмет нысандары/I, the undersigned,

      __________________________________________________________________________

      (Surname Name Patronymic of the Accountable Manager (if any) of the Organization (MRO))

      acting on the basis of the Charter (Regulation) approved

      (registered) __________________ (date) __________________

      kindly requesting to certify the organization for maintenance and

      repair of Aircraft for the right to perform the following scope of work:

Класс/Class

Рұқсат беру /Rating

Шектеулер / Limitations

Мерзімді техникалық жұмыстар /Base maintenance

Жедел техникалық жұмыстар /Line maintenance

Категория/ Category

Авиациялық техника түрі немесе жұмыс түрі /Type of Aircraft or type of work




Әуе кемелері /Aircraft






Авиациялық қозғалтқыштар /Engines




Қадамдық авиациялық қозғалтқыштарды және жиынтықтағы қосымша қуатты қондырғыны қоспағанда, бөлшектелген компоненттер /Components other than engines and APU

Американың әуе көлігі қауымдастығының коды /ATA Codes

Арнайы жұмыс түрлері / Specialised Services




      19. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын таниды және орындауға міндеттенеді / The applicant recognizes and undertakes to comply with the requirements of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of use of air space and aviation activities.

      20. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуге жауапты Басшы құрам / Management team responsible for the maintenance of Aircraft:

Лауазымы / Position

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)/ Surname Name Patronymic (if any)

Қолы / Signature

АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы / Accountable Manager of the Organization (MRO)



Сапаны бақылау (кепілдік) бөлімшесінің басшысы / Quality Manager of the Organization (MRO)