"Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзге

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21587 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа:

      8-тармақ 1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген).";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 26-тармақшасына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкес келуіне қорытындыны және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді қоспағанда қорытындылар мен рұқсаттар береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы лицензиялар мен рұқсаттарды беру үшін ұсынылған құжаттарды тексеру барысында АҚҚАБ қызметкері жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың қару мен оның патрондарына рұқсаты бар қызметкерлерін ІІО-ның криминалдық полиция, ақпараттандыру және байланыс (бұдан әрі – АжБ) бөліністерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) және Бас прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша есептері бойынша соттылығының және Заңның 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ӘҚБК баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарының бар-жоғы, сондай-ақ ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мәніне тексереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. АҚҚАБ қызметкеріне ІІО ғимаратында телефон байланысымен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай бөлінеді.";

      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қару алуға құқығы бар субъектілер ұсынған (мемлекеттік органдар, қызметтік қару ұстау мен сақтау құқығы берілген лауазымды адамдар, ерекше жарғылық міндетке ие заңды тұлғалар, аң шаруашылығы ұйымдары, спорттық ұйымдар және білім беру ұйымдары) қару және оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтерді тексереді, олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес қызметтік ойық, тегіс ұңғылы, ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды және электрлік қаруға екі данада ресімделеді;";

      21-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      21-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;

      21-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезіндегі отшашулар, фейрверктер) сатып алуға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 133 бұйрық);

      № 133 бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезіндегі отшашулар, фейрверктер) сақтауға;";

      24-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      29-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      30-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген рұқсаттарды АҚҚАБ қызметкерлері "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) талаптарына сәйкес "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта береді.";

      34-тармақ алып тасталсын;

      36-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Қару иесінің тұрғылықты мекенжайын анықтау мүмкін болмаған жағдайда АҚҚАБ қызметкері ІІО АжБ-ға Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ "Криминалдық қару" есебіне "иесінің мекенжайын анықтау" санаты бойынша есепке қою үшін қаруға толтырылған ақпараттық-іздестіру картасын ілеспе хатпен жолдайды. ІІМ БДБ "Криминалдық қару" есебіне қойғаннан кейін қару "Тіркелген қару" есебінен алынады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Бақылау функцияларын орындау шеңберінде АжБ қызметкері бір жылдан аса ІІО-да қайта тіркеуден өтпеген азаматтық және қызметтік қаруды анықтау мақсатында ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне талдау жүргізуді жүзеге асырады. Анықталған қару туралы ақпарат ІІО бастығына ұсынылады.";

      50-ші және 51-тармақтары алып тасталсын;

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. ЕЛ МДБ АЖ арқылы берілген лицензиялар, қорытындылар, рұқсаттар А-4 форматтағы қағазға басылып, жеке және заңды тұлғалардың бақылау істеріне тігіледі.";

      54-тармақ алып тасталсын;

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Қаруды жойғаннан немесе басқа адамға қайта тіркегеннен кейін азаматтық қару иелерінің жеке істерін құрамына АҚҚАБ қызметкері, оның тікелей басшысы және ІІО іс жүргізуші кіретін комиссия жояды.

      Жойылуға жататын жеке істер осы Нұсқаулыққа 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған азаматтық қару иелерінің жеке істерін жою актісіне енгізіледі.

      ПД, Көліктегі ПД, ҚАІІБ, ЖІІБ ӘПБ АҚҚАБ бөліністерінің қызметкерлері көші-қон, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, АжБ бөліністерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, ІІМ БДБ "Криминалдық қару" есебінде "мекенжайы анықталмаған" санаты бойынша есепте тұрған азаматтық қару иелерін іздеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне бекітілген ІІД АжБ қызметкерлері ұдайы негізде азаматтық қару иелерін бастамашыл сәйкестіктер шеңберінде қолданыстағы ІІМ БДБ криминалдық есептері, ҚСжАЕК, сондай-ақ "ЖТ" МДБ (қайтыс болу мәніне) бойынша тексереді.";

      Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшасы алып тасталсын;

      Осы Нұсқаулыққа 6, 7, 8 және 9-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев