"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 313 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 586 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21571 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 313 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11586 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 85-1-жолмен толықтырылсын:

      "

85-1.

Метрштоктар мен рулеткаларды орнату және салыстырып тексеруге арналған үстел

ж-қ

2

10

ӨБҚ

ӨТБ

өлшеу диапазоны 1– 5 м дейін

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 155-1-жолмен толықтырылсын:

      "

155-1.

Цифрлық манометрлер

дана

3

10

ӨБҚ

ӨТБ

0 – 600 кгс/см2 дейін

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 159-1-жолмен толықтырылсын:

      "

159-1.

Цифрлық вакуумметрлер

дана

3

10

ӨБҚ

ӨТБ

-1 – 0 кгс/см2 дейін

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 253-1-жолмен толықтырылсын:

      "

253-1.

Цифрлық мультиметрлер

ж-қ

11

10

ӨБҚ

ӨТБ

U: 1 мкВ – 1 кВ;
I: 0,1 нА – 20 А;
R: 0,1 Ом – 500 МOм;
f: 10 мГц – 1 МГц;
С: 0,01 пФ – 100 мФ

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-1-жолмен толықтырылсын:

      "

268-1.

Секундомерлерді салыстырып тексеруге арналған қондырғы

ж-қ

3

10

ӨБҚ

ӨТБ

2×10-4 – 4×105 с

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 478-1, 478-2 және 478-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

478-1.

Цифрлық вольтметр

дана

11

10

ӨБҚ

ӨТБ

U: 1 мкВ – 1 кВ;
I: 0,1 нА – 20 А;
R: 0,1 Ом – 500 МOм;
f: 10 мГц – 1 МГц;
С: 0,01 пФ – 100 мФ

478-2.

Цифрлық осциллограф

ж-қ

8

10

ӨБҚ

ӨТБ

F: 0 – 300 МГц дейін

478-3.

Әлсіреуді өлшеуге арналған қондырғы

ж-қ

5

10

ӨБҚ

ӨТБ

0,1 – 37500 МГц дейін

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 490-1, 490-2, 490-3, 490-4, 490-5 және 490-6-жолдармен толықтырылсын:

      "

490-1.

Психометриялық гигрометрлер

ж-қ

15

10

Базаның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету

ӨТБ

температураны өлшеу: 5 – 25 0С-қа дейін, ылғалдылықты өлшеу: 20 – 90%-ға дейін

490-2.

Психометриялық гигрометрлер

ж-қ

3

10

Базаның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету

ӨТБ

температураны өлшеу: 15 – 40 0С, ылғалдылықты өлшеу:
20 – 90 %-ға дейін

490-3.

Ультрадыбысты дефектоскоп

ж-қ

3

10

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ӨТБ

0,5 – 15,0 МГц дейін 0 – 100 дБ дейін

490-4.

Жерге түйістіру кедергісін өлшегіш

ж-қ

2

10

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ӨТБ

0,1- ден 1000 Ом дейін

490-5.

Ультрадыбыстық қалыңдықты өлшегіш

ж-қ

1

10

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ӨТБ

өлшеу диапазоны 0,7-ден 300 мм дейін

490-6.

Механикалық рулетка

дана

2

10

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ӨТБ

Номиналды шәкілдің ұзындығы 50 м

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "___" ____________