"Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу тура

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21539 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13943 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі