Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.06.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 12619 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – іріктеуді ұйымдастырушы) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұлттық басымдықтар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аумақтық кластердің басым секторлар жиынтығына сәйкестігін бағалау;"
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім ______________________________________________________ (компания, өңір, сала атауы)
аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар пакетімен қоса осы өтінімді жібереді.
Қосымша:
1._______________
2._______________
3._______________
________________________ |
________________________ |
Қабылдады: |
Қолы: _______________, № ______, |