Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 141/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қазанда № 21474 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 75) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 43 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10374 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 18 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 қазаны
№ ҚР ДСМ - 141/2020
бұйрығына қосымша

Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 75-тармағына сәйкес әзірленді және иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін (бұдан әрі – биологиялық материал) алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалын алуды, сақтауды және пайдалануды денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым жүзеге асырады.

      3. Биологиялық материал мынадай иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардан:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген радиациялық апатты жою кезінде белгіленген мөлшерден артық сәуле алған адамдардан;

      иондаушы сәулелендіру көздерінен, осы сәулеленумен байланысты аурулары бар персонал мен адамдар үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мөлшерлік шектеуден артық сәулеленудің тиімді мөлшерін алғандардан;

      1949 - 1965 жылдар аралығында әуедегі және жердегі ядролық жарылыстарды жүргізу кезінде радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе қызметін (оның ішінде мерзімді) өтеген адамдардан;

      1966 - 1990 жылдар аралығында жер асты ядролық жарылыстарын жүргізу кезінде радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе қызметін (оның ішінде мерзімді) өтеген адамдардан;

      иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың балалары мен барлық кейінгі ұрпақтарынан алынады.

2-тарау. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдарданбиологиялық материал алу

      4. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардан биологиялық материал алу олардың ерікті түрде хабардар етілген келісімі болғанда және алдыңғы үш ай ішінде қан препараттарын құю және рентгендік зерттеулер жүргізілмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Биологиялық материал алуды емдік-диагностикалық манипуляциялар жүргізу (биопсиялық материалды алу, онкологиялық аурулар бойынша операция жасау) кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді.

      6. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 84) тармақшасына сәйкес бекітілген Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу,қайта сапасын бақылау, сақтау, өткізу қағидаларына сәйкес көктамырдан қан алынады.

      7. Биологиялықматериалдыалукезінде оны таңбалаужүргізіледі.

      8. Биологиялық материалды алу кезінде мынадай ақпараттан тұратын ілеспе құжаттар толтырылады: зерттелуші адамның төлқұжат деректері, тұрғылықты жері, биологиялық материал алынған күн, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер (басынан өткізген аурулар, созылмалы және қатерлі аурулардың болуы, рентгендік зерттеулерінен өткені, дәрілік препараттарды ішкені, ішімдікке салынуы туралы деректер), жақын-туыстарының денсаулық жағдайы туралы ақпарат (басынан өткізген аурулардың анамнезі, қатерлі жаңа өскіндердің, созылмалы аурулардың болуы).

      9. Биологиялық материал үлгілерінсақтауорнынадейінтасымалдау Цельсий бойынша +4-тен +6 градусқа дейінгі температуралық режим сақтала отырып, жүзеге асырылады.

3-тарау. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардыңбиологиялық материалын сақтау және пайдалану

      10. Биологиялық материал денсаулықсақтауұйымындасақталады.

      11. Қан үлгілерін және тіндердің үлгілері салынған балауыз блоктарды сақтау Цельций бойынша +5-тен +22 градусқа дейінгі температуралық режим сақталатын жеке үй-жайларда жүзеге асырылады.

      12. Қан үлгілері мұздатудың және жасушалық материалды сақтаудың автоматтандырылған жүйесінде сұйық азотта немесе Цельсий бойынша -135-тен -196 градусқа дейінгі температуралық режим сақталатын терең қатырылатын тоңазытқыш қондырғыларда сақталады.

      13. Әрбір қан үлгісі арнайы сауыттарда – криотүтіктерде немесе криоқұтыларда сақталады.

      14. Сақтауға арналған сыйымдылық азоттың деңгейін және оның толу уақытын бақылауға мүмкіндік беретін автоматты дабыл жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      15. Биологиялық материал үлгілерін сақтауға арналған арнайы жабдыққа қызмет көрсетуді осы жабдықпен жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлер жүзеге асырады.

      16. Биологиялық материалды сақтау кезінде температуралық режимге тұрақты бақылау жүргізіледі.

      17. Электр жабдығы жарамды жағдайда болады, жеке үй-жайда орналасады және үздіксіз, резервтік қоректендірумен қамтамасыз етіледі.

      18. Биологиялық материал туралы мәліметтер биологиялық материалды сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының базасында құрылатын электрондық дерекқорға енгізілуі тиіс. Сақтауға берілген биологиялық материалға мынадай ақпарат көрсетілген сәйкестендіру коды тағайындалады: зерттелуші адамның төлқұжат деректері, тұрақты тұрғылықты жері, биологиялық материалдың түрі, биологиялық материалды алу күні.

      19. Биологиялық материалдың электрондық дерекқоры иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалының тіркелімі түрінде ресімделеді.

      20. Биологиялық материалды алу үшін биологиялық материалды сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымына мынадай құжаттар ұсынылады:

      биологиялық материал үлгісінің мөлшері және зерттеу мерзімі көрсетілген өтініш;

      өтініштер келіп түскен күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде қаралады.

      Биологиялық материалды сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы биологиялық үлгіні беру туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Биоматериалды беру биологиялық материалды сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы шешім қабылдаған кезден бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      21. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалын қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігі ресми танылған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің тек ғылыми мақсаттарда ғана пайдалануына жол беріледі.

      22. Зерттеу аяқталғаннан кейін зерттеу жүргізген ғылыми ұйым немесе зерттеуді жүргізген зерттеуші биологиялық материалды берген денсаулық сақтау ұйымының басшысына:

      зерттеу барысында пайдаланылмаған биологиялық материалдың үлгілерін;

      биологиялық материалдың әрбір үлгісін зерттеу туралы есепті ұсынады.