БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалар шеңберінде халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы арқылы субсидиялар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес 2017 - 2018 жылдары берілген ипотекалық қарыздар бойынша көзделеді.";
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қаржы агенті - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4.Осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін банктік қарыз шартының негізінде ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарыз алушылар субсидия алушы болып табылады.";
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1.Субсидиялар қаржы агенті арқылы жіберіледі,оның көрсеткен қызметіне ақы тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Түпкілікті қарыз алушыларға аударылатын субсидиялардан жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын ескере отырып, тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.";
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қарыз алушыларға ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.".
33. Қаржы агентіне қаражат аударуды уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған қаржыландырудың жеке жоспарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агентінің арнайы шотындағы шартқа сәйкес жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі