"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 қазаны № 442 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" және "Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 681 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12839 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 28 наурызда жарияланған);
2) "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" және "Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 25 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13129 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 28 наурызда жарияланған);
3) "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" және "Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 681 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 289 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17217 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 шілдеде жарияланған).