Сәйкестік туралы декларация нысанын бекіту, ресімдеу және тіркеу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 224-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21450 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 29.06.2021 № 433-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларация нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу және тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 14 қазаны
№ 224-НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Нысан

Сәйкестік туралы декларация нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ


ҚСД №
СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ
Ұйымы (1)
тұлғасында (2)
өнімнің тек қана өзінің жауапкершілігімен (3)
талаптарға сәйкес келетінін мәлімдейді (4)
Сәйкестік туралы декларация негізінде қабылданды (5)
Декларацияны қабылдау күні 20__ ж. "___" _________ (6)
Сәйкестік туралы декларация 20__ ж. "___" _________ дейін жарамды (7)
Ұйым басшысы немесе
жеке кәсіпкер _____________ _____________ (8)
қолы аты-жөні, тегі
М.О. (болған жағдайда)
Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы мәліметтер (9)
Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға _____________ ________________ (10)
қолы аты-жөні, тегі
М.О. (болған жағдайда)

Сәйкестік туралы декларацияға қосымшаның нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
КССП №
Сәйкестік туралы декларацияға қосымша
№__________________
Сәйкестік туралы декларацияның күші қолданылатын нақты өнімнің тізбесі
ЕАЭО СЭҚ ТН Өнімнің атауы, дайындаушы Өнім шығарылатын құжаттаманы белгілеу
 
Ұйым басшысы немесе жеке кәсіпкер _____________ _____________ (8)
қолы аты-жөні, тегі
М.О. (болған жағдайда)
Сәйкестікті растау жөніндегі органның
басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға _____________ ________________ (10)
қолы аты-жөні, тегі
М.О. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 14 қазаны
№ 224-НҚ Бұйрыққа
2-қосымша

Сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу және тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу және тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде өнімнің сәйкестігін растау рәсімі кезінде қолданылатын сәйкестік туралы декларацияның;

      2) сәйкестік туралы декларация қосымшасының нысандарын толтыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

      2. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес дайындалған сәйкестік туралы декларация бланктері және оған қосымша қатаң есептілік құжаттары болып табылады және кемінде төрт қорғау дәрежесіне ие болуы тиіс, оның ішінде:

      - позитивтік суреттердің гильошир шеңбері;

      - гильошир шеңберінің периметрі бойынша орналасқан микромәтін ("ДЕКЛАРАЦИЯ" сөзі);

      - жартылай мөлдір голографиялық қорғаныш элементі;

      - ультракүлгін сәулесінің әсерімен флуоресценттелетін арнайы бояуды қолдана отырып, жоғары баспа тәсілімен орындалған әріптік белгіден және/немесе бланкінің реттік нөмірінен (жеті араб санынан тұратын сан) тұратын баспаханалық нөмір.

      3. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізілген сәйкестікті растау жөніндегі орган (бұдан әрі – СРО) жүзеге асырады.

      4. 3.4-2017 ҚР СТ "Сәйкестік сертификаттарының, сәйкестік туралы декларация нысандары және оларды толтыру тәртібі" ұлттық стандартының талаптары бойынша ресімделген сәйкестік туралы декларация мен оған қосымшаның бланкісі нысандарының айналымы 2022 жылғы 1 наурызға дейін рұқсат етіледі.

      5. Сәйкестік туралы декларацияны, сәйкестік туралы декларацияны тіркеген СРО электрондық баспа құрылғыларын пайдалана отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырады.

2-тарау. Сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу қағидалары

      6. Өнімнің сәйкестігі туралы декларацияда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1-жол – сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш беруші ұйымның атауы; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілген өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), өтініш беруші ұйымды тіркеу туралы мәліметтер (тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, тіркеу нөмірі); мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы.

      Осы қызмет түріне алынған лицензия туралы мәліметтер 1-жолда қосымша жазылады (болған жағдайда).

      2-жол – оның атынан сәйкестік туралы декларация қабылдаған өтініш беруші ұйым басшысының (жеке кәсіпкердің) аты-жөні, тегі және лауазымы;

      3-жол – өнімнің атауы, типі, маркасы, сәйкестік туралы декларация қолданылатын өнімнің Еуразиялық экономикалық комиссияның сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды, өнімнің сериялық шығарылымы немесе партиясы туралы мәліметтер (партияның нөмірі көрсетіледі);

      4-жол – сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы сәйкестігі расталатын өнім үшін белгіленген талаптарды қамтитын тармақтарды көрсете отырып, нормативтік құқықтық актілерді және/немесе нормативтік құжаттың белгілері;

      5-жол – сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға негіз болған құжат(тар);

      6-жол – сәйкестік туралы декларацияны қабылдау күні;

      7-жол – сәйкестік туралы декларацияны қолдану мерзімі. Сәйкестік туралы декларация өтініш беруші белгілеген мерзімге, осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзіміне немесе өнімнің партиясын сату мерзіміне байланысты, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады;

      8-жол – өзі дайындайтын (сататын) өнімге сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш беруші ұйым басшысының (жеке кәсіпкердің) қолы, аты-жөні, тегі және мөрі (болған жағдайда);

      9-жол – сәйкестік туралы декларацияны тіркеген СРО атауы мен мекенжайы, тіркеу күні мен тіркеу нөмірі. Декларацияның тіркеу нөмірі сәйкестік туралы декларацияның оны тізілімге енгізген кезде белгіленген реттік нөмірі мен СРО кодынан тұрады, олар 3.11 ҚР СТ "Жүйенің мемлекеттік тізілімінің құрылымы және жүргізу тәртібі" ұлттық стандарты бойынша белгіленеді;

      10-жол – сәйкестік туралы декларацияны тіркеген СРО басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолы, аты-жөні, тегі және СРО мөрі (болған жағдайда).

3-тарау. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу қағидалары

      7. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін өтініш беруші СРО-ға мыналарды ұсынады:

      1) өтініш беруші қол қойған сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы және мынадай мәліметті қамтыған өтініш:

      өтініш берушінің толық аты-жөні, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және жұмыс орнының орналасқан жері (мекенжайы) (егер мекенжайлары әртүрлі болса) - заңды тұлға үшін немесе қызметті жүзеге асыру орнының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлар өзгеше болса) - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін, сондай-ақ өтініш берушінің БСН немесе ЖСН, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;

      өнімді өндірушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді өндіру бойынша қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (мекенжайлары әр түрлі болған жағдайда) - өнімді шығаратын заңды тұлға және оның филиалдары үшін немесе тегі, аты, әкесінің аты ( егер бар болса), өндірістік қызметті жүзеге асыратын жердің мекенжайы (мекенжайлары) (жеке мекенжайлары әр түрлі болғанда) - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;

      өнімнің атауы және белгіленуі және (немесе) оны өндіруші тағайындаған басқа шартты белгі (бар болған жағдайда);

      өнімнің атауы (бар болған жағдайда);

      өнімді сәйкестендіруді қамтамсыз ететін өнім туралы өзге мәліметтер (бар болған жағдайда);

      оған сәйкес өнім шығарылатын құжаттың (құжаттардың) (техникалық регламент және (немесе) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат) атауы және белгіленуі;

      ЕАЭО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес өнімнің коды (кодтары);

      декларацияланатын объектінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке өнім). Сериялық шығарылатын өнім үшін "сериялық шығарылым" деп жазылады. Партиялық өнім үшін партия көлемі, жеке өнім үшін – заттың зауыттық нөмірі көрсетіледі. Өнім партиясы және бірлі-жарым бұйым үшін өнім партиясын (оның ішінде оның мөлшерін) немесе бірлі-жарым бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;

      талаптарына өнім сәйкес келетін техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі құжаттың атауы;

      2) заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуін растайтын мәліметтер;

      3) өтініш берушінің мөрімен және қолымен расталған, олар бойынша қабылданатын сәйкестік туралы декларацияның техникалық регламенттер және (немесе) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) өзге құжаттар талаптарының сақталуын растайтын дәлелді материалдардың көшірмелері, оның ішінде өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелері.

      8. СРО өтініш беруші ұсынған құжаттарды және мәліметтерді мынадай мақсатта қарастырады:

      1) Сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу қағидаларында белгіленген сәйкестік туралы декларацияны ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау;

      2) осы Қағидалардың 1-тармағында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсыну;

      3) сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш берушінің Заң талаптарына сәйкестігін.

      Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді қарау нәтижелері бойынша СРО сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді жүзеге асырады не өтініш берушіні сәйкестік туралы декларацияны алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны тіркеуден бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабардар етеді.

      Сәйкестік туралы декларация не сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту туралы хабарлама өтініш берушіге осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша беріледі.

      9. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді толық көлемде ұсынбау;

      2) Заңның талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны қабылдаған өтініш берушінің сәйкес келмеуі.

      10. Тіркелген сәйкестік туралы декларацияға өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Өзгерістер енгізу қажет болған кезде өтініш беруші сәйкестік туралы жаңа декларацияны қабылдайды және оны осы Қағидаларға сәйкес тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жаңа сәйкестік туралы декларация қабылдайды және:

      1) сәйкестік туралы декларацияда және оған қосымшада қателер (қате басылулар) анықталған;

      2) өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайлары), жұмыс орнының мекенжайы (мекенжайлар әр түрлі болған жағдайда), телефон нөмірі және (немесе) электрондық поштасы өзгерген;

      3) өнімді өндірушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерлері (заңды тұлғаның мекенжайлары) өзгерген;

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН коды (кодтары) өзгерген;

      5) өнім жасалатын жерлердің мекенжайларының саны қысқарған жағдайларда осы Қағидалардың 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынбай, оны тіркеуді жүзеге асырады.

      11. Декларацияның 4-5-жолдарында көрсетілген ақпарат көлемі ауқымды болған жағдайда, мұндай ақпарат қосымша бланкісінде ресімделетін және декларацияның ажырамас бөлігі болып табылатын декларацияға қосымшада көрсетіледі. Қосымшаның әр парағы нөмірленеді, оған декларацияның тіркеу нөмірі, СРО басшысының (уәкілетті тұлғаның) және сарапшы-аудитордың қолдары немесе тегі, аты, әкесінің аттары (болған жағдайда) қойылады.