"Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республи

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 223-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21449 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 344 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8056 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 желтоқсанда № 427-428 (27246-27247) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов