Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21380 болып тіркелді.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13063 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 332 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 30 маусымда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 5 қазаны
№ 370/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған заңды тұлға;

      3) гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) –құрамына тәуелсіз (отандық және (немесе) шетелдік) сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінің (келісім бойынша) тақ саны кіретін, өтінімдердің сараптамаларын және осы Қағидаларда белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін Технологиялық даму саласындағы ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;

      4) жобаны бағалау өлшемшарттары – балдық жүйені пайдалана отырып, өтініш берушінің жобасын бағалау белгілері;

      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – ұлттық институт пен өтініш беруші арасында инновациялық грант беруге жасалған шарт;

      6) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) инновациялық грант – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;

      8) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға уәкілетті ұлттық даму институты;

      9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) Кеңестің шешімі – кеңес мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген, сондай-ақ инновациялық грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім;

      11) лицензиялық шарт – патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беретін шарт;

      12) озық технология – нарықта кішігірім практикалық қолданылуы және одан әрі тарату үшін жоғары әлеуеті бар технология;

      13) өтінім – өтініш беруші жіберетін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамыту үшін инновациялық грант алуға арналған өтініш, ол өтінімдерді электрондық қабылдау мен сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы толтырылады;

      14) өтінімдерді электронды қабылдау және сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – автоматтандырылған жүйе) – бұл инновациялық гранттарды алуға берілетін өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу бойынша автоматтандырылған жүйе;

      15) өтініш беруші – инновациялық гранттар берудің өтініш беруші – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға өтінімді қарауға ұсынған заңды тұлға – инновациялық қызмет субъектісі;

      16) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17) технология – белгілі бір өнімді өндіру мен шығаруды, оның ішінде тауарларды өндіру мен шығаруды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың жиынтығы;

      18) технологиялар трансферті – инновациялық қызмет субъектілерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;

      19) электрондық өнеркәсіп өнімі – электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.05.2022 № 166/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар өтініш берушілерге уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар шеңберінде оң экономикалық нәтиже алу мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу жолымен, оның ішінде технологиялар трансфертін пайдалана отырып, кәсіпорынды дамыту, импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі технологиялық міндеттерді шешу үшін беріледі.

      Бұл ретте уәкiлеттi орган инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарту арқылы белгіленген басым бағыттар қатарынан барлық немесе жекелеген басым бағыттар бойынша жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру бойынша конкурс өткізеді.

      Инновациялық гранттар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі инновациялық қызмет субъектілеріне берілмейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.05.2022 № 166/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Инновациялық гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт және уәкілетті орган жүзеге асырады.

      5. Инновациялық гранттар беруді уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттар беруге көзделген қаражатты бөлу жолымен инновациалық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.05.2022 № 166/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қаржы жылының соңында есептелетін ұлттық институттың ағымдағы шотындағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ұлттық институттың инновациялық гранттар беру жөніндегі қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру тәртібі

      8. Ұлттық институт инновациялық гранттарды алуға өтінімдерді қабылдау туралы автоматтандырылған жүйесінің мекенжайы мен өтінімдерді қабылдаудың кестесін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау кестесі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірілмей уәкілетті органмен келісіледі және кесте келісілгеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурста жарияланады.

      9. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) ұлттық институттың осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттармен бірге берілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауы, тіркеуі, олардың толықтығын алдын ала тексеруі өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Өтінімдерді алдын ала тексеру аяқталғаннан кейін ұлттық институт өтінімде көрсетілген өтінім берушінің электрондық поштасына анықталған ескертулер туралы хабарламаны (олар болған жағдайда) жібереді.

      Өтінім беруші хабарламада көрсетілген ескертулерді оларды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жояды.

      Өтінім беруші ескертулерді көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді одан әрі қараусыз қалдырады.

      Өтінім берушінің ескертулерді жою кезеңінде, өтінімді қарау мерзімі өтінім берушіге анықталған ескертулер туралы ресми хабарлама автоматтандырылған жүйе арқылы жіберілген сәттен бастап тоқтатыла тұрады және олар жойылғаннан кейін қайтадан жаңартылады;

      2) өтінім берушінің құжаттарын ұлттық институт алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта тексеру (анықталған ескертулер туралы өтінім берушіге хабарлама жіберілген кезде) жүзеге асырылады.

      Ұлттық институт инновациялық гранттар беру процесіне қатыстырылмаған үшінші тұлғаларға, ұлттық институттың акционерін және уәкілетті органды қоспағанда, өтінім туралы ақпаратты жарияламауды қамтамасыз етеді;

      3) ұлттық институттың 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Сараптама жүргізу рәсіміне қойылатын талаптарда көрсетілген жобаларды бағалау өлшемшарттары негізінде өтінімге сараптама жүргізуі;

      4) сараптама қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімге сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыны қалыптастыру және Кеңестің қарауына жіберу;

      5) Кеңестің отырысын ұйымдастыру және инновациялық грантты беру не бермеу туралы шешім қабылдау.

      Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарау және инновациялық грантты беру не бермеу туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институтта Кеңес құрылады. Кеңестің қызметін ұйымдастыру, оның мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу және құрамы ұлттық институттың актісімен реттеледі.

      Осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;

      6) ұлттық институт жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беруден мынадай:

      өтінім беруші инновациялық грант алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      өтінім берушінің және (немесе) инновациялық грант беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      егер инновациялық жобаға бұрын мәлімделген мақсаттарға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілген болса;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы;

      инновациялық грант беруден бас тарту туралы Кеңестің дәлелді шешімі;

      технология иесінің немесе өтінім берушімен технология бойынша құқықтарды беруді жүзеге асыратын тұлғаның аффилиирленуі жағдайында бас тартады.

      7) шартқа қол қою немесе өтінім берушіге инновациялық грантты беруден дәлелді бас тартуды жіберу.

      Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтінім берушіні шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабардар етеді немесе инновациялық грант беруден негізделген бас тартуды жібереді.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 56 (елу алты) жұмыс күнінен аспайды.

      Егер тиісті қаржы жылына инновациялық гранттар алуға мәлімделген соманың жалпы мөлшері уәкілетті орган тиісті қаржы жылына бөлген сомадан асып кетсе, грант алушылардың тізімін қалыптастыру өтінім беру кезектілігі қағидаты бойынша жүзеге асырылады;

      8) грант алушының ұсынылған инновациялық грант бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдауы.

      Грант алушы келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап жобаны аяқтау туралы ұлттық институт шешімі қабылданғанға дейін өнімнің жаңа түрін өндіру үшін өндірісті құруға және (немесе) өндіріс процес(тер)ін автоматтандыруға немесе оңтайландыруға бағытталған қарсы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      Грант алушы ұлттық институт жобаны аяқтау туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде жыл сайын өткізілген инновациялық өнім көлемін инновациялық грант сомасының кемінде 10 %-ына ұлғайтуға және инновациялық өнім экспортының көлеміне инновациялық грант сомасының кемінде 10 %-ына қол жеткізуге бағытталған қарсы міндеттемелерді қабылдайды.

      Грант алушы "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" басым бағыты бойынша грант алған және тәжірибесін кеңейткен кезде, грантты игеру мерзімі ішінде Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне іріктеуден өтуі немесе өнеркәсіптік сертификат алуы тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кеңес отырысына өтінім беруші өзінің жобасын бетпе-бет немесе аудио және бейне тіркеуі бар телекоммуникациялар құралдары арқылы таныстыру үшін шақырылады.

      Қарау нәтижелері бойынша Кеңес өтінім берушіге инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жасалған шартқа сәйкес жобаның іске асырылуын бақылау мақсатында ұлттық институт күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаның іске асырылуына және грант алушының қабылданған қарсы міндеттемелерді орындауына тұрақты мониторинг жүргізеді.

      Жасалған шарттар бойынша жобалардың мониторингі ұлттық институттың актісімен реттеледі, ол уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет -ресурсында орналастырылады.

      12. Шартта грант алушының жобаның кепілдіктен кейінгі мониторингі мақсатында жобаны аяқтау туралы ұлттық институт шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде жоба туралы ақпаратты ұлттық институтқа беруі көзделеді.

      13. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.05.2022 № 166/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру шарттары

      14. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант лицензиялық келісімшарт бойынша негізделген шығындардың 70 (жетпіс) пайызына дейінгі және (немесе) бағдарламалық қамтылымды, жинақтауыштарды және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу үшін негізделген шығындардың 50 (елу) пайызына дейінгі мөлшерде, басым бағыттар бойынша 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңгеден аспайтын сомада беріледі, соның ішінде мынадай мақсаттар үшін шығындарды өтеу үшін бөлінеді:

      1) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу, оның ішінде өтінім берушінің персоналын кастомизациялау, енгізу және оқыту бойынша шығындар;

      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бұлтты технологиялар арқылы провайдер қызмет көрсететін дайын бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын SaaS моделі бойынша бағдарламалық қамтылымды жалға алу бойынша қызметтер;

      3) технологияның меншік иесінен сатып алынатын технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық құжаттаманы және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу;

      4) енгізілген технологияны одан әрі пайдаланумен байланысты инженерлік-техникалық персоналды оқыту, оның ішінде шетелдік мамандарды тарта отырып оқыту;

      5) өнімің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

      6) технологиялық процесті сынақтан өткізу;

      7) өнімді сертификаттау.

      Өтінім берушіге мынадай өлшемшарттар белгіленеді:

      мәлімделген салада 3 (үш) жылдан кем емес коммерциялық қызмет етуі;

      біліктіліктің қажетті деңгейі бар инженерлі-техникалық персоналдың болуы;

      өтінім берушінің жалпы жылдық табысы соңғы 3 (үш) жылда жобаның толық сомасынан кем емес болуы.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Технология иесінің немесе өтінім берушімен технология бойынша құқықтарды беруді жүзеге асыратын тұлғаның аффилиирленуіне жол берілмейді.

      15-1. Инновациялық грант беруден бас тарту негіздері мынадай:

      1) өтінім берушінің, инновациялық грант алу үшін өтінім беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздіктерін анықтау;

      2) Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңестің теріс шешімі.

      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін кеңестің оң қорытындысын алған өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты емес шығыс операцияларын жасау құқығынсыз депозитке салу шартымен жобаны іске асыру үшін қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте эскроу режимінде жеке ағымдағы шот ашады.

      Эскроу-шот режимінде ағымдағы шот ашу туралы шартқа өтініш беруші, ұлттық институт және Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк арасында қол қойылады.

      Шартқа қол қойылғаннан кейін грант алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде күнтізбелік жоспарға сәйкес мөлшерде жобаны қоса қаржыландыру үшін эскроу-шот режиміндегі ағымдағы шотқа қаражат аударады.

      Ұлттық институт грант алушыдан ақшалай қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде күнтізбелік жоспарға сәйкес сомада эскроу-шот режиміндегі ағымдағы шотқа инновациялық грантты аударуды қамтамасыз етеді.

      17. Инновациялық гранттың қаражатын грант алушыға аудару күнтізбелік жоспарға сәйкес бірінші траншты қоспағанда, ұлттық институт жүргізген іс-шараларды іске асыру мониторингі және есепті кезеңде грант алушының жүргізген шығындарын талдау нәтижелері бойынша инновациялық грантты беру туралы жасалған шарттың талаптарына сәйкес кезең-кезеңмен (транштармен) жүргізіледі.

      Инновациялық грантты ұлттық институт кемінде екі траншпен аударады, бұл ретте әрбір транштың сомасы инновациялық гранттың мақұлданған мөлшерінің елу пайызынан аспауға тиіс.

      18. Енгізілетін технологияларға мынадай өлшемшарттар қойылады:

      1) өндірістік кәсіпорынды технологиялық дамытуға бағытталуы тиіс;

      2) озық және (немесе) заманауи, ең алдымен, отандық шикізатты пайдалануға бағдарланған деңгейден төмен болмауы;

      3) өндірістік қолдану фактісінің немесе қолдануға дайындықтың жоғары деңгейінің болуы (жартылай өнеркәсіптік сынақтан өткен);

      4) экспорттық әлеуетті өнімді өндіруге және (немесе) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған болуы тиіс.

      18-1. Алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант өтініш берушілерге күнтізбелік жоспарға сәйкес қоса қаржыландыру шартымен беріледі. Өтініш беруші тек бір жобаға қатысуға өтінім береді және өтінімді қарау және жобаны іске асыру сәтінде мәлімделген жоба бойынша өзге инновациялық гранттарды алуға үміткер болмайды.

      20. Грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспайды.

4-тарау. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант алу үшін құжаттар тізімі

      21. Өтінім беруші ұлттық институтқа автоматтандырылған жүйе арқылы мынадай құжаттарды қамтитын өтінімдерді ұсынады:

      1) беру шарттарын көрсете отырып, технологияларды беру немесе тиісті шарттарды көрсете отырып, әзірлемені және (немесе) электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу туралы тараптардың ниетін растаушы құжат көшірмесі;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылымы бойынша жобаның бизнес-жоспары;

      3) соңғы 3 жылдағы қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің жыл сайынғы аудитін жүргізуге міндетті тұлғалар да көрсетілген уақыт кезеңі үшін аудиторлық есептерді ұсынады);

      4) жобаны іске асыру үшін қаражаттың болуын (екінші деңгейдегі банктерден алынған анықтамалар мен шоттардан үзінді көшірмелерді қоса алғанда) немесе екінші деңгейдегі банктің кредит/кредит желісін беруге дайындығын растайтын құжаттар;

      5) лицензиялық шартта көзделген жабдықты, жиынтықтауыштарды және көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, коммерциялық ұсыныстар алынған жобаның құрамдас бөліктері (іс-шаралары) бойынша кемінде үш коммерциялық ұсыныс пен техникалық ерекшелік;

      6) соңғы 12 (он екі) айдағы қаржы моделі. Даму жоспары болған жағдайда (Excel форматында).

      7) болжамдарды ескере отырып іске асыру бойынша 5 (бес) жылға арналған қаржы моделі (Excel форматында).

      8) өтінім берушінің аффилирленген тұлғаларының тізімі.

      Өтінім беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ұлттық институт өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Инновациялық грант беру туралы шарт жасасу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа жоғары органның өтінім беру туралы, басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның инновациялық грант беруге және алуға байланысты құжаттарға қол қою өкілеттігін беру туралы шешімін ұсынады.

      Ескерту. Қағида 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.05.2022 № 166/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім тіркеуге және қарауға жатпайды.

      23. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған дерек көздері және есепті жүргізу күні көрсетіледі.

      24. Лицензиялық шартты, ерекше құқықтарды (басқаға беру) беру туралы шартты Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органында тіркеу жобаны іске асыру аяқталғанға дейін өткізіледі.

      Ескерту. 24-тармақпен толықтырылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жұмыс істеп тұған
кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант алуға өтініш

Атауы


Кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант алу үшін қажетті материалдар пакетімен осы өтінішті жолдайды

Жобаның атауы:


Жоба инновациялық гранттар алу үшін ұсынудың басым бағытына жатады (бір ғана басым бағытты көрсету):

Жоғары өнімді технологиялар:

Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



 

Жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар



 

Биотехнологиялар, медицина мен денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар



 

Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар



 

Космостық технологиялар



 

Экологиялық таза технологиялар, энергия үнемдеу және баламалы энергетика



 

Жаңа қаржы технологиялар



 

Электрондық өнеркәсіп



 

Робототехника



 

Инновациялық гранттың теңгемен сұралатын сомасы (цифрмен және жазбаша):


Жобаның толық құны теңгемен (цифрмен және жазбаша)


      Өтініш беруші туралы ақпарат

Ұйымның атауы:


Өтініш берушінің пошталық мекенжайы:


Банктік деректемелер, есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктік жеке код:


Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық пошта


Ресми сайт


Өтініш беруші кәсіпорнының мөлшері

Шағын (100-ге дейін қызметкер және ӘГҚ 300 мың АЕК-тен жоғары емес)

Орташа (100-ден 250-ге дейін қызметкер және 300 мыңнан 3 млн. АЕК-ке дейін)

Ірі (250-ден астам қызметкер және (немесе) орташа жылдық жиынтық табыс 3 миллион АЕК-тен жоғары)

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі (төрт таңбалы):___________

Жұмыс істейтіндердің нақты саны, оның ішінде:


инженерлік-техникалық қызметкерлер


әкімшілік-басқару персоналы


Басқа


Өтініш берушінің құрылтайшылары қатысу үлесін (болған жағдайда) көрсете отырып:


Жоба жетекшісі туралы ақпарат:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Білімі/ғылыми дәрежесі / берілген жылы


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық пошта адресі


Байланыс мекенжайы


Байланысатын тұлға:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық пошта мекенжайы


Байланыс мекенжайы


      Жоба туралы қысқаша ақпарат

Жобаның мақсаты:


Жобаның міндеттері:


Жобаны іске асыру орны


Жобаны іске асыру мерзімі


Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма:

Иә


Жоқ


Егер "иә" болса, онда қандай көлемде, бағдарламаның атауын, жобаны және алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет

Инновациялық гранттар туралы қандай көздерден білдіңіз?

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты

ұлттық институттың сайты

ұлттық институттың таратылымдары

ұлттық институттың семинарлары, конференциялары

әлеуметтік желілер

басқа

Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын мәліметтерді пайдалануға, ұлттық институт сараптамалық бағалау жүргізген кезде, оның ішінде бөгде тұлғаларды тарта отырып, сондай-ақ заңды тұлға туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің болуы (болмауы) туралы деректерді жинауға өз келісімін беремін.
Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің және жалған деректерді ұсыну фактілері анықталған жағдайда өтінім қараудан бас тартылатыны ескертілді.
Осымен осы өтінімге қоса берілетін материалдардың, ақпараттың, техникалық-технологиялық шешімдер мен ілеспе құжаттаманың қолданылуы мен таратуға қандай да бір шектеулері жоқ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтер жоқ екенін растаймын.
Сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру кезінде банкроттық сатысындағы не мүлкіне тыйым салынған дәрменсіздік нәтижесінде таратылған заңды тұлғалардың меншік иелері және (немесе) басшылары болып табылатын немесе меншік иесі және бірінші басшысы заңды тұлға, меншік иесі және бірінші басшы болып табылмайтынын растаймыз.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20 жылғы " " № бұйрығымен бекітілген Кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру туралы қағидаларымен таныстым. Осымен инновациялық гранттар беру шарттарына және ұлттық институттың ішкі рәсімдеріне өз келісімін растаймын.

Кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес талап етілетін материалдар және (немесе) құжаттар парақта қоса беріледі

Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабар жүргізуге арналған электрондық пошта мекенжайы:


      Ескерту: заңды тұлғалар үшін ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге де уәкілетті адам қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері өзгерген кезде (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) ұлттық институтты хабардар ету қажет.

Өтініш берушінің атынан қол қою үшін өкілеттіктері бар адамның лауазымы

_____________________
(Т.А.Ә.)
_____________________
(қолы)

      Материалдарды және (немесе) құжаттарды алғаны туралы белгі (ұлттық институт толтырады)

Алынған күні:

20 " "

Өтінімнің тіркеу нөмірі

Тіркеуші

_____________________
(Т.А.Ә.)
_____________________
(қолы)

  Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық
гранттар беру қағидаларына
2-қосымша

Сараптама жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.05.2022 № 166/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жобаларға сараптама жүргізуді ұлттық институт жүзеге асырады, қажет болған жағдайда сараптама жүргізу үшін отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар тартылады.

      2. Жобаларды бағалау өлшемшарттары келесідей құрылған:

      1) ғылыми техникалық артықшылықтар (0-5 балл);

      жүйелік проблемаларға жүгіну дәрежесі: ендірілетін технологияны пайдаланатын компаниялар саны, ауқымдылығы және индустриясы/әлеуетті қолдану үшін нарық көлемі;

      инновациялығы;

      зияткерлік меншік;

      2) экономикалық қайтарым (0-5 балл);

      әлеуетті экономикалық нәтиже (құрылымы бойынша бизнес-жоспар және қаржылық моделі негізінде).

      3) өтініш берушінің мүмкіндіктері, ресурстары және материалдық базасы (0-10 балл):

      персоналдың біліктілігі мен басқару қабілеті;

      елеулі зерттеу жұмыстары;

      зияткерлік меншік (патенттер, авторлық құқықтар және куәліктер);

      сериялық өндіріске енгізілген технологиялар;

      әзірленген өнеркәсіптік процестер мен өнімдер;

      шығу тегіне, көлемі мен мақсатына ұқсас жобаларды басқару тәжірибесі;

      ресурстар және материалдық база;

      халықаралық серіктестер, ресурстар және кәсіпорындар;

      4) өтініш берушінің өндірістік процестерінің технологиялылық өлшемшарттары:

      жоғары технологиялық – 5 балл;

      жоғары деңгейдегі орташа технологиялық – 4 балл;

      төмен деңгейдегі орташа технологиялық– 3 балл;

      төмен деңгейдегі технологиялық – 2 балл;

      5) жобаны іске асырудың құқықтық аспектілері (0-5 балл):

      жобаны іске асырудың ерекше шарттары мен шектеулері;

      құқықтық тәуекелдер (салықтық берешектер, сот талқылаулары, үлестес болуы, заңды тұлғаның қызметін шектейтін, уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен тізілімдерде болуы және т.б.);

      6) өтініш берушінің ағымдағы қаржылық жағдайы (0-5 балл):

      активтердің өтімділік деңгейі;

      қаржылық тәуелділік коэффициенті;

      инвестицияларды қайтару көрсеткіші (соңғы есепті жыл үшін).

      Сарапшылар мынадай бағыттар бойынша жобаға сараптама жүргізеді:

      1) технологиялық сараптама аналогтармен салыстырғанда, жобаның техникалық іске асырылуы мен технологиялық орындылығын белгілеу мақсатында жүргізіледі;

      2) қаржы-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарын, маркетингтік стратегияны, жұмыстарды мәлімделген мерзімдерге, көлемі мен мазмұнына және қаржыландырудың сұратылып отырған сомасына бөлу мақсатында жүргізіледі;

      3) құқықтық сараптама ұсынылған құжаттардың мазмұнын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты құқықтық талдау мақсатында жүргізіледі.

      Технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптамалар жобалар бойынша бір мезгілде жүргізіледі.

      3. Ұлттық институт сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.

      4. Әрбір сарапшымен өтінімдерге сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тартқан кезде ұлттық институт сараптамалық қызметтер көрсетуге шарт жасасады, оның нысаны ұлттық даму институтының актілерімен реттелетін болады.

      5. Сараптама жүргізу тәртібі және бағалау парағының нысаны ұлттық институттың актілерімен регламенттеледі.

      6. Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтінім берушімен үлестес болып табылатын сарапшының өтінімді бағалауды жүргізуіне жол берілмейді.

  Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық
гранттар беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құрылымы бойынша жобаның бизнес-жоспары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.05.2022 № 166/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.05.2023 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Құрылымы бойынша жобаның бизнес-жоспары

      1. өтініш берушінің қысқаша сипаттамасы:

      1) өтініш берушінің атауы;

      2) ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттік тіркеу күні (заңды тұлғалар үшін қайта тіркеу);

      3) ұйым басшысы;

      4) мекенжайы, телефоны, факс, электрондық поштасы;

      5) қызметтің негізгі бағыттарының сипаттамасы;

      6) саладағы жұмыс тәжірибесі;

      7) ағымдағы ұйымдастыру жағдайы;

      8) соңғы есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқаша есеп.

      2. Жобаның қысқаша сипаттамасы:

      1) жобаның атауы;

      2) жобаның мәні;

      3) жобаның бастамашылық ету үшін алғышарттары;

      4) жоба командасы;

      5) жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);

      6) шығаруға болжанатын өнім немесе сатып алынатын технологияны енгізудің әсері;

      7) өнімнің даму сатысын қоса алғанда, жобаның ағымдағы мәртебесі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

      8) жоба бойынша іске асырудың және шектеудің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензияланатын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу және шикізат нарықтары, су, энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндіктері, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік, технологиялық процестердің және басқа да технологиялық процестердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптардың болуы;

      9) жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      өз қаражаты;

      инновациялық грант;

      қарыз қаражаты (несиелер немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің тартылған қаражаты).

      10) жобаны іске асыру мерзімі – ай (36 (отыз алты) айдан артық емес);

      11) шығыстар сметасы:

Жұмыстарды орындауға арналған шығындар

Шығындар сомасы (теңге)

Жұмыс кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көзі

Есептеулерде пайдаланыла тын деректер көзі




Шығындар - Барлығы:








оның ішінде баптар бойынша:








Басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар-Барлығы:








оның ішінде:








Меншікті қаражат








Өзгелер (қандай екенін көрсету)








      Ескертпе: шығын баптарының әрқайсысы бойынша өтініш беруші есептерде пайдаланылған деректер көздерін, баға белгілеудің мағынасын ашып көрсетеді.

      12) жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары:

рР/с №

Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы

Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)

Кезеңнің есептік бағасы (теңге)

Есеп беру нысаны мен түрі

1

2

3

4

5






      Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3-кезеңінен артық емес көрсетіледі.

      3. Маркетинг бөлімі:

      1) Өнімнің сипаттамасы:

      1-1) шығаруға ұсынылатын өнімнің атауы;

Тауарлардың (қызметтердің) атауы

Құндық мәндегі өндіріс көлемі (теңге)

Құндық мәндегі өндіріс көлемі

1.



2.



      1-2) функционалдық мақсаты және қолданылу саласы;

      1-3) өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа да сипаттамалары;

      1-4) өнімнің технологиялық көрсеткіштері (пайдалану және басқа сапалар);

      1-5) мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;

      1-6) құндық сипаттама (өнімнің бірлігіне-өзіндік құн, көтерме баға, бөлшек баға);

      1-7) патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер.

      2. Өткізу нарықтарының сипаттамасы (экспорттық және ішкі):

      2-1) нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы;

      2-2) бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы;

      2-3) нарықтың сипатты белгілері, оның егжей-тегжейлі сегменттеуі (аумақтық, демографиялық және басқалар), нарықтық тауашаның бөлінуі;

      2-4) нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай көріністегі жылдық көлемдер, сұраныстың өсуіне/құлдырауына беталыстар);

      2-5) компанияның өнімін алуға қабілетті нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу (Tam (Total Addressable Market) – мақсатты нарықтың жалпы көлемі; SOM (Serviceable & Obtainable Market) – нарықтың нақты қол жетімді көлемі; SAM (Served/Serviceable Available Market) – нарықтың қол жетімді көлемі.);

      2-6) екінші дәрежелі нарықтар (негізгі рынокпен аумақтық, маусымдық және басқа да белгілер бойынша байланысты));

      2-7) зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер;

      2-8) әлеуетті өнім тұтынушылармен келісімдердің болуы және өнімді сатып алуға дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары;

      2-9) нормативтік-құқықтық алаң, нормативтік құжаттардың, ерекше талаптардың болуы, осыған байланысты шығындар мен уақытша шығындар оларды қанағаттандыру тәсілдері. Осы нарықты нормативтік-құқықтық реттеудің өзгеру болжамы;

      2-10) осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі әсерін қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалары бойынша басымдылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өзге де сипаттамалары.

      3) тәуекелдерді талдау:

      3-1) тәуекелдерді бағалаудың қолданылатын әдіснамасының сипаттамасы;

      3-2) мыналар бөлінісінде тәуекелдерді сәйкестендіру: жоба өмірінің жоспарланатын кезеңдері; тәуекел түрлері (қаржылық, техникалық, заңдық, коммерциялық, өндірістік, ұйымдастырушылық); салдардың сипаты (жол берілетін, сыни, апатты); есепке алу сипаты бойынша (ішкі, сыртқы).

      3-3) әсер ету дәрежесі және басталу ықтималдығы бойынша тәуекелдерді саралау және тәуекелдер картасын қалыптастыру ("сезімталдықты талдау" әдісін қолдана отырып);

      3-4) тәуекелдердің алдын алу шаралары (оларды іске асыру құнын көрсете отырып).

      4. Техникалық бөлім:

      1) жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;

      2) технологиялық шешімді таңдау негіздемесі;

      3) ілеспе инфрақұрылым және көлік мүмкіндіктері;

      4. Жоба бойынша тауарлар (қызметтер) өндірісінің көлемін айқындайтын факторлар.

      5. Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау (аналогтармен салыстыруда тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын техникалық деңгей және құны, ақпарат көзіне сілтеме):

Көрсеткіштер атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог











      6. Ресурстармен қамтамасыз ету:

      1) шикізат пен материалдар: қолданылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      2) жабдықтар мен жинақтаушылар: қажетті жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесі және олардың негізгі техникалық сипаттамалары; жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы; көлік шығыстарын, салық міндеттемелерін, кедендік баждарды, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын ескере отырып, жабдықтар мен жинақтаушылардың құны; жабдықтар мен жинақтауыштарды жеткізушіні таңдау қажеттілігінің негіздемесі;

      3) үстеме шығыстар: үстеме шығыстар тізбесі; үстеме шығыстар құны; жеткізушілердің қажеттілігі мен таңдауының негіздемесі;

      4) өндірістік персонал: қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы; талап етілетін біліктілігі бар мамандар нарығын талдау; талап етілетін біліктілігі бар персоналмен қамтамасыз ету көздері мен құнының сипаттамасы.

      5. Қаржылық бөлім:

      Жобаны қаржыландыру мөлшері мен құрылымы:

      1) қаржыландыру көздері мен компоненттері бойынша қаржыландыру құрылымы: өз қаражаты; инновациялық грант; қарыз қаражаты;

      2) жобаның қаржылық моделін қалыптастыруға пікірлер мен түсініктемелер: өндірістік бағдарлама; ақшалай мәндегі іске асыру көлемінің болжамы; өнімнің өзіндік құны мен іске асыруға арналған шығындардың есебі; кірістер мен шығыстар туралы болжамды есеп; ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп; жобаның шығынсыздық нүктесінің болжамы;

      3) қаржы-экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруға пікірлер мен түсініктемелер: жобаның жұмыс циклі үшін таза дисконтталған табыс (NPV); жобаның жұмыс циклі үшін кірістіліктің ішкі нормасы (IRR); жобаның өтелу мерзімі (жай және дисконтталған); жоба жұмысының әрбір жылына пайданың қарапайым нормасы (рентабельділік); түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдер.

      6. Экологиялық бөлім

      Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсері бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.

      7. Әлеуметтік-экономикалық бөлім

      1) жобаның ел экономикасының қажеттіліктеріне (мемлекеттік бағдарламаларға және басқа да құжаттарға) сәйкестігі;

      2) азық-түлік тауарларын және халық тұтынатын азық-түлік емес тауарларды шығаруды ұлғайту;

      3) импортты алмастыру (орны ауыстырылатын импорттың көлемі мен құны);

      4) экспортты ұлғайту (экспорт көлемі мен құны);

      5) жаңа жұмыс орындарын құру.

      Ұйым басшысы _____________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.) Мөр орны (бар болған жағдайда)