Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке ж

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-115/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 қазанда № 21372 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 170-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 182 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік актілерді тіркеу тізілімінде № 10965 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бухгалтерлік есепке алу, есептілік және активтер департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 6 қазаны
№ ҚР ДСМ-115/2020 бұйрығына
қосымша

Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 170-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйым (бұдан – ұйым) – психикасының ауытқуынан (ауруынан) зардап шегетін, психикалық жағдайына және жасаған қоғамға қауіпті әрекеттерінің сипатына қарай өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіп төндіретін, тұрақты және қарқынды байқауды талап ететін адамдарға қатысты сот шешімінің негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жүзеге асырылатын психиатриялық стационар;

      2) ұйымның қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ҚАБШ) – жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мекеменің жұмсау құқығынсыз уақытша орналастырылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

2-тарау. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары пайдалану тәртібі

      3. Ұйымға мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшасын басқарады. ҚАБШ қаражатының пайдаланылуы бойынша есепке алу және есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. ҚАБШ-ға есепке алынатын қолма-қол ақшаны есепке алуды бухгалтерлік есепке және есептілікке жауапты мекеменің құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді, ол осы мақсатта:

      1) қолма-қол ақша түскен кезде әрбір психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың қолма-қол ақшаның кірісі мен шығысы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отыратын арнайы жеке шот ашады;

      2) осы Қағидалардың 5-тармағының 12) тармақшасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың құрылымдық емдеу бөлімшесінің басшысы растаған және ұйым басшысы бекіткен жеке өтініштерінің негізінде арнайы жеке шоттардағы қолма-қол ақшасын жұмсау жөніндегі операцияларды жүргізеді;

      3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілігін қалыптастырады;

      4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өнім берушілермен шарт жасасады;

      5) ұйымның кассасына жеке және заңды тұлғалардан түскен қолма-қол ақшаны, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың ұйымға түскен кезде алынған ақшасын заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды. Ұйым кассасына қабылданған қолма-қол ақша ҚАБШ-ға психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың жеке шоттары бойынша екінші деңгейдегі банк арқылы есепке алынады;

      6) ҚАБШ-ға есепке алынатын қолма-қол ақшаны есепке алу, қайтару, аудару жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді жүргізеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚАБШ ақшалай қаражатты пайдалану бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізеді.

      5. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың өздерінің арнайы жеке шоттарына есепке алынатын ақша мынадай мақсаттарға пайдаланылады:

      1) ең қажетті заттар, жеке гигиеналық заттар, киім, аяқ киім, жұмсақ инвентарь сатып алу;

      2) қосымша тамақ өнімдерін сатып алу;

      3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық қызметтер және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу;

      4) жөнелтілімдер, бандерольдарды жіберу;

      5) ақшалай, почта жөнелтілімдерін жіберу;

      6) байланыс қызметін пайдалану, оның ішінде хат алмасуды жүргізу;

      7) мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу;

      8) қалааралық телефон байланысын пайдалану;

      9) құқықтық қызметтерді пайдалану;

      10) жоғалған құжаттарды қалпына келтіру немесе жаңа жеке құжаттар алу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;

      11) одан әрі емделу орнына жол жүру құнын төлеу;

      12) атқарушылық өндіріс туралы заңнамада белгіленген тәртіппен алименттерді және басқа алымдарды аудару.

      6. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың шығару кезінде оның арнайы дербес шотындағы қолма-қол ақшаның қалдығы психикалық науқас ұйымнан шығарылған күнінен бастап бір айдың ішінде, оның банк шотына аудару арқылы қайтарылуға тиіс.

      Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың қайтыс болған жағдайда оның арнайы дербес шотындағы қолма-қол ақшаның қалдығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдаланылады.