"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес есеп шоттарында есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 68 бұйрығының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10416 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған);
2) "Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген және айыппұл сомаларын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 97 бұйрығының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10448 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |