"Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу тура

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21307 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 334 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 122 бұйрығымен
бекітілген

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі 1-бөлім. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген өндірістік-техникалық базаның бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

тиісті білімі, дайындығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың білікті құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

мамандардың білікті құрамның (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензиялар

мынадай рұқсат етілген жұмыстармен осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
1. Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде іргетас негіздерді орналастыру;
2. Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде:
1) металл конструкцияларды монтаждауды;
2) монолитті конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темір-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
3) шатыр жұмыстарын қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадаларын, тоннелдер мен жол құбырларын, басқа да жасанды құрылыстарды) салу.
3. Байланыспен, аварияға қарсы қорғанумен, бақылау және дабыл беру жүйесімен, көліктегі, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектілеріндегі, өзге де тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі бұғаттаумен, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары.

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

4.

сынау хаттамалары, жүйелерді және жабдықтарды пайдалануға қабылдау актілері, аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау актілері

өтініш беруші бекіткен қабылдау актілерінің және сынау хаттамаларының, жүйенің, жабдықтардың және персоналдың іске қосуға дайындығы туралы акті

бұл тармақ ядролық қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

объектінің қауіпсіздігін талдау бойынша алдын ала есеп

өтініш беруші бекіткен объектінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі алдын ала есеп

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

объектіні пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспары

өтініш беруші бекіткен объектіні пайдаланудан шығару алдын ала жоспары

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын, пайдалану (жобаланатын ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары үшін) және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7.

жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметтер

еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметті құру туралы бұйрықтың және қызмет туралы ереженің;
техникалық қызмет көрсетуді жүргізу нұсқаулығының;
техникалық қызмет көрсету жүргізу бағдарламасының графигі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

8.

радиациялық қауіпсіздік қызметі

өтініш берушінің радиациялық қауіпсіздік қызметін құру туралы бұйрығы;
радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже; радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификаттары

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

9.

иондаушы сәуле шығару көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі қойма

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген қойманың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

10.

мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы

Көрсетілген құжаттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

11.

ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі, персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті жөніндегі нұсқаулықтар

өтініш беруші бекіткен мынадай құжаттар: "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) Санитарлық қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық; физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық; жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық; персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті бойынша нұсқаулық.

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

12.

радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

өтініш беруші бекіткен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) тек радиациялық қауіптіліктің 1 және 2-санаттағы объектілер үшін ғана талап етіледі. Көрсетілген Іс-шаралар жоспарының түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

13.

авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтауға арналған аварияға қарсы іс-шаралар жүйесі

өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтауға арналған әдістемесі, аварияға қарсы жаттығуларды өткізу бағдарламасы.

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

14.

ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесі

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, радиоактивті заттарды және (немесе) ядролық материалдарды есепке алу және сақтауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген бұйрықтың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

15.

объектінің жобасында көзделген барлық жұмыс режимдері үшін, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезінде қажет көлемде объектіде, санитариялық-қорғау аймағында және байқау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесі

өтініш беруші бекіткен радиациялық жағдайды бағалау арқылы өндірістік бақылау бағдарламасы;
радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін бекітетін құжат;
радиациялық бақылауды өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттар

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

16.

өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2-бөлім. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдың және плутонийдың изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне және ядролық материалдарды өткізу кіші қызмет түріне қатысты емес;
ядролық материалдарды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі. Көрсетілген өндірістік-техникалық базаның бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

радиациялық қауіпсіздік қызметтері (немесе жауапты тұлға)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы); өлшеу құралдарын және радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады; радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығын ұсыну белсенділігі ең аз мәнді белсенділіктен төмен уранның, торийдің және плутонийдің изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне ғана талап етіледі. Қызметті құру (немесе жауапты тұлғаны тағайындау) туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің (немесе лауазымдық нұсқаулықтың), радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификатының, өлшеу құралдарының тексеру сертификаттарының және өлшеу құраладарының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесі

өтініш беруші бекіткен мынадай құжаттар: "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) техникалық регламентінің 192-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулық; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғыларды және (немесе) құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, радиоактивті заттарды және (немесе) ядролық материалдарды есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Көрсетілген бұйрықтың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесі

ядролық материалдарды физикалық қорғау жоспары

бұл тармақ белсенділігі ең аз мәнді белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес. Көрсетілген құжат түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы

бұл тармақ ядролық материалдарды іске асыру жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты. Көрсетілген құжат түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) Санитарлық қағидаларға 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық; персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық; радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары; мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы; жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын мәлімделетін жұмыстарды орындау технологиялық регламенті.

физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық, жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, артық тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық тек ядролық материалдарды қолдану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі. Жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын мәлімделетін жұмыстарды орындау технологиялық регламенті радиациялық қауіптің 1 және 2- санатындағы объектілер үшін ғана талап етіледі.
Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7.

өтініш беруші персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ белсенділік мәні ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдың және плутонийдың изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне қатысты емес.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

8.

тиісті білімі, дайындығы және жұмыс тәжірибесі бар мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың білікті құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ белсенділік мәні ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес.
Мамандардың білікті құрамның (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

9.

меншік құқығындағы радиоактивті қалдықтарға арналған қойма

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ тек ядролық материалдарды пайдалану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі.
Көрсетілген қойманың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3-бөлім. Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді.
Көрсетілген мамандандырылған үй-жайлардың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің білікті құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді.
Мамандардың білікті құрамының (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы Лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және сақтау жүйесі жөніндегі қызметтер немесе (жауапты тұлғалар)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы); атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, радиоактивті заттарды және (немесе) ядролық материалдарды есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
Қызметті құру (немесе жауапты тұлғаны тағайындау) туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің (немесе лауазымдық нұсқаулықтың), радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификатының, есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі бұйрығының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе өзінің радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда: радиациялық бақылау жүргізу жоспары және соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасы; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары немесе өтініш берушінің балансында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш берушінің радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасын беру туралы кепілді хат

бұл тармақты егер өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды меншік иесі және/немесе баланс ұстаушы болып табылмаса және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді.
Шарт түпнұсқасының, радиациялық бақылау жүргізу жоспары мен хаттамасының, радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары мен радиациялық бақылау аспаптарынын бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

өтініш беруші бекіткен мынадай құжаттар: "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) санитарлық қағидаларының 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық; персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық; радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісі немесе өтініш берушінің балансында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды түгендеу актісінен үзінділерді беру туралы кепілді хат;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті; радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары; "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпанындағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) техникалық регламентінің 193-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау нұсқаулығы

радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары және мәлімделетін жұмысты орындаудың технологиялық регламент радиациялық қауіптілігі 1 және 2- санаттағы объектілер үшін ғана талап етіледі;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісі радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу және табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметтерінің кіші түрлері үшін ұсыну талап етілмейді. Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін бұл тармақты орындау талап етілмейді. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7.

экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы

бұл тармақ мәлімделген қызмет құрамында уранды қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу бойынша жұмыстар болған кезде табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметінің кіші түріне ғана қатысты.
Көрсетілген құжат түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

8.

иондаушы сәуле шығару көздері жұмысының сапасын бақылауға және радиациялық шоғырларды калибрлеуді жүргізуге жауапты медициналық физиктер

медициналық физиктердің шоғырды калибрлеуді жүргізу және сапаны бақылау бойынша диплом және арнайы даярлығы туралы құжаттар;
радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасы мен шоғырларды калибрлеу және сапасын бақылау жүргізудің соңғы хаттамасы

бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды пайдалану бойынша жұмыстарға ғана қатысты.
Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне әйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

9.

радиоактивті заттарды, аспаптарды және қондырғыларды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі;
егер құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар аралық немесе уақытша жеке сақтауды қажет етпейтін болса және әрдайым пайдалану және қайта зарядтау барысында жұмыс орнында болса, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді.
Көрсетілген қойманың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

10.

құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттама

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізетін меншікті техник болған жағдайда: атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық құралдар мен қондырғыларды және радиоизотоптық тексеріп қарау жабдықтарын пайдалану жөніндегі жұмыстарға ғана қатысты.
Егер өтініш беруші құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды меншіктенуші және/немесе баланс ұстаушы болып табылмаса, бұл тармақты орындау талап етілмейді.
Көрсетілген шарт түпнұсқасы немесе меншікті техниктің (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

11.

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау үшін лицензия

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны немесе атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

мәлімделген қызмет құрамында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау операциясы болған кезде бұл тармақты орындау талап етіледі.
Көрсетілген шарт түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4-бөлім. Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе, бұл тармақты орындау талап етілмейді.
Көрсетілген мамандандырылған үй-жайлардың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылау жүйесінің радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметі (немесе жауапты тұлға)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; радиациялық қауіпсіздік бойынша қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы);
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, радиоактивті заттарды және (немесе) ядролық материалдарды есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
Қызметті құру (немесе жауапты тұлғаны тағайындау) туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің (немесе лауазымдық нұсқаулықтың), радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификатының, есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі бұйрығының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің
7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда мынадай құжаттар: радиациялық бақылауды жүргізу жоспары; соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасы;
радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың және қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш берушінің иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың және қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасын беру туралы кепілді хат

егер өтініш беруші қол жүгін, багажды тексеру үшін рентген жабдықтарында жұмыстар жүргізетін болса және осы жабдықтардың меншік иесі және/немесе баланс ұстаушысы болмаған жағдайда бұл тармақты орындау талап етілмейді.
Шарт түпнұсқасының, радиациялық бақылау жүргізу жоспары мен хаттамасының, радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары мен радиациялық бақылау аспаптарынын бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

өтініш беруші бекіткен мынадай құжаттар: "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) санитарлық қағидаларының 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісі немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғылар сатып алғаннан кейін бір ай ішінде иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісін беру туралы кепілді хат; "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпанындағы № 58 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) техникалық регламентінің 193-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау нұсқаулығы

Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

өтініш берушінің радиациялық қауіпті жұмыстарға рұқсаты бар персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу туралы құжаттама

атом энергиясын қолдану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасы немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптар мен қондырғылар сатып алғаннан кейін бір ай ішінде аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасын беру туралы кепілді хат

бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдалану және дайындау бойынша жұмыстарға ғана қатысты.
Пайдалану параметрлеріне бақылау жүргізу хаттамалары түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7.

персоналдың және пациенттердің жеке қорғану құралдары

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 8-қосымшаға сәйкес жеке қорғану құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты.
Көрсетілген жеке қорғану құралдарының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

8.

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің білікті құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

мамандардың білікті құрамының (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

9.

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы құжаттамалар

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізетін меншікті техник болған жағдайда: атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларды және қол жүгі мен багажды тексеруге, көлікті, материалдарды, заттарды тексеруге, адамды жеке-дара тексеруге арналған жабдықтарды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты;
егер өтініш беруші иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың және қондырғыларды меншік иесі және/немесе баланс ұстаушы болып табылмаса,бұл тармақты орындау талап етілмейді.
Көрсетілген шарт түпнұсқасы немесе меншікті техниктің (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5-бөлім. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

тиісті білімі, арнайы дайындығы бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктердің біліктілік құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және тәжірибелік дайындықтан өткенін растайтын құжаттар (сертификаттар, куәліктер)

құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, кері монтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу кіші қызмет түрі үшін отандық зауыттар немесе олардың уәкілетті ұйымдары берген (сертификаттар, куәліктер) құжаттарды ұсыну талап етілмейді және кем дегенде екі техник қажет.
Мамандардың білікті құрамның (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

радиациялық қауіпсіздік (немесе жауапты тұлға) қызметі

радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы);
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады; бұл тармақ жеке дозиметрлік бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне қатысты емес.
Қызметті құру (немесе жауапты тұлғаны тағайындау) туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің (немесе лауазымдық нұсқаулықтың), радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификатының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық

өтініш беруші бекіткен "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) Санитарлық қағидаларға 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық

бұл тармақты аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау және персоналды дозиметрлік жеке бақылау бойынша кіші қызмет түрлері үшін орындау талап етілмейді.
Көрсетілген құжат түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

мәлімделген жұмыстарға жіберілген өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ құрамында радиоизотоптық иондаушы сәулелену көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, кері монтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу, иондаушы сәулеленуді көздерінің жұмыс сапасын, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

қолданылатын аспаптардың әрбір параметрі бойынша сынау мерзімділігі бойынша тестілеудің түрлері мен әдістемелерін сипаттай отырып тестілік сынаулар жүргізу бағдарламасы

Өтініш беруші бекіткен "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын біліктілік талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11204 болып тіркелген) медициналық рентген жабдықтарының пайдалану параметрлеріне бақылау жүргізу талаптарына сәйкес келетін, рентген аппаратының әрбір типінің тексерілетін негізгі параметрлерін, түсірілген суреттерді алу жүйесін және оларды бағалау шарттарын, пайдаланылатын қосалқы жабдықтарды сипаттай отырып сынау бағдарламасы

бұл тармақ иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
Көрсетілген құжат түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысанының 1-бағанында көрсетілген иелік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңнамалық құқықтарды растайтың құжат; өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары

бұл тармақты құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, кері монтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу бойынша қызметтердің кіші түрлеріне орындау талап етілмейді.
Көрсетілген өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7.

мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің мөлшерін анықтау және персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды орындауға ғана қатысты.
Көрсетілген мамандандырылған үй-жайлар, зертханаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6-бөлім. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру қызметінің кіші түрі үшін жұмыс жүргізсе, бұл тармақты орындау талап етілмейді.
Көрсетілген мамандандырылған үй-жайлардың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет (немесе жауапты тұлға) және радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға

радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы);
радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
Қызметті құру (немесе жауапты тұлғаны тағайындау) туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің (немесе лауазымдық нұсқаулықтың), радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификатының, радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрығының түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

жұмыс орындарында, ластанған жабдықтар, бұйымдарда, топырақта, қалдықтарда өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсету туралы осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе: меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда келесі құжаттар: радиациялық қадағалауды жүргізу жоспары; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары

Шарт түпнұсқасының, радиациялық бақылау жүргізу жоспарының, радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары мен радиациялық бақылау аспаптарынын бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

өтініш беруші бекіткен мына құжаттар:
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) Санитарлық қағидаларға 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық; радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
радиоактивті қалдықтарды тіркеу журналы;
қалдықтарды жинау, сұрыптау, сақтауға беру, өңдеу, қайта өңдеу, сақтау, көму тәсілдерін және кезеңдерін, үй-жайларды, жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыруды қоса алғанда, жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың жүйелі тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті

радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары және мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезіндегі технологиялық регламент радиациялық қауіптілігі 1 және 2- санаттағы объектілер үшін ғана ұсыну талап етіледі.
Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

өтініш беруші бекіткен радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жоспар

бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
Көрсетілген құжат түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7.

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктердің және жұмысшылардың біліктілік құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

жұмысшылардың болуы қызметтің барлық кіші түрлері үшін, техниктердің болуы тек үй-жайларды, жабдық пен материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) бойынша қызметтің кіші түрі үшін ғана қажет.
Мамандар мен жұмысшылардың білікті құрамының (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

8.

радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ тек радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму үшін меншікті қойманың болуы талап етіледі.
Көрсетілген қойманың бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7-бөлім. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің біліктілік құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Мамандар мен техниктердің біліктілік құрамының (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы Лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет немесе жауапты тұлға

радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы);
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
Қызметті құру (немесе жауапты тұлғаны тағайындау) туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің (немесе лауазымдық нұсқаулықтың), радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификатының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

радиациялық бақылау жүргізу жоспары; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары;
радиациялық бақылау аспаптарын жалға алған жағдайда радиациялық бақылау аспабын жалға алу шарты

Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

өтініш беруші бекіткен мына құжаттар:
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) санитарлық қағидаларының 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық; жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, тиеу және сақтау кезіндегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;
авария жағдайында персоналдың іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық

жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, тиеу және сақтау кезіндегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық жаңа және пайдаланылған ядролық отынды тасымалдаған жағдайда талап етіледі.
Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

өтініш берушінің радиациялық қауіпті жұмыстарға рұқсаты бар персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

тасымалдауға болжанған аспаптардың, қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрлері жөнінде, сонымен бірге тасымалдау жоспарланған көліктік қаптама комплектілері жөнінде түсіндірме жазба

өтініш беруші немесе лицензиат тасымалдайтын болжанған аспаптардың, қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрлерінің тізімі, сондай-ақ тасымалдау жоспарланған көліктік қаптама комплектілері жөнінде мәліметтер

еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші немесе лицензиат қол қоюы тиіс.
Көліктік қаптама комплектілерінің бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

7.

ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивті қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар құралдар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивті қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Көрсетілген арнайы көлік құралдарының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

8-бөлім. Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

полигонда болжанған жұмыстар бойынша түсіндірме жазба

өтініш беруші немесе лицензиат полигонда жүргізетін болжамды жұмыстар тізімі

еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші немесе лицензиат қол қоюы тиіс

2.

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық

"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) Санитарлық қағидаларға 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық

Көрсетілген құжат түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

персоналдың сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылауды қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарттың түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда: радиациялық бақылауды жүргізу жоспары; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары

ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарында және басқа да аумақтарда радиациялық бақылауды "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету" және "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыру" қызмет түрлеріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға жүргізеді.
Шарт түпнұсқасының, радиациялық бақылау жүргізу жоспарының, радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары мен радиациялық бақылау аспаптарынын бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

5.

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет немесе жауапты тұлға

радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы);
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
Қызметті құру (немесе жауапты тұлғаны тағайындау) туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің (немесе лауазымдық нұсқаулықтың), радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификатының түпнұсқасының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

6.

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамының (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

9-бөлім. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамының (тиісті білімін, дайындығын, жұмыс тәжірибесін және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары) бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

3.

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

өтініш беруші бекіткен: мәлімделген жұмыстарды жүргізу кезінде радиациялық қауіпсіздік бойынша; персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтар "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымындағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) Санитарлық қағидаларға 6-қосымша талаптарына сәйкес белгіленген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық

бұл тармақ ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

10-бөлім. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1.

2.

3.

1.

оқу өткізу үшін меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база (теориялық және практикалық сабақ өткізуге арналған оқу сыныптары, жабдықтар, аспаптар)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысанының 2-бағанында көрсетілген меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат

Көрсетілген оқу сыныптарының, оқыту жабдықтарының, техникалық құралдарының, радиациялық бақылау оқыту аспаптарының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

2.

ядролық және/немесе радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында арнайы дайындығы, практикалық тәжірибесі мен оқыту тәжірибесі бар білікті оқытушылардың біліктілік құрамы

оқытушылардың білімі, ядролық және/немесе радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында арнайы дайындығы (дайындау бағдарламасын қоса бере отырып) және жұмыс тәжірибесі (жұмыс берушінің күні мен оны тоқтату негізі туралы белгісі бар еңбек кітапшалары және жеке еңбек шарттары) туралы құжаттар

Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

3.

оқу және оқушылардың білімін тексеру бағдарламалары

өтініш беруші бекіткен сағаттарға бөлінген, теориялық және практикалық дайындығы бөліп көрсетілген; нақты сабақтарды өткізетін оқытушының тегі көрсетілген оқыту бағдарламалары;
тыңдаушылардың білімін тексеруге арналған билеттер (тестілер)

Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

4.

сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен сапасын қамтамасыз ету, персоналды жинақтау мен даярлау саласындағы өтініш берушінің саясатын сипаттай отырып, мәлімделетін жұмыстарды жүзеге асыру кезінде сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы; өтініш беруші мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын нормативтік құжаттар тізбесі, құжаттаманы басқару жүйесі, оқитындардың білімін бақылау тәртібі, мәлімделетін қызметте пайдаланылатын әдістемелердің сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы

Көрсетілген құжаттар түпнұсқаларының бар болуы лицензиардың 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен белгіленеді

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша

Мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) атауы

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат

Өзге заңдық құқығы болған жағдайда

Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы

Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі

Шарт жасалған заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша

Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Маман ның, техник тің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс орны, атқаратын қызме ті

Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні

Жеке немесе заңды тұлға жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострифика циялау туралы мәліметтер) (бұл тармақ рентгендік тексеру аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшы лар үшін толтырылмайды

Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (бұл баған жұмысшылар үшін толтырылмайды)

Оқу және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (бұл баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды)

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілер дегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (қызметінің атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (бұл баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілер де, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғы ларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтыры лады)

Персо налды "А" тобының персона лына жатқызу (иә/ жоқ)

1

2

3

4

5

6

7

8

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
3-қосымша

Лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі


  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
4-қосымша

Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу мен бақылауға жауапты адамның мақсаты бойынша бұйрық жөнінде ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын қызметі

Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың мерзімі

1

2

3

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
5-қосымша

Персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды)

Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/дара кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды)

Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды)

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі

Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
6-қосымша

Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Қызметті құру туралы (немесе жауапты адам туралы) бұйрықтың нөмірі және күні

Маманның тегі, аты-жөні және атқаратын қызметі

Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер)

Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы)

Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жүргізу құқығына берілген лицензияның нөмірі)

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
7-қосымша

Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Шарт тақырыбы

Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі

Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (берілген мәліметтер иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады)

Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/дара кәсіпкер/жеке тұлға атауы

Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
8-қосымша

Жеке қорғану құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Құралдың атауы және қысқаша сипаттамасы

Шыққан жылы

Қорғасын эквиваленті

1

2

3

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
9-қосымша

Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Иелік құқығын растайтын немесе өзге заңнамалық құқықтарды растайтың құжат

Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы

Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың мақсаты

Шыққан жылы және өндіруші ел

Зауыттық нөмірі және түгендеу күні

Техника лық паспорт тың нөмірі

1

2

3

4

5

6

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
10-қосымша

Теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Оқу сыныбы ның, оқыту жабдықтарының, техникалық құралдың, радиация лық бақылау аспабының атауы және қысқаша сипаттама сы

Меншік құқығын растайтын немесе өзге заңдық құқықтар ды растайтын құжаттың атауы

Өзге заңдық құқықтар болған жағдайда

Оқыту жабдығы ның, техникалық құралдың немесе радиация лық бақылау аспабының тағайында луы

Зауыттық нөмірі және түгендеу күні (оқыту сыныпта рына толтырыл майды)

Саны

Техни калық паспорттың нөмірі (радиа циялық бақы лау аспаптары үшін)

Шарттың нөмі рі, күні және қолдану мерзімі

Шарт жасалған заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
11-қосымша

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивті қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Арнайы көлік құралының атауы, маркасы

Арнайы көлік құралының мемлекеттік нөмірі

Арнайы көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат

Өзге заңдық құқығы болған жағдайда

Шарт тың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі

Шарт жасалған заңды тұлға/дара кәсіпкер/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН

1

2

3

4

5