"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21305 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17650 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      16-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 7 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" білім беру салалары бойынша арнайы емтихандардың нәтижелері бойынша түсушіге шығармашылық емтихан тапсыру орнына қарамастан ЖЖОКБҰ-ға ұсыну үшін рұқсат беру ведомосінен үзінді беріледі.";

      34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша), бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.";

      35-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары білім берудің шығармашылық білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантының иегерлері шығармашылық емтихан тапсыру орнына қарамастан ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.";

      3-қосымшада:

      8-жолда:

      "көрсетілетін қызметті алушы ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде" деген бөлімдегі 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.";

      "көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде" деген бөлімдегі 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.";

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге беріледі.

      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 15 маусымы мен 19 шілдесі аралығында жүргізіледі.

      Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 - 28 шілде аралығында өткізіледі.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 3 - 25 шілдесі аралығында жүргізеді. Қабылдау емтихандары күнтізбелік жылдың 17 - 22 тамызы аралығында өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен бастап 10 тамызына дейін жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 17 тамызынан 22-не дейін өткізіледі.

      Докторантураға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

      Магистратураға қабылдау күнтізбелік жылдың 11 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.";

      10-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Магистратураға немесе резидентураға түсуші адамдар күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын тапсырады.";

      10-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 11 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынады.";

      14-тармақта:

      "CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2" деген жол алынып тасталсын;

      19-тармақта:

      "CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2" деген жол алынып тасталсын;

      35-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖЖОКБҰ-ға күнтізбелік жылдың 9 қыркүйегіне дейін:";

      1-1-қосымшада:

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

      магистратураға – күнтізбелік жылдың 8 - 11 қыркүйегі аралығында;

      докторантураға – күнтізбелік жылдың 22 - 28 тамызы аралығында.

      ЖЖОКБҰ-да магистратураға қабылдау күнтізбелік жылдың 11 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ-да докторантураға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүзеге асырылады.";

      5-жолдың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және докторантура үшін күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін, магистратура үшін күнтізбелік жылдың 11 қыркүйегіне дейін қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады.";

      8-жолда:

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.";

      7) тармақшада:

      "CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2" деген жол алынып тасталсын;

      "портал арқылы өтініш жасаған кезде" деген бөлімдегі 4) тармақшадағы "CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2" деген жол алынып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.";

      2-тармақтың 4) тармақшасында:

      "CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2" деген жол алынып тасталсын;

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.";

      "портал арқылы өтініш жасаған кезде" деген бөлімдегі 4) тармақшада:

      "CEFR (Common European Framework of Reference - СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2" деген жол алынып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов