"Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 641 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21279 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелді, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 19 мамырдағы № 144-145 (26963)- 26964 санында жарияланды)) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар, қабылдау-тарату орнынан босатылған кезде "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген, одан әрі орналасу орнына жол жүру уақытына қабылдау-тарату орнында ұстау үшін көзделген тамақтану нормалар бойынша құрғақ тамақ және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы анықтама беріледі".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін (М.Т. Қабденов).

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев