"Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Рес

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21277 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және бухгалтерлік есеп жүргізуді және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "__" ________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 108 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары (бұдан әрі - Шот жоспары) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдардың, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаның құндық көрінісіндегі қаржылық есептілік элементтерін топтастыруға және ағымдағы көрсетуге және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік элементтерін ағымдағы көрсетуге арналған.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шот жоспары банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының (бұдан әрі – банктер), ипотекалық ұйымдардың және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепке алуда мынадай кластар бойынша жіктеу схемасын білдіреді:

      бірінші класс - "Активтер";

      екінші класс - "Міндеттемелер";

      үшінші класс - "Меншікті капитал";

      төртінші класс - "Кірістер";

      бесінші класс - "Шығыстар";

      алтыншы класс - "Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер";

      жетінші класс - "Балансқа меморандумның шоттары".".

      2. "Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 431-432 (27250-27251) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының (жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдарды қоспағанда) және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі - ұйымдар) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Қағидалардың 4-тарауының 2 және 3-параграфтары екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарына қолданылмайды.

      Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдары касса операцияларын жүзеге асыру кезінде "Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) басшылыққа алады.";

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік – Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы қалыптастыратын есептілік;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бас кітап - талдамалық есептің деректерін жинақтау, жекелеген шоттар бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеру үшін және қаржылық есептілікті немесе бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау үшін пайдаланылатын кітап;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) үлгі шот жоспарлары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларымен бекітілген бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарлары:

      "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген);

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген);";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері бухгалтерлік есеп деректері бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуді, есеп беруді жасауды және ұсынуды, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша ішкі құжаттарды дайындауды, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге басқару органының бекітуіне ұсынуды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға болып табылады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бас бухгалтердің функционалдық міндеттері ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысы бекіткен оның қызметтік нұсқаулығымен айқындалады.

      6. Бас бухгалтер ұйымның немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент -сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе оның орынбасарына тікелей бағынады.";

      7-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің есеп саясатының негізінде бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау жөніндегі ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;";

      4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу, қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау мәселелері жөніндегі ұйымның ішкі құжаттары мазмұнының Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына өзектілігін қамтамасыз ету;

      5) ұйымның барлық жасалынған операцияларын, сондай-ақ ұйымның қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бизнес-процесін келісу арқылы олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікте уақтылы және шынайы көрсетуді және (немесе) тексеруді қамтамасыз ету;

      6) ұйымның барлық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылатын операцияларды орындау, ресімдеу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулар жасау арқылы бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау кезінде бақылау функциясын жүзеге асыру;

      7) қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті толық және уақтылы жасау мен ұсыну жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;";

      24-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бастапқы құжаттарды, қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті есеп саясатын және бухгалтерлік есептің өзге құжаттарын сақтау тәртібі мен кезеңі;";

      38-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бас кітаптың немесе деректер базасының ақпараты негізінде қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік қалыптастырылады.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Ревизия нәтижелері ревизия аяқталған сол кезеңнің бухгалтерлік есебінде және қаржылық есептілігінде, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілігінде көрсетіледі. Кассаны ревизиялау кезінде анықталған айырмашылықтар шығасылар туындаған кезде кіріс ретінде және кем шығулар туындаған кезде шығыс ретінде танылады.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Қажет болған жағдайда мүлікті жүйеден тыс есепке алу ұйымның бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті немесе бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау үшін қолданатын ақпарат жүйесінде жүзеге асырылады.";

      қосымша осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда нормативтік құқықтық актілерді Электрондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларына:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының (айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі - ұйым) бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік - Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы қалыптастыратын есептілік.";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қағаз тасымалдағышта басылып шығарылған және бекітілген қаржылық есептердің және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептіліктердің не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта ұсынылған қаржылық есептердің және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептіліктердің және ақпараттық жүйеден қалыптастырылған электрондық есептердің бірдейлігі қамтамасыз етіледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметтің үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін ұйым мыналар қамтылатын ішкі құжатты әзірлейді және ұйымның басшысы не оның орнындағы адам, немесе ұйымның өзге басқару органы оны бекітеді";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармағымен толықтырылсын:

      "6-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қағидалардың 6 - тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген нормаларды қамтитын ішкі құжатты әзірлеуін және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің басшысы не оның орнындағы тұлға немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің өзге басқару органы бекітуін жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізуді автоматтандыру мынадай жүйелілікпен қамтамасыз етіледі:

      1) ұйым жасайтын барлық операциялардың нақтыланған бухгалтерлік есебі жүйе құрауыштарының (модульдер, шағын жүйелер) талдамалық бухгалтерлік есебінде бастапқы құжаттардың негізінде көрсетіледі;

      2) бастапқы құжаттардағы ақпарат бухгалтерлік есеп регистрлерінде жинақталып, жүйеге келтіріледі;

      3) талдамалық есептің деректері синтетикалық есеп шоттары бойынша топтастырылады;

      4) синтетикалық есептің деректері бас кітапта және (немесе) дерекқорында көрсетіледі;

      5) бас кітаптың және (немесе) дерекқордың ақпараты негізінде жекелеген қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік қалыптастырылады.

      Ақпараттық жүйені пайдалана отырып, жекелеген қаржылық есептілікті қалыптастыруды автоматтандырған кезде ұйым бухгалтерлік баланстың пайда және зиян туралы есептің, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің, капиталдағы өзгерістер туралы есептің автоматты түрде қалыптастырылуын қамтамасыз етеді.

      Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті қалыптастырған кезде ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің көрсеткіштеріне қолмен түзетулер енгізуге жол беріледі.

      Ақпараттық жүйені қолдана отырып бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті қалыптастыруды автоматтандыру кезінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті және ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті автоматты түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы ақпараттық жүйені қолдана отырып бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру үшін мазмұны Қағидалардың 9 - тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келетін ішкі құжаттарды әзірлеуін және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің басшысы не оның орнындағы тұлға немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің өзге басқару органы бекітуін қамтамасыз етеді.".

      4. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және сақтандыру брокерлеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерінің бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық;";

      осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары (бұдан әрі - Шоттар жоспары) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және өзара сақтандыру қоғамдарының (бұдан әрі - ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін топтастыру, қаржылық есептілікті жасау үшін және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік элементтерін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге арналған.";

      осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді.

      2. Нұсқаулық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі - ұйым) меншiктi ақшаны бағалы қағаздарға, РЕПО және керi РЕПО операцияларына, заемдарға, тазартылған қымбат металдарға, шетел валютасына, туынды құралдарға орналастыру операцияларының, сондай-ақ хеджирлеу операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргізуді нақтылайды.

      Осы Нұсқаулықтың 4, 8 және 9-тараулары исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.".

      5. "Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу туралы" 2018 жылғы 26 ақпандағы № 39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16639 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу туралы";

      Преамбула және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабына сәйкес, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің (бұдан әрі - аппараттық-бағдарламалық кешендер) бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары (бұдан әрі - банк) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде берілетін аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің мынадай міндетті деректемелері белгіленсін:

      1) банктің (оқшауланған бөлімшенің, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшенің) атауы;

      2) банктің (оқшауланған бөлімшенің) бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      3) аппараттық-бағдарламалық кешеннің салық органындағы тіркеу нөмірі;

      4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегінің банкте (оқшауланған бөлімшеде, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшеде) берілген реттік нөмірі;

      5) операция жүргізілген күн және уақыт;

      6) операцияның атауы;

      7) әрбір жүргізілген операцияның сомасы;

      8) жүргізілген операциялар бойынша жалпы қорытынды.".

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
бухгалтерлік есеп жүргізу және
бухгалтерлік есеп жүргізуді
автоматтандыру мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
қосымша
  Бухгалтерлік есеп жүргізуді
ұйымдастыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру схемасы