Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметті жүзеге асыру қағидаларын және шарттарын

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 87 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21270 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметті жүзеге асыру қағидалары және шарттары бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі № 87
Қаулыға 1-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру нарығы туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды.

      Қағидалар сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.

      Рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалының бизнес-жоспары;

      4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 тіркелген, "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары;

      5) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген құжаттар.

      Өтініш оған қоса берілетін құжаттармен бірге қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылындағы қаржылық есептілікті (бар болса шоғырландырылғанды қоса алғанда) қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы, өзге де құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландыруға тиіс.

      5. Уәкілетті орган өтінішті Банктер туралы заңның 27-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде қарайды.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган оларды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      7. Уәкілетті орган Қағидаларда көзделген, тазартулары, қосып жазулары не сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      8. Рұқсат беру туралы хабарламаны не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хатты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына шешім қабылданған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде (Заңның 27-бабының 6-тармағында белгіленген мерзім шегінде) жібереді.

      9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның филиалын ашуға рұқсат Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      10. Рұқсат беруден бас тартуға:

      1) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің ол белгілеген мерзімде жойылмауы;

      2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты дәйексіз ақпарат беру;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылындағы зиян шеккен қызметі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының
филиалын ашуға рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті Қазақстан Республикасының бейрезидент-

      ________________________________________________________________________________

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан беруге өкілеттігін растайтын

      ________________________________________________________________________________

      нотариат куәландырған немесе өзге түрде куәландырылған құжатқа сілтеме)

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (кім қабылдаған)

      Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы __________ жылғы "________" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру)

      ____________________________________________________________________ ашуға рұқсат беруді сұрайды ұйымының ашылатын филиалының атауы және орналасқан жері)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылған ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар санын көрсету):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғасының не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолы, күні)

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының
филиалын ашуға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы туралы мәлімет __________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атауы) "___" _____________________ 20___ жылғы

      1. Орналасқан жері және нақты мекенжайы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      2. Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер ________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. ________________________________________________________________________

      ___________________________________жүзеге асыру құқығына лицензия.

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      5. Қызметтің түрі ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлерін көрсету)

      6. ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, кім берді)

      өтінішін беру күніне халықаралық шәкіл бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру ұйымының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі.

      7. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымында ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма ______________________________________________________________

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      8. Құрылтайшы – жеке тұлға _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

      1) туған күні _______________________________________________________________

      2) туған жері _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3) азаматтығы ______________________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _______________________________________

      __________________________________________________________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7) телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй) ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      8) білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5






      9) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта құрылтайшы – жеке тұлғаның бүкіл еңбек қызметi, сондай-ақ тиісті басқару органдарына мүше болуы, оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ құрылтайшы – жеке тұлғаның еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      11) жарғылық капиталға немесе Қазақстан Республикасының өзге заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы
(пайызбен)

1

2

3

4





      12) құрылтайшы – жеке тұлғада азаматтығы бар елде немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса бере отырып, белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының _____________________

      екені туралы азаматтығы бар елдің не                                    (иә, жоқ)

      құрылтайшы – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген мәліметтер. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұралған адамдарға растайтын құжаттарды беруді қарастырылмаса, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органға жіберіледі.

      13) құрылтайшы – жеке тұлға бұрын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органына Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      ________________________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы

      ________________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртiптiк жаза қолдану туралы актінің деректемелері)

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (құрылтайшы – жеке тұлға өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ______________________________

      Күні _______________________________

      9. Құрылтайшы – заңды тұлға ________________________________________________

      (атауы)

      1) орналасқан жері және нақты мекенжайы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      2) мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер ________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      3) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      4) қызмет түрі ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі)

      5) құрылтайшы – заңды тұлғаның басшысы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса), туған күні)

      6) соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма ___________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      7) оларға қатысты құрылтайшы – заңды тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы – заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы – заңды тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Құрылтайшы – заңды тұлға басшысының қолы ______________________

      Күні _________________________

      10. Атқарушы органының бірінші басшысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

      1) туған күні _______________________________________________________________

      2) туған жері _______________________________________________________________

      3) азаматтығы ______________________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректер _______________________________

      __________________________________________________________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _______________________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      7) телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй) ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      8) білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5






      9) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ тиісті басқару органдарына мүше болуы), оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету)

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысына (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаға) тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының бірінші басшысында (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғада) азаматтығы бар елдің (тұрғылықты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген) азаматтығы бар елде (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса бере отырып, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының

      ____________________________________________________________________ болуы туралы

      (иә, жоқ)

      мәліметтер.Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Осы құжатты азаматтығы бар елдің немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) тиісті органы уәкілетті органға жауап және атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжатты жіберу арқылы ұсынады.

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _______________________

      Күні ________________________

      11. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының басшысы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      1) туған күні _______________________________________________________________

      2) туған жері _______________________________________________________________

      3) азаматтығы ______________________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжат деректері __________________________________

      __________________________________________________________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _______________________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      7) телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үйінің) ____________________________

      __________________________________________________________________________

      8) білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5






      9) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ тиісті басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6







      11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету)

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысына (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаға) тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      12) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқарушы органының басшысында азаматтығы бар елде немесе тұрғылықты тұратын елде қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың және жеке басын куәландыратын құжатты (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қоса бере отырып, белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығының ________________ екендігі туралы азаматтығы бар

      (иә,жоқ)

      елдің соңғы 15 (он бес)жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген мәліметтер. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Осы құжат азаматтығы бар елдің тиісті органы немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органға жауап жіберу арқылы және басқарушы органының басшысының (атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (азаматтығы жоқ адамдар үшін) ұсынады.

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болғанда)

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқарушы органының басшысы өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _______________________

      Күні ________________________

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымының филиалын ашуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

(Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкінде басылады) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат

      № ______                              20__ жылғы "___" ____________

      Осы рұқсат ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берілді. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсаттың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      __________ жылғы "________" ___________ _______________

  Қаулыға
2-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметті жүзеге асыру қағидалары және шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметті жүзеге асыру қағидалары және шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын айқындайды.

      2. Қағидалар сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметті жүзеге асыру тәртібі және шарттары

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз қызметінде Заңның 2-бабының 4-тармағын басшылыққа алады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы шарттарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асырады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру қағидаларын және ішкі қағидаларын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.

      6. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру қағидаларын және ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.