"Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 21250 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Паспорт үш данада жасалады. Паспорттың екі данасы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жіберіледі, үшінші данасын жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.

      Техногендік минералдық түзілімдерді (бұдан әрі – ТМТ) қоймаға жинаған кезінде жер қойнауын пайдаланушы паспортты төрт данада жасайды және өткен күнтізбелік жылғы паспорттың екі данасын аумақтық бөлімшеге, үшінші данасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жыл сайын ағымдағы есептік жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады, төртінші данасын жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.

      Кең таралған пайдалы қазбалардан құралған, өткізу мақсатында қолдануы жоспарланған аршу және (немесе) сыйысымды жыныстардан ТМТ жинау кезінде, 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушы паспортты үш данада жасайды: екі данасын аумақтық бөлімшеге, үшінші данасын жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Кен орындарының қорларын жыл сайынғы мемлекеттік есептеу өндіру нәтижесінде, оларды өндіру кезіндегі шығындар, сондай-ақ пайдалы қазбалар ресурстарын және (немесе) қорларын қайта бағалау кезіндегі, есеп жылына болжамды (перспективалы) ресурстар туралы геология-экономикалық деректер алынған пайдалы қазбалар бойынша есептілікке, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-1,17,18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынылған деректерге негізделеді."

      "КAZRC кодексі бойынша көмір бойынша жер қойнауы қорларын мемлекеттік есепке алу" 25-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолда:

      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Игерілу дәрежесі, жылы;

      2) кәсіпорынның, шахтаның, қиманың жылдық жобалау және өндірістік қуаттылығы;

      3) санаттар бойынша қорларды бағалау тереңдігі:

      өлшенгендер+анықталғандар, болжамды;

      4) игерудің ең көп (нақты) тереңдігі, метр;

      5) деңгейжиектіктің, қабаттың жату тереңдігі, метр;

      6) пайдалы қалыңдық қуаттылығы, метр;

      7) аршу коэффициенті, м3/тонна немесе м33;

      8) шымтезек қуаттылығы мен көлемі, метр";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 11-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 22 қыркүйегі
№ 229 Бұйрыққа
1 - қосымша
  Мемлекеттік жер қойнауы
қорының бірыңғай кадастрын
жүргізу қағидаларына
11-1-қосымша

"Н" паспорты Кең таралған пайдалы қазбалар: аршу және (немесе) қоршауыш жыныстардан құралған техногендік минералдық түзілімдер

  _______________
гриф
№_____ дана

      № _______________________                   № _________________________

      Аумақтық бөлімшенің                               Уәкілетті органның

      Пайдалы қазбалар ____________________________________________

      Құрастырған_________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)       (қолы)       (күні)

      Мөрдің орны (болған кезде)

      Тексерген ______________________ _________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)       (қолы)       (күні)

      Паспортты қабылдау

Мекеме

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

лауазымы

қолы

күні

Аумақтық бөлімше





Уәкілетті орган





      1. Объектінің географиялық координаттары:

Бұрыштық нүктенің нөмірі

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

Градустар

Минуттар

Секундтар

Градустар

Минуттар

Секундтар

1

2

3

4

5

6

7








      2. Жер қойнауын пайдаланушы ұйым:

Жер қойнауын пайдаланушы ұйым

Бас кен орнының және (немесе) жер қойнауы кеңістігінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт/лицензия

Жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері

Заңды мекен-жайы

Телефоны

1

2

4

5





      3. Аналық кен орнының аршылған және қоршауыш жыныстарын өңдеу әдісі:

Аналық кен орынның атауы

Аршу және қоршау жыныстарынан тұратын кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеу әдісі

1

2



      4. Объектінің әкімшілік орналасуы:

Облыс

Аудан

Қала, кент

1

2

3




      5. Жинап қойылған аршу және қоршау жыныстарының параметрлері:

Ұзындығы, метр

Ені, метр

Биіктігі, метр

Ауданы,
шаршы шақырым

Көлемі,
мың текше метр

1

2

3

4

5






      6. Қорларды есептеу әдістемесі:

Қорларды есептеу әдістемесі

1


      7. Кең таралған пайдалы қазбалардың сипаты:

      7.1. Кең таралған пайдалы қазбалардың негізгі сипаты:

Негізгі сипаты

Сипаттамасы

1

2

Минералды құрамы


Негізгі тотықтардың химиялық құрамы


Петрографиялық және литологиялық құрамы


Гранулометриялық құрамы


Физикалық-механикалық қасиеттер


      7.2. Кең таралған пайдалы қазбалардың қосымша сипаттары:

Қосымша сипаттары

Сипаттамасы

1

2



      8. Қолданылу саласы:

Пайдалы қазба

Қолданылу саласы

Мемлекеттік стандартқа сәйкестігі

1

2

3




      9. Қорлар:

Пайдалы қазбаның типі (метаморфтықжыныс, магмалық жыныс, шөгінді жыныс)

Пайдалы қазба

Өлшем бірлігі

№__ паспорт бойынша пайдалы қазбаның қоры

Жинап қоюмен байланысты қорлардың өсімі (+-)

Сатылған қорлар

Паспортты толтырған күнгі 20__ жылғы "_____"__________пайдалы қазбаның қорлары

1

2

3

4

5

6

7








      Паспортқа түсіндірме жазба* және мынадай графикалық қосымшалар** қоса беріледі:

      1) ахуалдық жоспар;

      2) объектінің геологиялық картасы;

      3) қорларды есептеу жоспары;

      4) қималар.

      * Түсіндірме жазбада жер қойнауын пайдаланушы туралы деректер, бас кен орнын өндіруге және (немесе) жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған келісімшарт/лицензия туралы мәліметтер, бас кен орнының геологиялық құрылысы, аршу және қоршауыш жыныстарды игеру тәсілі, жерасты өндіру тәсілімен қоршауыш жыныстарды алу кезінде қазу қабаттары көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ түсіндірме жазбада жүргізілген жұмыстардың түрлері, әдістемесі мен көлемдері, зертханалық зерттеулер, техногендік минералдық түзілімдер мөлшері мен пішіні, пайдалы қазбаның заттай құрамы, қорларды есептеу әдістемесі және есебі, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері және пайдалы қазбаның өндірістік мақсаттарда жарамдылығы көрсетіледі.

      ** Графикалық қосымшаларда аспаптық негізде техногендік минералдық түзілімдердің орналасу, құрылысының, топографиялық түсірілімнің және көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабтағы өтілген қазбалардың планын жасай отырып, техногендік кен орындарының беті міндетті түрде бейнеленуге тиіс.