Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 21249 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 22 қыркүйегі
№ 294 бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 16-07/296 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9578 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 191 (28414) болып жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жануарлар ауруларын диагностикалау үшін, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың және азықтардың тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау үшін, биологиялық және патологиялық материалдардан сынама іріктеп алу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына (бұдан әрі – Іріктеп алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ілеспе құжаттарда (қан сынамаларын алу тізімдемелері) көрсетілген диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық материал санының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы жануарлар басы (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқа да топтары) санының бар-жоғы туралы мәліметтерге сәйкестігін және үйірдегі, табындағы, отардағы, шаруашылық субъектісіндегі және жануарлардың басқа да топтарындағы жануарларды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда (бұдан әрі – Ветеринариялық-санитариялық қағидалар) көзделген жануарлар ауруының түріне және диагностикалық зерттеулердің жиілігіне байланысты) қамтуды және бір уақытта зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында алынған қан сынамалары санының жануарлар басы (табындағы, топтағы, отардағы, шаруашылық субъектісіндегі және жануарлардың басқа да топтарындағы) санына сәйкестігін;

      4) диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдың Іріктеп алу қағидаларына сәйкестігін;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеу жағдайларын қоспағанда, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдаған жағдайда, диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды жүзеге асыратын ветеринариялық зертхананың қызметкерлері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау-беру актісін толтырады.

      Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, қабылдау-беру актісі қалған жануарлар басынан (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқада топтары) биологиялық материал сынамасы алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде толтырылады.

      Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, қалған жануарлар басынан (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқа да топтары) алынған биологиялық материал сынамалары бес жұмыс күні ішінде жолданбаған (ұсынылмаған) кезде ветеринариялық зертхана көрсетілген мерзім өткеннен кейін биологиялық материал сынамасын қан сынамаларын алу тізімдемесіне қол қойған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қатысуымен кәдеге жаратады, ол кәдеге жарату нәтижелері бойынша еркін нысанда жасалған тиісті қан сынамаларын кәдеге жарату актісіне қол қояды.

      Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмейтін биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына бес жұмыс күні ішінде сынама жолданбаған (ұсынылмаған) кезде, ветеринариялық зертханакөрсетілген мерзім өткеннен кейін аумақтық бөлімшені хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8862 болып тіркелген) бекітілген Нұсқамалар нысандарына, оларды жасау және беру қағидаларына сәйкес нұсқама бере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Диагностикалық зерттеулер жануарлардың ауруларына байланысты Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда, халықаралық және ұлттық стандарттарда, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюроның қолдауымен әзірленген стандарттарда, нұсқамаларда және ұсынымдарда көзделген әдістерді пайдалана отырып жүргізіледі.".

      2. "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларында:

      4 және 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (бұдан әрі – ветеринариялық іс-шаралар) аурулардың түріне қарай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес шектеу іс-шараларын, карантинді енгізу кезеңдерін қоса алғанда, ветеринария саласындағы мамандардың ауру адамнан, жануардан сау адамға (жеке қорғаныш құралдарын (арнайы киім, бетперделер мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/пластикалық бетперде), антисептиктерді және басқа да қауіпсіздік шараларын қолдану) ауруды болдырмау, аурудың берілуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

      4-1. Ветеринариялық іс-шаралар аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы акт жасалады, оған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша вакцинациядан, аллергиялық тексеруден, өңдеуден өткен жануарлардың тізімдемесі қоса беріледі.

      Жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтер "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірме беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) (бұдан әрі – АЖБ қағидалары) бекітілген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. ЖАО ұсыныстары бойынша қоса алғанда, ветеринариялық іс-шаралар жүргізу кезеңінде ветеринариялық іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына ветеринариялық іс-шаралар жүргізудің жоспарланған айына дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы жануарлар басы бойынша мәліметтер, жануарларды бірдейлендіруді жүргізу мерзімдері, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) болуы ескеріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді (жануарларды вакциналау/аллергиялық зерттеу, қан сынамаларын алу және ветеринариялық зертханаға жеткізу) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО-сы құрған ветеринариялық пункттері бар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – ЖАО ұйымдары) жүзеге асырады.

      Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу осы Қағидалардың 4-1 және 15-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындаған жағдайда аяқталған болып есептеледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қан сынамаларын алу және оны ветеринариялық зертханаға тасымалдау (жеткізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханадан алынатын қан сынамаларын алу жүйесін пайдалана отырып және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қан сынамаларын алу актісін жасай отырып жүзеге асырылады. Осы актіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған қан сынамалары бойынша жануарлардың тізімдемесі қоса беріледі.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа, фермер қожалықтарының жануарларынан осы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа, фермер қожалықтарының ЖАО ұйымымен еңбек қатынастары бар ветеринариялық дәрігерлеріне қан сынамаларын алуға жол беріледі.

      Жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар (қан сынамаларын алу және ветеринариялық зертханаға жеткізу) және олардың нәтижелері туралы мәліметтер АЖБ қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі.".

      3. "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 7-1/700 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды карантиндеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды карантиндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды карантиндеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бақылау аймағы – буферлік (қорғаныш) жәнесаламатты аймақтар арасында белгіленген аймақ;

      2) буферлік (қорғаныш) аймақ – жануарлар ауруы қоздырғышының әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу жолымен саламатты өңірде немесе мәртебесі белгіленбеген өңірде жануарлардың субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;

      3) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      4) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер;

      5) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру – жануардың саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жүргізетін жануарды клиникалық қарап-тексеру;

      6) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер жүргізу мақсатында жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;

      7) саламатты аймақ – жануарлардың жұқпалы ауруларынан таза аймақ;

      8) саламатсыз аймақ– жануарлардың жұқпалы аурулары белгіленген аймақ.

      3. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық өңдеулер жүргізу мақсатында жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларға карантиндеу жүргізеді.

      Мыналардан (ға):

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақталған және ветеринариялық құжаттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында олар бойынша мәліметтер көрсетілген жағдайда, жануарларды сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындары) санитариялық союды жүргізу үшін оларды өткізуді қоспағанда, саламатсыз аймақтан;

      2) буферлік (қорғау) аймақтан саламатты аймаққа;

      3) саламатсыз аймаққа;

      4) вакциналанған саламатты аймақтан вакциналанбаған саламатты аймаққа;

      5) вакциналанған саламатты аймақтан тиісті ветеринариялық өңдеулерді жүргізбей вакциналанбаған саламатты аймаққа жануарларды әкелу, сатып алу, әкету, орнын ауыстыру, келтіру жүзеге асырылмайды.

      4. Егер:

      1) республика аумағы бойынша аумақ эпизоотиялық тұрғыдан саламаттыболғанда немесе жөнелту пункті мен межелі пункт аймақтарына бірдей типпен бөлінгенде және олар бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда көрсетілген кезде;

      2) жануарларды кейіннен санитариялық сою үшін жануарларды сою объектілеріне (ет өңдеу кәсіпорындары) олар бойынша мәліметтерді ветеринариялық құжаттарда және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда көрсете отырып, жеткізу кезіндежануарлар жаңадан келтірілсе, әкелінсе, сатып алынса, әкетілсе, орны ауыстырылса, онда жануарларды карантиндеу жүргізілмейді.

      5. Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында өткізілетін, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарларды карантиндеу ұзақтығы, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда өзгеше көзделмесе, кемінде күнтізбелік 21 (жиырма бір) күнді құрайды.

      Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда өзгеше көзделмесе, жөнелтуші елде және алушы елде карантинделеді.

      Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарларды карантиндеу қажеттігін, ұзақтығын және шарттарын аумағына жануарларды әкелу жоспарланып отырған аумақтық бөлімше айқындайды.

      6. Республика ішінде аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа) эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктерден (ке) жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу ұзақтығы кемінде күнтізбелік 7 (жеті) күнді құрайды.

      Республика ішінде эпизоотиялық тұрғыдансаламатты әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) аймақтарғатүрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа) орны ауыстырылатын жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық-санитариялықталаптарда өзгеше көзделмесе, жөнелтушінің шаруашылық субъектісіндекарантинделеді.

      Республика ішінде эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанғанн саламатты аймаққа) жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу қажеттігін, ұзақтығын және шарттарын аумағына жануарларды әкелу (орнын ауыстыру) жоспарланып отырған аумақтық бөлімше айқындайды.

      7. Жануарларды карантиндеу кезінде ауруға күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, оларды карантиндеу мерзімін тиісті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері эпизоотиялық ахуалды анықтау және соңғы диагнозды белгілеу бойынша қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті кезеңге ұзартады.

      Егер карантиндеу кезеңінде жөнелтуші елде (үшінші елдер немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) немесе межелі пунктте (жануарлар республика ішінде эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа орын ауыстырғанда)) және диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жануарларда оң (серологиялық, аллергиялық және басқа да зерттеулер) реакциялар анықталса, онда ведомство карантинделетін жануарлардың барлық партиясын немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделетін жануарларды әкелуден бас тартады.

      Егер карантиндеу кезеңінде үшінші елдерден немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген жануарларды жеткізу пунктінде диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша жануарлардан оң (серологиялық, аллергиялық және басқа да зерттеулер) реакциялар анықталса, ведомство карантинделген жануарлардың барлық партиясын немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделген жануарларды әкелуден бас тартады.

      Мұндай жануарларды республикадан тыс жерлерге (үшінші елдер немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) әкету мүмкін болмаған жағдайда, ондай жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 704 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 тіркелген) бекітілген Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.

      8. Жануарларды карантиндеу кезеңінде жануарлар шаруашылық субъектісінде бар мал басынан бөлек күтіп-бағылады және жануарларды карантиндеу кезеңі аяқталғанға дейін басқа жануарлармен тікелей немесе жанама байланыста болуын болдырмау шаралары қабылданады.

2-тарау. Жануарларды карантиндеу тәртібі

      9. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың жоспарлы келуі, әкелінуі, сатып алынуы, әкетілуі, орнын ауыстыруы алдында бұл туралы аумақтық бөлімшелерге, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) жазбаша түрде жануарлардың жоспарланған келуіне, әкелінуіне, сатып алуына, әкетілуіне, орын ауыстыруына дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.

      10. Жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпарат негізінде аумақтық бөлімшелер 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЖАО бөлімшелерімен бірлесіп жануарларды карантиндеу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Жануарларды карантиндеудің бекітілген жоспарының көшірмесін аумақтық бөлімше бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат алынған жеке және заңды тұлғаға жібереді.

      Жануарларды карантиндеу жоспарында әкелінген жануарларды карантиндеу ұзақтығы мен шарттары, жүргізілген күні, ветеринариялық іс-шараларды орындауға жауапты тұлғалар, ауруға күдікті жануарлар, ауру жануарлар анықталған кездегі іс-шаралар қоса көрсетіле отырып, диагностикалық зерттеулерге, ветеринариялық өңдеулерге жататын жануарлар ауруларының тізбесі көрсетіледі.

      Жануарларды карантиндеу кезеңінде диагностикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлаған кезде бұрын жүргізілген ветеринариялық өңдеулер, диагностикалық зерттеулердің дұрыс емес қорытындыларын алуды болдырмау мақсатында жануарларды вакциналау, аумақты аймақтарға бөлу және мүйізді ірі қара малды бруцеллез бен туберкулезге, ұсақ малды, түйелер мен шошқаларды бруцеллезге, жылқыларды маңқа, күйек ауруына, есектер мен қашырларды маңқаға міндетті диагностикалық зерттеу, сондай-ақ асыл тұқымды жануарларды паратуберкулез, трихомоноз, (Trіchomonasfetus), бұқалар үшін кампилобактериоз (Campylobacterfetusvenerealіs), хламидиоз, лептоспироз (егер вакциналанбаған болса немесе профилактикалық мақсатта дегидрострептомицинмен немесе эквивалентті әсер беретін заттармен өңделмеген болса), инфекциялық ринотрахейт пен ірі қара малдың вирустық деареясына (егер жануарлар алдын ала вакциналанбаған болса) қосымша зерттеулер туралы мәліметтер ескеріледі. Үшінші елдерден немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттерден әкелінетін жануарларды карантиндеу кезінде межелі пунктте диагностикалық зерттеулерді жүргізуді жоспарлаған кезде межелі орында Шмалленберг ауруына мониторингтік диагностикалық зерттеу жүргізу ескеріледі.

      Егер алушы елдің аумағында жануарлардың басқа ауруларының профилактикасы және/немесе жойылуы бойынша бағдарламалар жүргізілсе ғана, осы ауруларға зерттеулер жүргізіледі.

      11. Жануарларды үшінші елдерден әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тасымалдау кезінде карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар Еуразиялық экономикалық одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ережені сақтай отырып жүзеге асырылады. Жануарлардың диагностикалық зерттеулері және ветеринариялық өңдеулері карантинге жатқызылған жануарлармен ілесіп жүретін ветеринариялық сертификатта және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ауруларға қарсы жүргізіледі.

      Жануарларды республика ішінде аймақтарға түрлі бөлу типтерімен (бақылау аймағынан саламатты аймаққа немесе саламатты аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған саламатты аймақтан вакциналанған саламатты аймаққа) эпизоотиялық тұрғыдан саламатты әкімшілік-аумақтық бірліктерден (ке) тасымалдау кезінде карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды эпизоотиялық ахуалға және жануарлар келген (әкелінген) жердегі нақты нозологиялық бірлік жөніндегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға және осы Қағидалардың 10-тармағына байланысты аумағына жануарларды әкелуді (тасымалдауды) жүзеге асыру жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық бөлімшесі айқындайды.

      Қосымша диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер (вакциналауды қоса алғанда) жүргізуге алушы-елдің немесе алушының шаруашылық субъектісінің сұрауы бойынша немесе жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындағанда жануарларды карантиндеу кезеңінде оларда клиникалық белгілер болған жағдайда жол беріледі.

      12. Жануарларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Жануарларды карантиндеу кезеңінде:

      1) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру, жануарлардың термометриясы;

      2) жануарларды карантиндеу жоспарында айқындалған жануарлар ауруларына қарсы ветеринариялық өңдеулер және диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

      Карантинделетін жануарлар туралы ақпарат "Ветеринариялық есеп және есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журналға және жануарлар ауруларын (ауру тіркелген жағдайда) тіркеуге арналған журналға енгізіледі.

      14. Диагностикалық зерттеулерді мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүргізеді. Жануарларды ветеринариялық өңдеулерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүргізеді.

      Жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер жүргізу Заңның 35-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін иеленушілер есебінен жүзеге асырылады.

      15. Егер жіберуші елдің аумағында немесе жөнелтушінің шаруашылық субъектісінде зерттеулер барысында диагностикалық зерттеулердің оң немесе күмәнді нәтижелері алынса, бұл туралы алушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органына немесе алушының шаруашылық субъектісінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге дереу хабарланады. Егер алушы елдің аумағындағы немесе алушының шаруашылық субъектісіндегі зерттеулер барысында диагностикалық зерттеулердің оң немесе күмәнді нәтижелері алынса, бұл туралы жіберуші елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органына немесе жіберушінің шаруашылық субъектісінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге дереу хабарланады.

      16. Карантиндеу нәтижелері бойынша диагностикалық зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізеді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін жасайды.

  Жануарларды карантиндеу
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Эпизоотикалық зерттеп-қарау актісі ______________________________________________________________ (шаруашылық субъектісінің атауы және оның мекенжайы)

      Мен __________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (эпизоотиялық зерттеп-қарау жүргізген адамның аты, әкесінің аты (барболса),

      тегі, лауазымы)

      ___________________________________________ эпизоотиялық зерттеп-қарау

      (эпизоотиялық зерттеп-қарау объектісінің атауы, мекенжайы)

      жүргіздім.

      Бұл ретте, мыналар анықталды:

      Жануарды сатып алу (әкелу, шаруашылық субъектісіне келтіру)

      кезеңі _____________________________________________________________

                              (күні, айы, жылы)

      Жануарларды карантиндеудің басталуы ________________________________

                                                (күні, айы, жылы)

      Жануарлардыкарантиндеудің аяқталуы ________________________________

                                                (күні, айы, жылы)

      Шаруашылықтың сипаттамасы (мамандануы, өсірілетін жануарлардың түрлері)

      _______________________________________________________________

      Сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген, түрі мен жасына қарай топтарға бөлініп

      карантиндеуге қойылған жануарлардың саны ____________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарлар қайдан әкелінді ___________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектісінде бар жануарлар басынан карантиндеуде тұрған

      жануарларды күтіп-бағудың өзгешелігі _________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды тамақтандыру __________________________________________

      Суат сипаттамасы____________________________________________________

      Жайылымдар сипаттамасы ___________________________________________

      Ағынды судың зарарсыздандырылуы ___________________________________

      ___________________________________________________________________

      Көң қоймасы мен көңді жинау _________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Азықты дайындау және сақтау шарттары ________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарлардан алынатын өнімді өткізу, залалсыздандыру шарттары ________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басқа да шаруашылық байланыстар (үлкен жүретін және айдайтын жолдардан,

      елді мекендерден, базар, ішкі сауда объектілерінен, қоқыс үйінділерінен, ет өңдеу

      кәсіпорындарынан, ет-сүйек ұнын жасайтын зауыттардан ара қашықтығы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларға азық жеткізу және қамтамасызету _________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеуге қойғанға дейін жүргізілген олардың

      диагностикалық зерттеулері (аурудың атауы, өткізілген күні және нәтижелері)

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантинтеуге қойғанға дейін жүргізілген олардың өңдеуі

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (аурудың атауы, өткізілген күні, препараттың түрі, вакцина, қолдану тәсілі)

      ___________________________________________________________________

      Жануарларға арналған құрылыстардың тұрғын үйлерден алыстығы және бөгде адамдар

      қатынасынан қоршау тәсілдері _________________________________

      ___________________________________________________________________

      Бөгде адамдар шаруашылық субъектісіне қаншалықты жиі келеді

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектісінде қараусызиттер мен мысықтардың бар-жоғы

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық жүргізу субъектісінің ветеринариялық-санитариялық сипаттамасы

      Ветеринария саласындағы мамандардың саны __________________________

      ___________________________________________________________________

      Ветеринариялық персоналды арнайы жұмыс киімімен, шаруашылықты

      дезинфекциялау құралдарымен, ветеринариялық препараттармен қамтамасыз

      ету. Оларды сақтау шарттары

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басқа ветеринариялық-санитариялық объектілердің (санитариялық өткізу

      пунктері, дезинфекциялық кедергілер, өткізу алаңдары) бар-жоғы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларға арналған қора-жайлар сипаттамасы ________________________

      ___________________________________________________________________

      Көңкетіру механизмдерінің, жылу тасығыштардың, ағынды-сорғылы желдету

      жүйесінің жұмысы __________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық объектісінің қызмет көрсетуші персоналмен жинақталуы______

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды тазалау, жуындыру және серуендету қалай өтеді?____________

      ___________________________________________________________________

      Тышқан тәріздес кеміргіштердің бар-жоғы және олармен күресу шаралары

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектісінің эпизоотикалық ахуалы _______________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың сипаттамасы

      Карантиндеу кезеңінде жүргізілген жануарлардың диагностикалық зерттеулері

      (аурудың атауы, өткізілген күні және жануарлардың түрлері бойынша нәтижелері)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру ____________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес өткізілген ветеринариялық іс-

      шараларды сипаттау ________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат (ауру белгілері бар жануарлар, ауру жануарлар анықталған

      жағдайда) __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қорытынды

      Жүргізілген эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың

      тиімділігін бағалау ___________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу нәтижелері (аяқтау, ұзарту) ____________________

      ___________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу кезеңін ұзарту себептері мен мерзімдері _________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қосымша ұсынылған эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар__

      __________________________________________________________________

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ___________________

      ____________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтықбірліктіңатауы) (қолы, аты, әкесініңаты (бар болса), тегі)

      Ветеринария саласындағы маман _________________________________

      ____________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтықбірліктіңатауы) (қолы, аты, әкесініңаты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 7-1/394 бұйрығымен
бекітілген

Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 45) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ақпараттық жүйе – "Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың "e-Agrіculture"бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінде ветеринариялық есептер туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер.

      3. Ветеринариялық есепке алу және есептілік эпизоотиялық ахуалды және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерініңветеринариялық-санитариялық жай-күйінжәне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың сақталуын, сондай-ақ жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен тиімділігін мониторингтеу және бағалау мақсатында жүзеге асырылады және оны:

      1) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері);

      3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;

      4) ветеринариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелер ұсынады.

      4. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, ұсыну "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген нысандар бойынша жүзеге асырылады.

      5. Ветеринариялық есептілік жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, ветеринариялық есептілік алушы (лар) ға қағаз нысанында (түпнұсқа немесе көшірме түрінде) жіберіледі.

      6. Ветеринариялық есепке алу журналдары тігіледі, нөмірленеді және тиісінше:

      ЖАО бөлімшелерінің;

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың;

      ветеринариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелердің журналын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның мөрімен бекемделеді.

      Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық есепке алу журналдарын тігеді, нөмірлейді және журналды жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың қолымен бекемделеді.

      Ветеринариялық есепке алу журналдарындағы жазбалар тиісті жұмысты орындау барысында немесе ол аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      7. Ветеринариялық есепке алу журналының титулдық парағында журналдың атауы, жазбалардың басталу және аяқталу күні, тиісті журналды жүргізуге жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, сондай-ақ лауазымы көрсетіледі.

      8. Ветеринариялық есепке алу журналдары (әкімшілік-аумақтық бірліктердің эпизоотиялық ахуалын жазуға арналған тұрақты сақталуы тиіс журналды қоспағанда) оларда жазба аяқталған уақыттан бастап үш жыл бойы сақталуы тиіс.

2-тарау. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың ветеринариялық есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібі

      9. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың ветеринария саласында жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметінің түріне қарай ветеринариялық есепке алудың мынадай журналдарын жүргізеді:

      1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 1-вет нысан бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журнал;

      2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 2-вет нысан бойынша жануарлардың ауруларын тіркеуге арналған журнал;

      3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 3-вет нысан бойынша жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілерде ет пен субөнімдердің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын есепке алу журналы;

      4) бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 4-вет нысан бойынша ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында етті, балықты, теңіз өнімдерін және жұмыртқаны ветеринариялық-санитариялық сараптау журналы;

      5) бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 5-вет нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында сүт және сүт өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын есепке алу журналы;

      6) бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 6-вет нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында балды сараптау журналы.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген журналдарды жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жүргізеді.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген есепке алу журналдарының деректері негізінде жеке және заңды тұлғалар есептіліктің мынадай нысандарын ұсынады:

      1) бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілерде жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы туралы есеп.

      Аталған есепті толтырғандаосы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген журналдың деректері пайдаланылады;

      2) бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ішкі сауда объектілеріндегі (базарлардағы) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы туралы есеп. Осы Қағидалардың 9-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген журналдар есепті жасау үшін бастапқы деректер болып табылады;

      3) бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша заңды тұлғалардың ветеринариялық биопрепараттар өндіруі туралы есеп;

      4) бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринариялық препараттарды қолдану және азық пен азықтық қоспаларды пайдалану туралы есеп.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есептілікті ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне қарай тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринариялық есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібі

      13. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – мемлекеттік ұйымдар) жүзеге асырылатын функцияларына байланысты ветеринариялық есепке алудың мынадай журналдарын жүргізеді:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есепке алу журналдары;

      2) бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 7-вет нысан бойынша зертханаларға келіп түскен материалдарды тіркеу журналы;

      3) бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 8-вет нысан бойынша бактериологиялық зерттеулер журналы;

      4) бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 9-вет нысан бойынша вирусологиялық зерттеулер журналы;

      5) бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 10-вет нысан бойынша серологиялық зерттеулер журналы;

      6) бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 11-вет нысан бойынша гематологиялық зерттеулер журналы;

      7) бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 12-вет нысан бойынша гистологиялық зерттеулер журналы;

      8) бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 13-вет нысан бойынша сібір жарасына былғары және үлбір шикізатының сынамаларын зерттеу журналы;

      9) бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 14-вет нысан бойынша жануарлардың паразиттік ауруларына зертханалық зерттеулерді есепке алу журналы;

      10) бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 15-вет нысан бойынша азықтарды және басқа да материалдарды микотоксикологиялық зерттеулер журналы;

      11) бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 16-вет нысан бойынша химиялық-токсикологиялық зерттеулер журналы;

      12) бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 17-вет нысан бойынша биохимиялық және зертханалық-клиникалық зерттеулер журналы;

      13) бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 18-вет нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын гидрохимиялық және токсикологиялық зерттеулер журналы;

      14) бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 19-вет нысан бойынша ветеринариялық зертхананың радиологиялық бөлімінің ветеринариялық есеп бойынша зерттеулерін есепке алу журналы;

      15) бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 20-вет нысан бойынша ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу журналы;

      16) бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 21-вет нысан бойынша ветеринариялық есеп бойынша жануарлардың инфекциялық, инвазиялық және саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарын жұқтырған зертханалық жануарларды есепке алу журналы;

      17) бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 22-вет нысан бойынша микроорганизмдер штамдарын беру журналы;

      18) бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 23-вет нысан бойынша микроорганизмдер штамдарының қасиеттерін тексеру нәтижелерін тіркеу журналы;

      19) бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 24-вет нысан бойынша биоматериалдарды, микроорганизмдер штамдарының өсінділерін жоюды тіркеу журналы;

      20) бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 25-вет нысан бойынша тамақ өнімдерін, жартылай фабрикаттарды және жануарлардан алынатын шикізатты сараптау нәтижелерін тіркеу журналы;

      21) бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 26-вет нысан бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелерін тіркеу журналы;

      22) бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 27-вет нысан бойынша ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялау туралы журнал;

      23) бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 28-вет нысан бойынша ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау және түсу жөніндегі журнал.

      14. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырылатын функцияларға байланысты есептіліктің мынадай нысандарын ұсынады:

      1) бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринариялық зертханалардың қызметі туралы есеп;

      2) бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша референттік зертхананың қызметі туралы есеп.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ветеринариялық есептілікті мемлекеттік ұйымның аудандық филиалдары жасайды және есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай мемлекеттік ұйымның облыстық филиалдарына және ауданның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның облыстардағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары ветеринариялық есептілікті есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай мемлекеттік ұйымның орталық аппаратына ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жүргізеді, жинақтайды және талдауды жүргізеді, содан кейін оны есептік кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ведомствоға ұсынады.

      16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ветеринариялық есептілікті мемлекеттік ұйымның республикалық маңызы бар қаладағы филиалы жасайды және ветеринариялық есептілікті есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай мемлекеттік ұйымның орталық аппаратына ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жүргізеді, жинақтайды және талдауды жүргізеді, содан кейін оны есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ведомствоға ұсынады.

      17. Республикалық мемлекеттік мекеме нысанындағы мемлекеттік ұйым орындалған жұмыстар актілерінің негізінде жасалатын бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою туралы есепті ұсынады.

      Ветеринариялық есептілікті мемлекеттік ұйымның облыстық филиалдары жасайды және есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай мемлекеттік ұйымның орталық аппаратына ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жинақтап, талдау жүргізеді, содан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай оны ведомствоға ұсынады.

      18. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ұйымдар (бұдан әрі – ЖАО мемлекеттік ұйымдары) осы Қағидалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есепке алу журналдарын жүргізеді.

      19. ЖАО мемлекеттік ұйымдары есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:

      1) бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған биопрепараттардың бар-жоғы және жұмсалуы туралы есеп;

      2) бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарлардың аурулары туралы есеп;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есеп.

      20. Осы Қағидалардың 19-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есептілікті аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі және ауылдық округтегі ветеринариялық пункт жасайды және есептік кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне қарай облыстың ЖАО мемлекеттік ұйымының орталық аппаратына ұсынады.

      Облыстың ЖАО мемлекеттік ұйымының орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жүргізеді, жинақтайды және талдауды жүргізеді, содан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай оны облыстың ЖАО бөлімшесіне және есептіліктің екінші данасын тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынады.

      Облыстық және республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ЖАО-ның мемлекеттік ұйымы ветеринариялық есептілікті жүргізеді және талдайды, содан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай оны облыстық және республикалық маңызы бар қаланың,астананың ЖАО бөлімшесіне және есептіліктің екінші данасын тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынады.

4-тарау. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің ветеринариялық есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібі

      21. ЖАО бөлімшелері есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 19-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген есептер;

      2) бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық объектілерді салу мәселелері, лицензиялау, ветеринария және жануарларды бірдейлендіру саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлердің саны туралы есеп.

      22. ЖАО бөлімшелері есептілікті мынадай тәртіппен ұсынады:

      1) облыстардың ЖАО бөлімшелері облыстардың ЖАО мемлекеттік ұйымдары ұсынған есептерді жинақтағаннан және талдағаннан кейін ветеринариялық есептілікті есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай облыстардың аумақтық бөлімшелеріне және ведомствоға ұсынады;

      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО бөлімшелері республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО мемлекеттік ұйымдары ұсынған есептер негізінде ветеринариялық есептілікті жинақтап, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшелеріне және ведомствоға ұсынады.

5-тарау. Ветеринариялық есепке алуды жүргізу және аумақтық бөлімшелердің және ветеринариялық бақылау бекеттерінің есептілікті ұсыну тәртібі

      23. Аумақтық бөлімшелер, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері мынадай ветеринариялық есепке алу журналдарын жүргізеді:

      1) бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 29-вет нысан бойынша шекаралық ветеринариялық-санитариялық бақылау бекетінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды есепке алу және қарап-тексеру журналы;

      2) бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 30-вет нысан бойынша сою пункттерінде (алаңдарында) және ет комбинаттарында сойылған жануарларды қарап-тексеру және ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелерін есепке алу журналы;

      3) бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 31-вет нысан бойынша ішкі сауда объектілерінде (базарларда) өткізілетін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тіркеу журналы;

      4) бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 32-вет нысан бойынша өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруді тіркеу журналы.

      24. Аумақтық бөлімшелер, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген есептер;

      2) бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша мемлекеттік шекара арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бақылауындағы объектілерді қарап-тексеру туралы есеп;

      3) бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілерде жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері туралы есеп;

      4) бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін тексеру туралы есеп.

      25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген ветеринариялық есептілікті аумақтық бөлімшелер, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері жасайды және есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай облыстық аумақтық бөлімшелерге ұсынады.

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшелері ветеринариялық есептілікті есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ведомствоға ұсынады.

      Ведомство облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО бөлімшелері және мемлекеттік ұйымдар ұсынған есептерді талдайды.

      26. Ведомство алынған есептік деректердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жануарлар ауруларының пайда болу, даму және жою мүмкіндігін болжау үшін республика бойынша жиынтық есеп қалыптастырады.