Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 21245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 88 Қаулыға 1-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру нарығы туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ереженің жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;

      4) аудиторлық ұйым растаған соңғы 2 (екі) аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігін (бар болса шоғырландырылғанды қоса алғанда) қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы мәліметтер;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға қарсылықтардың жоқтығы туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы өтініш;

      8) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының оның сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының болуы туралы жазбаша растауы;

      9) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің, көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қызметін реттейтін заңнама талаптарын бұзушылықтардың болмауы туралы көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының өтініш ұсынар алдындағы 2 (екі) жыл ішіндегі жазбаша растауы;

      10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері мемлекетінің өзге қаржы ұйымын заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтайшысында (құрылтайшыларында) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша соттылығының жоқтығы туралы, сондай-ақ құрылтайшы (құрылтайшылар) қызметін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері ретінде жүзеге асырмағаны туралы жазбаша растауы.

      Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін лицензиядан айырғаннан кейін, оларды мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады;

      11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;

      12) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген құжаттар.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы, өзге де құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландыруға тиіс.

      4. Уәкілетті орган өтінішті берілген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде қарайды.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган оларды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

      6. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер болған жағдайда, Қағидалардың 9-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокеріне осы ескертулерді және оларды жою мерзімін көрсете отырып хат жібереді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды уәкілетті орган белгіленген мерзімде жібереді.

      Уәкілетті орган Қағидаларда көзделген, тазартулары, қосып жазылған не сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      7. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы хабарламаны не оны беруден бас тарту туралы қағаз нысандағы дәлелді шешім қабылданған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде (Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне жібереді.

      8. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      9. Рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) рұқсат үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) ұсынылған құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне қатысты рұқсат алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне қатысты оның негізінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері рұқсат алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
брокерінің филиалын ашуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті Қазақстан Республикасының бейрезидент-

      ____________________________________________________________________

      сақтандыру брокерінің атынан беруге өкілеттігін растайтын нотариат

      ____________________________________________________________________

      куәландырған немесе өзге түрде куәландырылған құжатқа сілтеме)

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің атауы

      ____________________________________________________________________

      (кім қабылдаған)

      Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы _____ жылғы "___" ____________ № ____ шешіміне сәйкес

      _________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің ашылатын

      ___________________________________________ ашуға рұқсат беруді сұрайды

      филиалының атауы және орналасқан жері)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылған ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар санын көрсету):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғасының не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолы, күні)

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
брокерінің филиалын ашуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері туралы мәлімет __________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің атауы) 20___ жылғы "___" _____________________

      1. Орналасқан жері және нақты мекенжайы ______________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      2. Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер _________________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _______________________________

      ____________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      _______________________________________ жүзеге асыру құқығына лицензия

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      5. Қызметтің түрі _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлерін көрсету)

      6. __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, кім берді)

      өтінішін беру күніне халықаралық шәкіл бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі.

      7. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінде ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма

      ____________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      8. Құрылтайшы – жеке тұлға ___________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

      1) туған күні _________________________________________________________

      2) туған жері ________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      3) азаматтығы_______________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері _______________________

      ___________________________________________________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _______________________________

      ___________________________________________________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ____________________________

      ___________________________________________________________________

      7) телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй)___________________________

      ___________________________________________________________________

      8) білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5






      9) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта құрылтайшы – жеке тұлғаның бүкіл еңбек қызметi, сондай-ақ тиісті басқару органдарына мүше болуы, оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ құрылтайшы – жеке тұлғаның еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      11) жарғылық капиталға немесе Қазақстан Республикасының өзге заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы
(пайызбен)

1

2

3

4





      12) құрылтайшы – жеке тұлғада азаматтығы бар елде немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса бере отырып, белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының _____________________ екені туралы азаматтығы бар елдің не құрылтайшы – жеке тұлға (иә, жоқ) соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген мәліметтер. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұралған адамдарға растайтын құжаттарды беруді қарастырылмаса, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органға жіберіледі.

      13) құрылтайшы – жеке тұлға бұрын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің уәкілетті органына Қазақстан Республикасының бейрезидент -сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма __________________________________________ (иә (жоқ), _________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы

      ____________________________________________________________________

      жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып,

      ____________________________________________________________________

      тәртiптiк жаза қолдану туралы актінің деректемелері)

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _______________________________________________________________

      (құрылтайшы – жеке тұлға өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ______________________

      Күні _________________________

      9. Құрылтайшы – заңды тұлға _____________________________________

      (атауы)

      1) орналасқан жері және нақты мекенжайы ______________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      2) мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер __________________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      3) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _______________________________

      ____________________________________________________________________

      4) қызмет түрі ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі)

      5) құрылтайшы – заңды тұлғаның басшысы ______________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса), туған күні)

      6) соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      7) оларға қатысты құрылтайшы – заңды тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы – заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы – заңды тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Құрылтайшы – заңды тұлға басшысының қолы ______________________________

      Күні_________________________

      10. Атқарушы органының бірінші басшысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент -сақтандыру брокерінің атқарушы органының функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға)

      ______________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

      1) туған күні __________________________________________________

      2) туған жері __________________________________________________

      3) азаматтығы _________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректер ____________________

      _______________________________________________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)____________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы_________________________

      _______________________________________________________________

      7) телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй)_______________________

      _______________________________________________________________

      8) білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5






      9) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ тиісті басқару органдарына мүше болуы), оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету)

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесі немесе құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысына (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаға) тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің атқарушы органының бірінші басшысында (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғада) азаматтығы бар елдің (тұрғылықты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген) азаматтығы бар елде (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса бере отырып, белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының _____________________________ болуы туралы мәліметтер. (иә, жоқ) Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Осы құжатты азаматтығы бар елдің немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) тиісті органы уәкілетті органға жауап және атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжатты жіберу арқылы ұсынады.

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және ол дұрыс және толық екенін растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) өз қолымен баспа әріптермен толтырады)

      Қолы _______________________

      Күні ________________________

      11. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің басқару органының бірінші басшысы

      ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      1) туған күні ___________________________________________________

      2) туған жері ___________________________________________________

      3) азаматтығы __________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжат деректері ______________________

      _______________________________________________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы _________________________

      _______________________________________________________________

      7) Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үйінің нөмірі) ___________

      _______________________________________________________________

      8) білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      9) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ тиісті басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда ұйымның тіркелу елін көрсете отырып)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6







      11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету)

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесі немесе құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысына (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаға) тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      12) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері басқарушы органының басшысында азаматтығы бар елде немесе тұрғылықты тұратын елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың және жеке басын куәландыратын құжатты (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қоса бере отырып, белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының ____________________ екендігі туралы азаматтығы бар елдің соңғы 15 (он бес) (иә,жоқ) жыл ішінде тұрғылықты тұрған елдің (тұрғылықты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы берген мәліметтер. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге де қолдану мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Осы құжат азаматтығы бар елдің тиісті органы немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органға жауап жіберу арқылы және басқарушы органының басшысының (атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (азаматтығы жоқ адамдар үшін) ұсынады.

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болғанда)

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері басқарушы органының басшысы өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _____________________

      Күні ______________________

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
брокерінің филиалын ашуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

(Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкінде басылады) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат

      № ______ 20__ жылғы "___" ____________

      Осы рұқсат__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің атауы)

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берілді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсаттың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      ______ жылғы "___"_________ ____________

  Қаулыға
2-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру қағидалары "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өз қызметінде Заңның 2-бабының 4-тармағын басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Заңның 17-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген брокерлік қызмет түрлерін және сақтандыру брокерінің өзге де қызметін тиісті лицензия болған кезде жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өзіне қабылдаған міндеттемелерді оның клиенттермен жасасқан шартына тура сәйкес және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орындайды.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының құқықтары мен міндеттерінің нақты тізбесі, сондай-ақ оларды орындау үшін сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) алдындағы жауапкершілік олардың арасында жасалатын шартта айқындалады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) арасында жасалатын шарттың міндетті талаптары:

      1) сақтанушының 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 832-бабында көзделген тәртіппен және талабымен мәліметтерді ұсынуы;

      2) сақтанушыдан, қайта сақтанушыдан (цеденттен) сақтандырушының (қайта сақтандырушының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қайта сақтандырушының) банк шотына сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қайта сақтандырушыдан) сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің), пайда алушының банк шотына сақтандыру төлемдерін аудару мерзімі;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) арасында өзара есеп айырысу тәртібі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына комиссиялық сыйақы төлеу шарттары мен тәртібі болып табылады.

      7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шартын жасауы үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы сақтандыру тарифтерінің және меншікті капиталының мөлшері, сақтандыру талаптары, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензияның болуы (осы шартты жасасу үшін қажетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша лицензиясы бар кемінде 3 (үш) сақтандырушыдан лицензияның (тіркеу нөмірінің) күні мен нөмірі) туралы ақпарат алады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтанушы, қайта сақтанушы (цедент) үшін аса тиімді талаптармен, қаржылық жағдайы орнықты сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуды қамтамасыз етеді.

      8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы сақтанушылардан, қайта сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинау және (немесе) сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) сақтандыру төлемдерін жинау бойынша операцияларды жүзеге асыру мақсатында, сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдал қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының комиссиялық сыйақысы сомасын алу операциясын қоспағанда, ол арқылы өзге операциялар жүзеге асырылмайтын банк шотын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының банк шоты) пайдаланады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының банк шотындағы оның меншікті капиталының кем дегенде 40 (қырық) пайызы мөлшеріндегі ақшалай қаражатын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктердегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалындағы ағымдағы шоттарда және депозиттерде ақшалай қаражат сомасының болуын қамтамасыз етеді.

      9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы сақтандыру жағдайы болған жағдайда, сақтандыруға (қайта сақтандыруға) қабылданатын сақтандыру тәуекелін бағалаған жағдайда сақтандырушылардың, қайта сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша және сақтанушының (цеденттің) сақтандыру сыйлықақысын толық көлемде әрі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген мерзімде төлеуінде қажетті қолдау көрсетеді.

      10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өзінің делдалдығымен жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарында сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарының толық және дұрыс жария етілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде ресімдейтін құжаттардың мәтіндері олардың сөзбен айтылуының нақты мағынасына сәйкес талқылануы тиіс. Мәтіндерде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда олардың толық және бір мәнді талқылануын беру қажет.

      11. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының банк шотына сақтандыру сыйлықақысы сомалары, сақтандыру төлемдері түскен кезде, егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы мен сақтанушы, цедент арасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы оларды сақтандырушының, қайта сақтандырушының, сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің), пайда алушының банк шотына дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей аударады.