"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістір енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қыркүйекте № 21233 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 333 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.11.2021 № 333 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанында:

      4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы); өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың бар болуы туралы ақпарат _____ (бар/жоқ).

      5. Білікті құрамының бар болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білім _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      2) инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін – атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білім _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).

      6. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар болуы туралы ақпарат ________ (бар/жоқ).

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Азаматтық қорғау заңы) 76-бабының 6-тармағына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат __________ (бар/жоқ).";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 17 қыркүйегі
№ 313 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
2-қосымша

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

р/с №

Рұқсат беру талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның болуы

көрсетілген құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың, газ толтыру станциясы мен топтық резервуарлық қондырғылардың (бар болса) жалдау шартының немесе сенімгерлік басқару шартының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Өндірістік базаның және растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

2

газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы);
өрт қауіпсіздігін;
өнеркәсіптік қауіпсіздікті;
сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді;
авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы

қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

3

мынадай біліктілік құрамы:
1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі бар, кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен расталады);
2) инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін –атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білімі бар

әрбір қызметкер бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мамандардың білікті құрамының болуын (тиісті білімін, жұмыс өтілін растайтын құжаттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу арқылы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

4

объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы

шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

5

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының болуы

декларацияны тіркеудің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

6

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аварияларды жою жоспарының болуы

кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ, оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді