"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
А. Жаилғанова |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 131 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 14374 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашадағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған, сондай-ақ әдеп нормаларын бұзуға жол берген В-1, С-1, С-2, сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның С-О-1, С-О-2 санаттарындағы қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау үшін құрылатын тұрақты қолданыстағы алқалы орган.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" заңын, Қағидаларды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.";
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қызметтік әдеп нормаларының талаптарын бұзу бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды алдын алу жөнінде шараларды әзірлеу;";
6-тармақтың екіншісі бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның құрамы орталық мемлекеттік органдарының өкілдерінен, соның ішінде, құқық қорғау органдарының мүшелерінен, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарынан, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен және өзге адамдардан тұрады. Комиссияның дербес құрамы тақ саннан және Төрағамен қоса 7-ден кем емес мүшеден тұрады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілер Комиссиямен қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым беруге құқығы бар.".
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14620 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары бекітілсін.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 139-бабы 7-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ведомстволық бағынысты "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындағы лауазымдарды атқаратын азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібін және шарттарын айқындайды.";
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 24 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14467 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес А блогының лауазымдарын атқаратын қызметшілерді тестілеуден өткізу және Тізілімнің В блогының педагогикалық қызметкерлері лауазымдарын атқаратын қызметшілердің (бұдан әрі – педагогикалық қызметкерлер) эссе жазуы;";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына және шарттарына 1-қосымша; |
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына және шарттарына 2-қосымша; |
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14766 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентін бекіту туралы";
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңес туралы ереженің 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламенті бекітілсін.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің төраға орынбасары Д.М. Жазықбаевқа жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңесінің жұмыс регламентінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңесінің жұмыс регламенті";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің осы жұмыс регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 4-тармағына сәйкес әзірленді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Регламент Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) жеке құрамдарын қалыптастыру, бекіту, жұмыс жоспарларын, мәжілістерін даярлау мен өткізу тәртібін, сонымен қатар басқа ұйымдастыру мәселелеріне дауыс беру тәртібін анықтайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органының басшысы лауазымы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады.";
6-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
7-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Әдеп жөніндегі кеңес мәжілісі оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, заңды болып саналады.";
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Хаттама мәжіліс жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жүргізілген тілде рәсімделеді, және Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасымен және мүшелерімен, Хатшылықтың меңгерушісімен қол қойылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңесі регламенттің хаттамасы 1-қосымшадағы нысанға сәйкес тәртіпте рәсімделеді.";
39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шешімдер мәжіліске қатысқан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің санының қарапайым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды.";
42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Мәжілістердің хаттамаларына мәжілістерді өткізу кезектілігінің тәртібінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес бір күнтізбелік жылдың шегінде нөмір беріледі.";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентіне 1-қосымша; |
1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (аумақ атауы) Әдеп жөніндегі кеңесінің ХАТТАМАСЫ";
2-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшылары, облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің аппарат басшылары, жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, сондай-ақ облыс, астана және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің басшылары үшін:";
4-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16785 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакция жазылсын:
"1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.";
4-тармақ мынадай редакция жазылсын:
"4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысы Б.С. Бақтыгереевке жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, оның ведомствосының және олардың аумақтық органдарының (бұдан әрі – Агенттік) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібін айқындайды.";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша; |
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша; |
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша; |
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша; |
5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 5-қосымша |
__________________
__________________________________________________________________________
(лауазымы, мемлекеттік органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
қатысты тәртіптік іс жөніндегі ШЕШІМ
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің (облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Әдеп жөніндегі кеңесінің Хатшылығына (Хатшылығымен) (бұдан әрі – Хатшылық) материал (дар), мәлімет (тер) (материалдар, мәліметтер түскен көздердің атауы) түсті: мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар және т.б. (20__ж. ____ №__ (шығыс құжаттың (тардың) күні мен нөмірі); тексеру қорытындылардың (сайлау, жоспардан тыс (жоспардан тыс тексеркді өткізудің негізі), 20__ж. ____ №__ қызмет жазбасының (Хатшылық қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) негізінде факті (тілер) бойынша (жауапкершілігі қаралатын бұзушылық жіберілген тұлғаның қысқаша фабуласы) қатысты (лауазымы, мемлекеттік органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) қызметтік тексеріс жүргізілді.
Материалға (дарға) сәйкес қызметтік тексеру нәтижесінде (жауапкершілігі қаралатын тұлғамен) бұзушылыққа жол берілгені (құрылымдық элементтерге сілтеу, бұзылған заңнамалардың атауы) (бұзушылықтар, сонымен қатар олардың сипаты аталсын) анықталды.
Нақты фактілер (расталмайды) (расталатын, немесе расталмайтын заңнама бұзушылықтарының факті аталсын) расталды.
Нақты факті (лер) бойынша сұрастырылған (тексеру(лер) жүргізу шеңберінде сұрастырылған тұлға аталсын) келісіні растайды(растамайды)/түсіндіреді (көрсетті) (сұрастырылған тұлғаның дәлелдері, мәліметтері, ақпараты аталсын).
Нақты ақпарат келесімен (расталады (расталмайды) (сұрастырылған тұлғаның дәлелдері, түсініктерін (расталатын(жоққа шығарылатын) аталсын.
Жауапкершілігі қаралатын тұлғаның нақты факті(лері) бойынша сұратылған келесіні (жауапкершілігі қаралатын тұлғаны сұрастырғанда алынған мәліметтер, ақпараттар, дәлелдер) түсіндірді.
Сонымен қатар (алайда), жауапкершілігі қаралатын тұлғаның түсінігіне (растайтын (жоққа шығарытын дәлелдер аталсын) сәйкес.
Сонымен қатар қызметтік тексеру бырысында (бұзушылықтар, жаңадан анықталған бұзушылықтар, ашылған фактілер және т.б. туралы қосымша мәліметтер аталсын) анықталды.
Қызметтік тергеулердің материалдарын қарап және (жауапкершілігі қаралатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) түсінігін тыңдап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі,
ШЕШТІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 7-тармағының 6) тармақшасына, 27-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, (лауазымы, мемлекеттік органның атауы, тәртіптік жазаны жүктеуге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (жауапкершілігі қаралатын тұлғаның лауазымы, мемлекеттік органының атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) қатысты (жауапкершілігі қаралатын тұлғамен бұзылған заңнаманың талаптарын аталсын) бұзғаны үшін "__________________" түрінде тәртіптік жазаға тарту/тәртіптік істі тоқтату (сәйкес себептердің негізінде) (тәртіптік істі тоқтату негіздемелері аталсын) ұсынылсын.
(облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы
облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Әдеп жөніндегі Хатшылықтың меңгерушісі
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы | Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ |
B-1; |
● Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді; |
● Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды; |
B-2;* |
● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; |
● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
B-3;* |
● Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
● Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ |
B-1; |
● Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ; |
● Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ; |
B-2;* |
● Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
● Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; | |
B-3;* |
● Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
● Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ |
B-1; |
● Міндеттерді дұрыс бөле алады; |
● Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; |
B-2;* |
● Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; |
● Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; | |
B-3;* |
● Қажетті мәліметтерді таба алады; |
● Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ |
B-1; |
● Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; |
● Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады; |
B-2;* |
● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; | |
B-3;* |
● Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
● Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ |
B-1; |
● Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; |
● Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді; |
B-2;* |
● Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; |
● Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; | |
B-3;* |
● Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
● Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
ЖЕДЕЛДІЛІК |
B-1; |
● Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; |
● Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді; |
B-2;* |
● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
B-3;* |
● Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
● Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ |
B-1; |
● Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді. |
● Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды; |
B-2;* |
● Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; |
● Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; | |
B-3;* |
● Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
● Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
АДАЛДЫҚ |
B-1; |
● Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді; |
● Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді; |
B-2;* |
● Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
● Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; | |
B-3;* |
● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ |
B-1; | ● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | ● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
B-2;* | ● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | ● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
B-3;* | ● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | ● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
ЖАУАПКЕРШІЛІК |
B-1; | ● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | ● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
B-2;* | ● Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | ● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. | |
B-3;* | ● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | ● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
БАСТАМАШЫЛДЫҚ |
B-1; | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. |
B-2;* | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. | |
B-3;* | ● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | ● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |