Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 19 тамыздағы № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 тамызда № 21134 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму Министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      20__ жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      20__ жылғы "__"__________

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 19 тамызы
№ 436 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларында:

      13-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-2. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде және (немесе) форс-мажорлық жағдайлар жолаушылар және қала маңындағы поездардың мәжбүрлі тоқталуы кезінде осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шығыстардың нақты баптары, сондай-ақ жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстары субсидиялауға жатады.".

      2. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 218 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20468 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 24 сәуірде жарияланған):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.".

      3. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20559 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 мамырда жарияланған):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.".

      4. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 236 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20519 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 30 сәуірде жарияланған):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.".

      5. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 316 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20778 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 3 маусымда жарияланған):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.".