"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.03.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18166 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 181 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18642 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 363 бұйрығына қосымша |
"Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.03.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Минералогия, палеонтология, қазба жануарларының сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес әзірленді және оны беру тәртібін айқындайды.
2. "Минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері, мерзімі, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі порталға сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) келіп түскен сұрау салуды қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы (бұдан әрі - орындаушы) 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен, құжаттарды дұрыс емес мәліметтермен ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде орындаушы минералогия, палеонтология, қазба жануарларының сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру жөнінде шешім қабылдау үшін комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына құжаттар дайындайды.
Комиссия Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің, "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінен, сондай-ақ минералогия, палеонтология, қазба жануарларының сүйектері саласындағы сарапшылар мен жетекші ғалымдардан тұрады.
Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде минералогия, палеонтология, қазба жануарларының сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру жөнінде шешім қабылдайды.
Комиссияның қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде лицензияға немесе лицензия беруден бас тартуға қол қояды.
6. Лицензия беру туралы шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензияны не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.
Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орнында сақтауды қамтамасыз етеді.
8. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде жауапты орындаушы өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындысы бойынша минералогия, палеонтология, қазба жануарларының сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері |
|
бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына |
|
қосымша |