"Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 тамызда № 21072 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 нөмірімен тіркелді, 2016 жылғы 13 ақпандағы № 29 (28155) "Казахстанская правда" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) азаю көлемі - энергия өндіруші ұйымға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының және желіге жіберу жиынтық электр қуатының айырмасы, мегаватта (бұдан әрі - МВт);

      2) аралас орташалау әдісі - бұл өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәнін анықтау (есептеу) әдісі, оған сәйкес өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәні аталған есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі өнеркәсіптік кешеннің нетто-қуатының тиісті орташа мәні ретінде айқындалады;

      3) аттестатталған электр қуаты - тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;

      4) бақылау кезеңі - жергілікті уақыт бойынша 17:00-ден бастап 23:00-ге дейін күнтізбелік күн уақытының мерзімі (мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында);

      5) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;

      6) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау - аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған Жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;

      7) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың жұмыс электр қуаттарының ведомосі - Жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және Жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;

      8) генерацияның ықтимал электр қуаты - энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының (белгіленген электр қуатының шектеулерін және жүйелік оператормен келісілген жоспарлы жөндеулерді ескере отырып) және құрамына кіретін гидравликалық электр станцияларына келетін (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша) энергия өндіруші ұйымның генерациясының тиісті жұмыс электр қуатының сол бөлігінің сомасы, МВт;

      9) желіге жіберу жиынтық электр қуаты - онда ескерілген есепті жылдағы энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының өз қажеттіліктері үшін электр қуатының максималды мәнін шегергендегі жиынтық электр қуаты, МВт;

      10) жиынтық шегерілетін электр қуаты - энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда немесе олар болмаған (жасалмаған) жағдайда, энергия өндіруші ұйымды электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттарда тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген мына параметрлер қосындысы: есептік жылдағы өз қажеттілігіне тұтынылатын электр қуатының максималды мәндері, есептік жылдағы бөлшек сауда нарығы субъектілеріне жеткізілетін максималды электр қуаты және есептік жылдағы экспорттың максималды электр қуаты, МВт;

      11) жиынтық электр қуаты - әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің және шегерілетін жиынтық электр қуатының қосындысы, МВт;

      12) жоспарлы жөндеу - Жүйелік оператормен келісілген жөндеу графигіне енгізілген жоспарлы жөндеу;

      13) жоспарлау жүйесі - электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің бір күн бұрын электр энергиясын өндіру-тұтыну, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін қалыптастыру бойынша өтінімді беру, сондай-ақ өтінімді дәл айтқан күні беруге (бекітілген тәуліктік графигін түзету) арналған бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

      14) жөндеу қуаты - энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларын жөндеудің барлық түрлерінде (резервтен тыс жағдайда) бар белгіленген жиынтық электр қуаты;

      15) қуат нарығының тұтынушылары - энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендер;

      16) қысқару көлемі - энергия өндіруші ұйымға сәйкес келетін электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шартты көлемінің мәніне ұлғайтылған желіге жіберілетін жиынтық электр қуатының және энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының айырмасы, МВт;

      17) номиналды жоспарлы жөндеу кезеңі - тиісті күнтізбелік жыл шеңберінде ұзақтығы күнтізбелік бір жүз сексен күннен аспайтын үлгілік көлемде тиісті генерациялайтын қондырғыға жоспарлы жөндеу жүргізу үшін қажетті уақыт аралығы;

      18) орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттықтарын жүзеге асыратын ұйым;

      19) өнеркәсіптік кешен - электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын, құрамында жеке заңды тұлғалар болып табылмайтын электр станциялары бар, электр энергиясын өндіру осы ұйымның құрамына кіретін кәсіпорындар мен бірлестіктердің тұтынуы, сондай-ақ электр энергиясын көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарықтарында өткізу мақсатында жүзеге асырылатын және бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасамаған ұйым;

      20) өнеркәсіптік кешенінің нетто-қуаты - жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын шартты тұтынушы ретінде қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуын ескере отырып, өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының және өнеркәсіптік кешеннің құрамына кіретін электр станциялары желісіне жіберілетін электр қуатының айырмасын білдіретін электр қуаты (аталған айырманың теріс мәндері нөлге теңеледі);

      21) сауда-саттықта қуатты сатудың рұқсат етілетін көлемі - энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының және сауда-саттықта сатылмайтын электр қуатының айырмасы, МВт;

      22) сауда-саттықта сатылмайтын электр қуаты - осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес жасалған энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің және тиісті аттестаттаудың нәтижелері бойынша тіркелген, энергия өндіруші ұйымы электр станцияларының өз қажеттіліктері электр қуаттары мәндерінің сомасына азайтылған, жиынтық шегерілетін электр қуатының сомасы, МВт;

      23) тесттік команда - энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының электр қуатын өзгертуге энергия өндіруші ұйымның Жүйелік операторы берген өкім;

      24) техникалық минимум -конденсациялық, жылыту, газтурбиналы және бугазды электр станциялары үшін - тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша; гидравликалық электр станциялары үшін - 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларымен берілген су шығынын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төмен рұқсат етілетін электр қуатының қосындысы, МВт;

      25) технологиялық минимум - генерациялайтын қондырғылардың минималды электр қуатының қосындысы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт;

      26) толық орташалау әдісі - есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәні осы энергия беруші ұйымның жеке желілерде және шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясының ысырабын жабу үшін тұтынған электр қуатының мәні осы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айда) орташа ретінде айқындалады;

      27) тұлғалар тобының тізілімі - Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөлімдеріне сәйкес бақылауда болған жағдайда, уәкілетті орган қалыптастыратын және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын, тұлғалардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар тізбесі;

      28) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      29) ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі - энергия өндіруші ұйымдарда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарға тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемдерінің қосындысы, МВт;

      30) шоғырландыру көлемі - қуат нарығының тұтынушылары ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) ішінде жүзеге асырған бірыңғай сатып алушының жүктемесін атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты жиынтық төлемінің және ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) ішінде бірыңғай сатып алушы жүзеге асырған энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты жиынтық төлемі айырмасының оң мәні;

      31) ішінара орташалау әдісі - есептік кезең (күнтізбелік ай) ішінде қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәні осы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының тиісті орташасы ретінде айқындалады;

      32) электр қуатының аттестатталған азаю жылдамдығы - электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың үшінші кезеңін өткеру уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясы электр қуатының азаю жылдамдығының орташа мәні, минутына/МВт;

      33) электр қуатының аттестатталған ұлғаю жылдамдығы - электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың бірінші кезеңін өткеру уақытында энергия өндіруші ұйымының электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, минутына/МВт;

      34) электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет - тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген бір тұлғалар тобына бірге кіретін тұтынушыларға энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметі;

      35) электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі - энергия өндіруші ұйым мен тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген бір тұлғалар тобына бірге кіретін тұтынушылар арасындағы электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттарда тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметі көлемдерінің сомасы, МВт;

      36) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;

      37) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізу графигі - электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізу күні, басталу және аяқталу уақыты көрсетілген кесте;

      38) электр станциясының аттестатталған электр қуаты - белгілеу уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының желісіне электр қуатының жіберудің орташа мәні, МВт;

      39) электр станциясының өз қажеттіліктері үшін электр қуаты - электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының генерация электр қуаты мен желіге жіберілетін электр қуатының айырмасын білдіретін электр қуаты;

      40) энергия өндіруші ұйымның өзі тұтынатын электр қуаты - энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін және жекелеген заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпорындар мен бірлестіктердің тұтынуының электр қуатының және энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының меншікті, шаруашылық және өзге де қажеттіліктерінің электр қуатының сомасын білдіретін электр қуаты.".

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бірыңғай сатып алушыдан қуат нарығы тұтынушысының мекенжайына шектеулер енгізу жөніндегі іс-шараларды енгізу, ауыстыру не алып тастау туралы хат (ресми бланкіде) түскен кезде Жүйелік оператор тиісінше осы тұтынушының мекенжайына шектеулер енгізу жөніндегі іс-шараларды енгізеді, ауыстырады не алып тастайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қуат нарығын тұтынушы электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсетуге арналған тиісті шарт бойынша жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке ақы төлеу шарттарын бұзған жағдайда не қуат нарығын тұтынушы бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсетуге шарт жасаспаған жағдайда, бірыңғай сатып алушы қуат нарығының тұтынушысына және Жүйелік операторға осы қуат нарығы тұтынушысының мекенжайына шектеулерді енгізу жөніндегі іс-шараларды енгізу не ауыстыру туралы хатты (ресми бланкіде) Жүйелік оператордың осы іс-әрекеттерді жүзеге асыруының тиісті күні мен уақытын, сондай-ақ енгізілетін шектеулердің көлемін (пайыздық қатынаста) көрсете отырып жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жою фактісі бойынша бірыңғай сатып алушы қуат нарығының тұтынушысына және Жүйелік операторға осы қуат нарығы тұтынушысының мекенжайына шектеулерді енгізу жөніндегі іс-шараларды алып тастау туралы хатты (ресми бланкіде) Жүйелік оператордың осы іс-әрекетті жүзеге асыруының тиісті күні мен уақытын көрсете отырып жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хаттарды бірыңғай сатып алушы электр қуаты нарығын тұтынушыға және Жүйелік операторға осы хаттарда көрсетілген іс-әрекеттерді Жүйелік оператордың жүзеге асыру уақытына дейін 72 сағаттан кешіктірмей жібереді.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде энергия өндіруші ұйым мыналарды жүзеге асырады:

      1) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты әзірлікте ұстау;

      2) Жүйелік оператордың тестілік командаларын орындау;

      3) Жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында арттыруға және төмендетуге бағытталған реттеуге қатысуға өтінімдерді күн сайын беру;

      4) Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілік пен қуатты бастапқы және қайталама реттеу жүйелерін тұрақты әзірлікте ұстау (бұл ретте, энергия өндіруші ұйымды жиілік пен қуатты қайталама реттеуге тарту энергия өндіруші ұйымның келісімі бойынша жүргізіледі);

      5) күн сайын, ағымдағы тәулікте сағат 11:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша), Жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктеріне энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат беру, бұл ретте Жүйелік оператордан ағымдағы тәуліктің 16:00 сағатқа дейін осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тестілік команданың жоспарланған берілу күні туралы хабарлама келіп түспеген жағдайда алдағы тәулік ішінде осы электр станцияларының генерациялайтын жабдығын жөндеуден шығарған жағдайда осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге жол беріледі, сондай-ақ Жүйелік операторға 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларынан тиісті тәулік ішінде келіп түскен осы электр станцияларының су режимінің өзгеруі туралы тапсырманың көшірмесін берген жағдайда, осы ақпаратты қосымша түзету;

      6) Жүйелік операторға генерацияның ағымдағы электр қуатының, желіге босатудың ағымдағы электр қуатының және меншікті тұтынудың ағымдағы электр қуатының мәндері туралы телеметриялық ақпарат беру;

      7) Жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерациялау режимін сағаттық жоспарлау;

      8) ай сайын, 28 күніне дейін, Жүйелік операторға алдағы есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерацияның ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты ұсыну және осы ақпаратты Жүйелік оператормен келісу (бірыңғай сатып алушымен осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына қалаларды күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін).

      Жүйелік операторға берілген және осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператормен келісілген энергия өндіруші ұйымның генерациясының ықтимал электр қуатының мәні көрсетілген мәндерге бір рет түзету жол берілетін жылыту кезеңі басталған (аяқталған) айды қоспағанда, олар берілген есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде түзетуге жатпайды, бұл ретте, осы түзету энергия өндіруші ұйымның тиісті хаты (Жүйелік оператордың атына) және Жүйелік оператордың тиісті келісімі негізінде жүзеге асырылады және көрсетілген айдың жылыту кезеңі басталған (аяқталған) күннен басталатын бөлігі үшін ғана қолданылады.

      Энергия өндіруші ұйым Жүйелік операторға осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мерзімде алдағы есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерациялаудың ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты бермеген не осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мерзімде көрсетілген ақпаратты (оны Жүйелік операторға ұсынғаннан кейін) Жүйелік оператормен келіспеген жағдайда, Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның жиынтық электр қуаты сомасының және энергия өндіруші ұйымның тиісті күнтізбелік жылдың электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің шарттық көлемінің мәніне тең генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосіне энергия өндіруші ұйымның генерациясының ықтимал электр қуатының мәнін (алдағы күнтізбелік ай үшін) қосады.

      Энергия өндіруші ұйым Жүйелік операторға оның құрамына кіретін электр станциялары генерациясының жұмыс электр қуатының мәні туралы ақпаратты алдағы тәуліктерге осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген мерзімде ұсынбаған не осы ақпаратты Жүйелік оператормен келіспеген жағдайда (оны Жүйелік операторға ұсынғаннан кейін), Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның жиынтық электр қуаты сомасының және энергия өндіруші ұйымның тиісті күнтізбелік жылдың электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің шарттық көлемінің мәніне тең генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосіне энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының мәнін (алдағы тәуліктерге) қосады.

      29. Жүйелік оператор тестілік команданы күнтізбелік айда үш реттен жиі емес береді. Бұл ретте, тестілік командалар арасында уақытша аралық күнтізбелік 3 (үш) күннен кем бола алмайды.

      Жүйелік оператор жедел байланыс арналары бойынша жоспарланған тестілік команда беру күніне дейін 8 (сегіз) сағаттан кешіктірмей Жүйелік оператордың және осы энергия өндіруші ұйымның жедел журналдарына тиісті жазбалар енгізе отырып, жоспарланған тестілік команда беру күні туралы тиісті энергия өндіруші ұйымды хабардар етеді.

      Тестілік командалар Жүйелік оператордың және тиісті энергия өндіруші ұйымдардың кезекші персоналының жедел журналдарында тіркеледі.

      Тестілік командаларды Жүйелік оператор мына жағдайларда бермейді (болдырмайды):

      1) егер тестілік команданы беруді жоспарлаған күні тиісті энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станциясы (электр станциялары) генерацияланушы қондырғылардың электр қуатының аттестациясынан өтіп жатса;

      2) егер тестілік команданы беруді жоспарлаған күн тиісті энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станциясы (электр станциялары) арқылы табиғи қорғалатын су жіберуге дайындалу мен іске асыру күндерімен 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларымен расталатын мұз қату кезеңіне сәйкес келетін болса;

      3) күнтізбелік жылдың қысқы айларының күндері: желтоқсан, қаңтар және ақпан айлары (осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін ғана, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде қалаларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін) үшін жүйелік оператордың тиісті энергия өндіруші ұйымы оның құрамына кіретін (кіретін) электр станциясы (Электр станциялары) орналасқан ауданда (аудандарда) қоршаған ауа температурасының аномалдық төмендеуінің жоспарланған күні туындауы не сақталуы туралы уақтылы (тиісті тестілік командасын беру уақытына дейін) хабарлама (электрондық пошта бойынша) болған жағдайда, азаматтық қорғау жөніндегі уәкілетті органнан және (немесе) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан тиісті дауылды ескертудің электрондық көшірмесін қоса бере отырып;

      4) тестілік команданы беруді жоспарлаған күні Жүйелік оператор бақылайтын электр беру желілерінің (қималары) жүктемесінің асып кетуі қаупі туындаған жағдайда, бұл ретте, егер жүктеменің осы асып кетуі берілген тестілік команданы орындау ішінде туындаған болса, Жүйелік оператор аталған тестілік команданы жояды және оны берудің басқа күні мен уақытын белгілейді. Жүйелік оператордың тестілік команданың орындалуын тоқтату туралы өкімін алғаннан кейін энергия өндіруші ұйым қысқа мерзімде оның құрамына кіретін электр станциялары жұмысының алдыңғы (көрсетілген артық жүктемеге дейін) режимдерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Егер энергия өндіруші ұйым Жүйелік оператордың тиісті командасы бойынша осы Қағидалардың 32-тармағы 1) тармақшасы немесе 2) тармақшасында көрсетілген іс-қимылдарды жүзеге асырмаса немесе осы іс-қимылдарды жүзеге асыру нәтижелері бойынша оларды жүзеге асыруға жұмылдырылған қандай да бір энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының электр қуатының артуының (азаюының) электр қуатының орташа жылдамдығының мәні (ондыққа дейін дөңгелектелген) ұлғаюының (азаюының) тиісті Аттестаттауды өткізу қағидаларында көрсетілген электр қуатын арттырудың (азайту) орташа жылдамдығының оның типіне сәйкес минималды мәнінің жылдамдығынан аз болған жағдайда, не егер тестілік команданы орындау кезінде энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін бір немесе бірнеше электр станцияларында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесімен және (немесе) Жүйелік оператордың диспетчерлік пункттеріне автоматты түрде трансляциялаумен телеметрия аспаптарымен ақаулар болған жағдайда Жүйелік оператордың тестілік командасы орындалмаған болып саналады.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің азаю жағына өзгеруіне мынадай жағдайларды қоспағанда жол берілмейді:

      1) электр энергиясын тұтынушы Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, энергиямен жабдықтаушы бір ұйымнан (бұдан әрі - бірінші ЭЖҰ) энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға (басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға) (бұдан әрі - басқа ЭЖҰ) ауысуға;

      2) тұтынудың максималды қуаты энергиямен жабдықтаушы ұйымның қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемінде ескерілген электр энергиясының бөлшек нарығы субъектісін Жүйелік оператордың интернет-ресурсына орналастыраған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесіне енгізген және олардың бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасуға;

      3) қуат нарығының екі тұтынушысы арасында қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемін ішінара немесе толық беру туралы келісім жасасуға;

      4) қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының төмендеуі.

      54. Осы Қағидалардың 53-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде бірінші ЭЖҰ-ны қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі электр энергияны тұтынушының электр қуатының келесідей екі ең аз мәні шегінде азайтылады: бірінші ЭЖҰ-ны қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінде ескерілген мәндер және осы тұтынушының электр энергиясын көрсетілген ауысуына тікелей байланысты басқа (басқа) ЭЖҰ-ны қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің (шарттық көлемдерінің) ұлғаю бөлігіне тең мәндер.

      Осы Қағидалардың 53-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде энергиямен жабдықтаушы ұйымды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі қуат нарығының көрсетілген тұтынушысының электр қуатының келесідей екі ең аз мәні шегінде азайтылады: энергиямен жабдықтаушы ұйымды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінде ескерілген мәндер және және осы тұтынушыны қуат нарығымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің мәні.

      Осы Қағидалардың 53-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде қуат нарығының тиісті (екі) тұтынушыларын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемдері бірдей мәнге (абсолюттік мәнде) өзгереді. Бұл ретте, қуат нарығын беруші тұтынушыда қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі азаю жағына өзгереді (азаяды), қуат нарығын қабылдайтын тұтынушыда қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі арту жағына өзгереді (ұлғаяды).

      Осы Қағидалардың 53-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде қуат нарығын тұтынушыны қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің ағымдағы шарттық көлемі нөлден бастап келесі формула бойынша айқындалатын мәнге дейінгі шектерде өзгеретін шамаға азайтылады:



      ∆азаю - қуат нарығын тұтынушыны қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемін азайту шамасының шегі, МВт;

      ДО - қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;

      ДОбаст - ағымдағы күнтізбелік жылда осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес өткен күнтізбелік жылда қуат нарығын тұтынушы берген және тиісті болжамды сұранысқа енгізілген тұтынуға тиісті болжамды өтінімде көрсетілген тұтынудың ең жоғары электр қуаты, МВт-пен;

      ДОқабыл - осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес күнтізбелік жылдың басынан бастап жүзеге асырылған, қаралып отырған, тұтынушының қуат нарығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемін ұлғайтудың жиынтық мәні МВт-да.";

      ДОберу - осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес күнтізбелік жылдың басынан бастап жүзеге асырылған, қаралып отырған, тұтынушының қуат нарығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемін азайтудың жиынтық мәні МВт-да.";

      мынадай мазмұндағы 55-1 және 55-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "55-1. Осы Қағидалардың 53-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемдерін өзгерту қуат нарығының тиісті (екі) тұтынушылары бірыңғай сатып алушыға (ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген) қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемдерін өзгертуге арналған өтінімді (бұдан әрі-өзгертуге арналған өтінім) осы Қағидалардың 6-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресми бланкіде бірлесіп беруі арқылы жүзеге асырылады.

      Өзгертуге өтінім қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тиісті шарттық көлемдері белгіленген күнтізбелік жыл ішінде қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемінің деректерін өзгерту жоспарланып отырған есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) соңғы күнінен кешіктірмей беріледі.

      Егер өзгертуге өтінім осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес берілген жағдайда, бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған тиісті шарттарға осы Қағидалардың 54-тармағын ескере отырып, өзгерістер енгізеді, олар аталған өзгертуге өтінім берілген есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енеді.

      55-2. Осы Қағидалардың 53-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемін азайту осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай сатып алушыға азайтуға арналған өтінімді нарықтың тиісті тұтынушысының беруі арқылы жүзеге асырылады.

      Азайтуға өтінім қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің тиісті шарттық көлемі белгіленген күнтізбелік жыл ішінде қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің осы шарттық көлемін азайту жоспарланып отырған есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) соңғы күнінен кешіктірмей беріледі.

      Азайтуға өтінім осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес берілген жағдайда, бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған тиісті шартқа осы Қағидалардың 54-тармағын ескере отырып, өзгерістер енгізеді, олар аталған өзгертуге өтінім берілген есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енеді.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Электр энергиясы нарығында электр энергиясын сатып алу (сатып алу) (бұдан әрі - сатып алу) қуат нарығын тұтынушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге бірыңғай сатып алушымен жасалған шарт болған және қуат нарығын тұтынушының электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу шарттарын бұзуы болмаған кезде жүзеге асырылады.

      Электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бірыңғай сатып алушымен жасалған қуат нарығын тұтынушыда шарт болмаған кезде немесе қуат нарығын тұтынушыда электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметтер үшін берешек болған кезде, Бірыңғай сатып алушы Жүйелік операторға электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін қалыптастыру кезінде алдағы тәуліктің әрбір сағатына электр энергиясын өндіру-тұтыну бойынша осы тұтынушының өтінімдерін қабылдамау қажеттігі туралы хабарлайды. Берілген ақпараттың негізінде Жүйелік оператор электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін қалыптастыру кезінде осы тұтынушының алдағы тәуліктің әрбір сағатына электр энергиясын өндіру-тұтыну жөніндегі өтінімдерін қабылдамайды.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Есеп айырысу кезеңі де (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушыларының электр қуатын тұтынуының нақты максималды мәндерін Жүйелік оператор әрбір есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) қорытындысы бойынша мына әдістермен айқындайды:

      1) ішінара орташалау әдісі бойынша - энергия беруші ұйымдар мен өнеркәсіптік кешендерді қоспағанда, қуат нарығының барлық тұтынушылары үшін. Бұл ретте, осы әдісті энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қолданған кезде электрмен жабдықтауды энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырған электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілерін тұтынудың электр қуаты ғана есепке алынады;

      2) толық орташаландыру әдісі бойынша - энергия беруші ұйымдар үшін;

      3) аралас орташаландыру әдісі бойынша - өнеркәсіптік кешендер үшін.

      Жүйелік оператор қуат нарығы тұтынушыларының электр қуатын тұтынуының есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) нақты максималды мәнін бірыңғай сатып алушыға тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушы қуат нарығының тұтынушысына электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша есеп айырысу кезеңінде нақты көрсеткен қызметтер көлемін есептеу үшін негізгі құжат болып табылатын осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қуат нарығы тұтынушыларының электр қуатының нақты ең жоғары мәндері туралы акт түрінде ұсынады.

      Қуат нарығы тұтынушысының тұтынатын электр қуатының есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік айдағы) нақты максималды мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алуының автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер базасына келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректер базасынан сағат бойынша есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) деректері болмаған жағдайда, есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының тұтынатын электр қуатының нақты максималды мәнін анықтау кезінде пайдаланылатын есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әр сағаты үшін электр қуатының мәндері 1 (бір) сағатқа бөлінген және Жүйелік оператор келіскен жүктеменің өңірлік бейінінің тиісті есептік кезеңіне (күнтізбелік айына) тиісті есептік кезеңге (электр энергиясын өндіру-тұтыну факт-балансына сәйкес) электр энергиясын тұтыну көлемінің есептік кезеңдегі нақты мәнінің МВт*сағ көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      Өңірлік жүктеме бейінін өңірлік электр желілік компания өткен есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін ай сайын айқындайды және есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Жүйелік операторға осы Қағидаларға 7-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік жүктеме профиліне келісуге ұсынылады. Өңірлік электр желілік компания Жүйелік оператормен келісілген өңірлік жүктеме бейінін осы Қағидаларға 7-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, төменде аталатындарды қоспағанда, орталықтандырылған сауда-саттықта аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде өткізуді жүзеге асырады;

      1) экспорттың есеп айырысу жылында ең жоғары электр қуаты;

      2) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне есеп айырысу жылында жеткізудің ең жоғары электр қуаты;

      3) есеп айырысу жылында меншікті тұтынудың электр қуатының ең жоғарғы мәні;

      4) көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және олармен бір тұлғалар тобына кіретін, тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұтынушыларға есеп айырысу жылында жеткізудің электр қуатының ең жоғарғы мәні.

      Электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың меншікті тұтынатын электр қуатының есеп айырысу жылындағы ең жоғары мәні тиісті аттестаттаудың нәтижелері бойынша тіркелген, олардың құрамына кіретін электр станцияларының меншікті мұқтаждықтарының электр қуаттары мәндерінің сомасы шегеріле отырып есепке алынады.

      Жиынтық шегерілетін электр қуаты және электр өндіруші ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі жоғарыда көрсетілген өзгеріс жоспарланып отырған есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) алдындағы есеп айырысу кезеңінің жиырмасыншы күнінен (күнтізбелік айдың) кешіктірілмейтін мерзімде бірыңғай сатып алушыға тиісті өтінім берген жағдайда, аттестатталған электр қуатының айырма мәні және жиынтық электр қуатының сомасы мен энергия өндіруші ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі шегінде өзгертуге жатады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8 коэффициенттерін айқындауда:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. k8 коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:



      Тасыру - есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік айдағы) нақты күн (тәулік) саны, олардың әрбір (әрбір) ішінде кемінде бір сағат шеңберінде ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалған, энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың (МВт) электр қуатының осы сағатына сәйкес келетін орташа мәнінен асып кетуі тіркелген, генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың тізімдемесінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының (МВт) осы сағатқа сәйкес келетін мәнінен генерациялаудың жұмыс электр қуатының көрсетілген мәнінен 1,0% - дан астам асып кету (бұдан әрі - Асып кету);

      Тм - есеп айырысу кезеңіндегі күн саны (күнтізбелік айда).

      Егер Т асыру энергия өндіруші ұйымның Заңның 12-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың осы өкімін (өкімдерін) орындауы себебінен болған жағдайда, онда бұл асып кету айқындау кезінде есепке алынбайды.

      k8 коэффициентінің мәні 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін бірлікке теңестіріледі.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 6-1 және 6-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ереженің 53-тармағының 4) тармақшасы, 54-тармағының төртінші бөлігі және 55-2-тармағы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Бұл ретте Қағидаларға 2-қосымшаның k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8 коэффициенттерін Айқындаудың 8-тармағының үшінші бөлігі 2019 жылғы 23 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 6 тамыздағы
№ 273 Бұйрығына
1-қосымша
  Электр қуаты нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

20__ жылғы ________________________________ (есеп беру көрсету (күнтізбелік ай)* қорытындылары бойынша айқындалған k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8 коэффициенттерінің мәні туралы акті

Энергия өндіруші ұйымның атауы

k1

k2

k3

k4

k5

k6

k7

k8

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) жасасқан энергия өндіруші ұйымдар (тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін)

1.







т-ды



2.







т-ды



3.







т-ды



Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) жасасқан, сондай-ақ электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт (екі жақты шарттар) жасасқан (тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар топтарына кіретін) энергия өндіруші ұйымдар.

1.


т-ды








2.


т-ды








3.


т-ды








Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) жасаспаған, бірақ электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт (екі жақты шарттар) жасасқан (тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін) энергия өндіруші ұйымдар.

1.


т-ды








2.


т-ды








3.


т-ды








      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері жүздікке дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - "т-ды" - "толтырмайды": сәйкес ұяшықтар толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 6 тамыздағы
№ 273 Бұйрығына
2-қосымша
  Электр қуаты нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
6-1-қосымша
  Нысан

Қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің шарттық көлемдерін өзгертуге өтінім

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 53-тармағының 3) тармақшасына және 54-тармағына сәйкес қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін ішінара немесе толық беру туралы келісім жасасуға байланысты, ағымдағы жылдың ағымдағы есеп айырысу кезеңінен (күнтізбелік айдан) бастап Сізден электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсетуге

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ мен жасалған

      (қуат нарығын беретін тұтынушының атауын көрсету)

      ___________ 20___ жылғы № _____ шартында белгіленген, ____ МВт* құрайтын жүктемені

      көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемін ____ МВтқа**

      азайтуды және ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ мен жасалған

      (қуат нарығын қабылдаушы тұтынушының атауын көрсету)

      _____________ 20 ___ жылғы № _____ шартындағы белгіленген _______ МВт* құрайтын

      ағымдағы 20 __ жылға белгіленген электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз

      ету бойынша қызмет көлемін ________ МВтқа** ұлғайтуды сұраймыз.

      Байланыс телефоны және электрондық адресі: __________________________________

      ____________________________________________________________________________ мен

      (қуат нарығын беретін тұтынушының атауын көрсету)

      Байланыс телефоны және электрондық адресі: __________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қуат нарығын қабылдаушы тұтынушының атауын көрсету)

      Қосымша: _________________________

      ____________________________________________________________________________ мен

      (қуат нарығын беретін тұтынушының атауын көрсету)

      және ___________________________________________________________________________

      (қуат нарығын қабылдаушы тұтынушының атауын көрсету)

      арасында жасалған Қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің шарттық көлемін ішінара немесе

      толық беру туралы ______________ 20___ ж.*** № _______ келісімнің көшірмесі

(Қуат нарығын беруші тұтынушының уәкілетті тұлғасының лауазымын көрсету орны)

қолы

(Қуат нарығын беруші тұтынушының уәкілетті тұлғасының тегін, әкесінің атын (бар болса) көрсету орны)

(Қуат нарығын қабылдайтын тұтынушының уәкілетті тұлғасының лауазымын көрсету орны)

қолы

(Қуат нарығын қабылдайтын тұтынушының уәкілетті тұлғасының тегін, әкесінің атын (бар болса) көрсету орны)

      Ескертпе:

      * - электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көлемінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен өзгертуге арналған өтінімде көрсетіледі;

      ** - МВт саны бірдей көрсетілуі тиіс;

      *** - қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін ішінара немесе толық беру туралы келісім жасалған күн өзгертуге өтінім беру күнімен сәйкес келуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 6 тамыздағы
№ 273 Бұйрығына
3-қосымша
  Электр қуаты нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
6-2-қосымша
  Нысан

Азайтуға арналған өтінім

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының 53-тармағының 4) тармақшасына және 54-тармағына сәйкес Сізден электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсетуге арналған шартта белгіленген ағымдағы 20___ жылға арналған электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін

      ________________________________________________________________________________

      (қуат нарығын тұтынушының атауын көрсету)

      20___ жылғы____________ № _____, ___ МВт* құрайтын, тұтынудың электр қуаты мәнінің

      төмендеуіне байланысты***.

      Байланыс телефоны және электрондық мекенжайы:

      ________________________________________________________________________________

      (қуат нарығын тұтынушының атауын көрсету)

(Қуат нарығын тұтынушының уәкілетті тұлғасының лауазымын көрсету)

қолы

(Қуат нарығын тұтынушының уәкілетті тұлғасының тегін, әкесінің атын (бар болса) көрсету)

      Ескертпе:

      * - электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер көлемінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен азайтуға арналған өтінімде көрсетіледі;

      ** - осы Қағиданың 54-тармағына сәйкес анықталады;

      *** - төмендеу себептерін сипаттау (тұтынушылар және олардың төмендеу көлемдері бөлігінде).