"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 тамызда № 21062 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 180 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2025 № 321 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2020 жылғы 31 наурыз) мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Үлесінің жүз проценті мемлекеттік меншіктегі "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капиталдағы мемлекеттік қатысу үлесіне дивидендтер (таза табыс бөлігін) төлеуден босатылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин