"Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 шiлдедегi № ҚР ДСМ-85/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 шiлдеде № 20995 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.06.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 95) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларында:

      16-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      2) COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар науқастарға үйде стационарды алмастыратын көмек көрсетуден басқа, инфекциялық аурулар;;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Үйдегі стационарда медициналық көмекті учаскелік терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, бейінді мамандар, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және медбикелер, психологтар көрсетеді, медициналық көрсетілімдер бойынша басқа бейінді мамандардың консультациялары өткізіледі".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой