"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 15 шiлдедегi № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 шiлдеде № 20975 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 26 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      102-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі өзгерген жағдайда өтінім берудің алдында аяқталған төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі база ретінде алынады. Бұл ретте, кірме жол бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі болмаған жағдайда, кірме жолдың көлемі өтінім берудің алдындағы аяқталған төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін кірме жол бойынша берілген вагондар саны деңгейінде ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 106-1-тармақпен толықтырылсын:

      "106-1. Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін, субъектінің жөндеуге бағыттайтын қаражаты мемлекеттік көліктік бақылау органының анықталған бұзушылықтар туралы актісі мен жөндеу жүргізу құнының есептемесі негізінде тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.";

      165-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 245-1-тармақпен толықтырылсын:

      "245-1. Жүктерді контейнерлерде тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді саралау осы Қағидаларға 141-қосымшаға сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифті есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      299-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелерін сатып алған (салған) жағдайда;";

      301-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 299-тармағының 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген субъект жаңа объектілерде және (немесе) учаскелерде, оның ішінде көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген, кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдар учаскелерінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету басталғаннан бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидалардың 302-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосына электрондық нысанда өтінім ұсынады.";

      302-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 299-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген субъектінің өтініміне мыналар қоса беріледі:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарифтік смета жобасын не салалық ерекшеліктерді есепке ала отырып, прейскуранттың жобасы және тарифтің жобасы;

      2) жобалық қуат туралы деректер:

      3) толық жазылуын қоса бере отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектің бар екендігі немесе жоқтығы туралы деректер;

      4) негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, шығыстардың баптар бойынша есептеулері ( тарифтің қолдану кезеңіне көзделген шығындар туралы негіздейтін материалдар ретінде деректер ұсынылады);

      5) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген персонал санының, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің және техникалық шығындардың есептеулері;

      6) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдар есебі;

      7) пайданы есептеу;

      8) негізгі өндірістік қорларды жұмыс жағдайында ұстау үшін қажетті шығындар сметасының жобасы;

      9) бірінші рет құрылған немесе жаңа реттеліп көрсетілетін қызметті (жаңа реттеліп көрсетілетін қызметтерді) ұсынатын табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтің, тарифтік сметаның 7, 8 және 9-нысаны бойынша немесе егер осы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тариф осы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілсе, Жаңа объектілерді және (немесе);

      10) еңбек ақы қорын және басшылардың лауазымдық жалақысын белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі (мемлекеттік кәсіпорындар немесе мемлекеттің басым үлесін иеленуші кәсіпорындар үшін);

      11) мемлекеттік органдар өз құзыретінің шегінде белгілеген ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсету міндетін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтің жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, шарттар, ұсынылатын қызметтер көлемдерінің есептеулері).";

      305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "305. Уәкілетті органның ведомствосы субъектінің өтінімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 299-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген, субъект ұсынған, қоса берілген есептердің және негіздеуші материалдардың толықтығын, осы Қағидалардың 302-тармағына сәйкестігін, қуаты аз субъектіге – осы Қағидалардың 303-тармағына сәйкестігін тексереді және өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе осы Қағидалардың 304-тармағына сәйкес бас тарту себептерін көрсете отырып, оны қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде қағаз тасымалдығышта субъектіні хабардар етеді.";

      306-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) субъектінің осы Қағидалардың 299-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында, осы Қағидалардың 302-тармағында көзделген құжаттарды немесе қуаты аз субъектінің осы Қағидалардың 303-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;";

      309-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "309. Осы Қағидалардың 299-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген субъектілер үшін тариф осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфына сәйкес Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеудің шығындық әдісі ескерілген тарифті есептеу тетігіне сәйкес айқындалады.";

      315-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "315. Осы Қағидалардың 299-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген субъектілер үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі он екі айдан аспайды.".

      347-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "347. Инвестициялық бағдарламаның жобасын оның негізділігі тұрғысынан қарау кезінде мынадай:

      1) осы Қағидалардың 335-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін;

      2) қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілмеген;

      3) негіздеуші құжаттармен расталмаған іс-шаралар алып тасталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес инвестициялық бағдарламаның барлық іс-шараларын алып тастау инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Инвестициялық бағдарламаны бекітуден уәкілетті орган ведомствосының, тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бас тартуы тарифті бекітуден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      Мынадай мазмұндағы 347-1 тармақпен толықтырылсын:

      "347-1. Инвестициялық бағдарламаның жобасына инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінім беру кезінде орындалған іс-шаралар қосылмайды.";

      439-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру.

      Құзыретті орган тасымалдаушы осы Қағидалардың 454-тармағына сәйкес құжаттарды (ақпаратты) ұсына отырып, орындылығы туралы өзінің қорытындысында тасымалдарды жүзеге асыратынын растайды;

      Поездарға енгізілген тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондар, вагон-мейрамханалар мен багаж вагондары үшін уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 454-тармағында көзделген тәртіппен уақытша төмендету коэффициентін белгілейді;";

      453 және 454-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "453. Осы Тәртіптің 441, 442, 443, 444, 445, 446, 447, 448, 449, 450, 451 және 452-тармақтарының ережелері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тұтынушыларға қолданылмайды.

      454. Осы Қағидалардың 439-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес уақытша төмендету коэффициентін бекіту үшін құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уақытша төмендету коэффициентін бекітудің орындылығы туралы қорытындыны қоса бере отырып, уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінім (бұдан әрі-өтініш) жібереді.

      Құзыретті органның немесе жергілікті атқарушы органның уақытша төмендету коэффициентін бекітудің орындылығы туралы қорытындысына мынадай құжаттар мен ақпарат қоса беріледі:

      1) бекітілген қозғалыс кестесіне сәйкес облысаралық, ауданаралық, қалааралық облысішілік және қала маңындағы қатынастарда жүретін жоспарланатын жолаушылар поездарының тізбесі;

      2) мәтіндік түрде түсініктеме бере отырып, уақытша төмендету коэффициентін бекіту қажеттілігінің анықтама-негіздемесі;

      3) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес бір жыл ішінде теміржол көлігімен жолаушылар вагондарын тасымалдау көрсеткіштері.

      Қорытындыға қоса берілетін құжаттар немесе ақпарат толық көлемде ұсынылмаған жағдайда құзыретті орган уәкілетті орган ведомствосының сұрау салуы бойынша уәкілетті орган ведомствосының сұрау салуын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жетіспейтін құжаттарды және (немесе) ақпаратты жібереді.

      Құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті орган ведомствосының сұрау салуын алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жетіспейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы құзыретті органды немесе жергілікті атқарушы органды жазбаша хабардар ете отырып, өтінішті қабылдамайды.";

      457-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "457. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы шешім бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және уақытша төмендету коэффициенті бекітілген жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.

      Жолаушыларды тасымалдау кезінде уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы шешім Ұлттық инфрақұрылым операторына және құзыретті органға немесе жергілікті атқарушы органға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 457-1-тармақпен толықтырылсын:

      "457-1. Құзыретті органның немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторының оң қорытындысы ұсынылған кезде уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы қолданыстағы шешімге өзгерістер енгізеді.";

      25 қосымшада:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының атауы";

      26-қосымшада:

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезіндегі уақытша төмендету коэффициентін құзыретті орган (жергілікті атқарушы орган өтініш берген жағдайда) және Ұлттық инфрақұрылым операторы уақытша төмендету коэффициентін бекітудің орындылығы туралы оң қорытынды берген жағдайда құзыретті органның (жергілікті атқарушы органның) айналымында айқындалған мөлшерде уәкілетті органның ведомствосы бекітеді.".

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 141-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 15 шілдесі
№ 56 Бұйрыққа
қосымша
  Тарифтерді қалыптастыру
қағидаларына
141-қосымша

Магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифті есептеу тәртібі

      1. Жүктерді контейнерлерде тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және жүктерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитік тасымалдау кезінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) қоспағанда, тарифті есептеу тасымалданатын жүктердің түріне, жылжымалы құрамның типіне, тасымалдаудың арақашықтығына, тасымалданатын жүктердің көлеміне (салмағына) қарай бағалардың саралануын ескере отырып жүзеге асырылады.

      2. Тасымалданатын жүктердің түріне қарай көрсетілетін қызметке сараланған тарифті белгілеу мақсатында тасымалданатын жүктің мынадай түрлері белгіленді:

Жүктердің атауы

Тарифтер тобының коды және Жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы бойынша позиция

Көрсетілетін ызметке арналған есептеу кестелерінің мөлшерлемелеріне коэффициенттер

1

2

3

4

І

Вагондап, шағын және шағын тонналы жөнелтулермен

1

Шикі мұнай

201


2

Мұнай өнімдері

211-215, 221-225, 226021, 226069, 226106


3

Түсті металдар және олардың прокаты

331-332


4

Қара металдар және олардың прокаты

311-313, 321-324


5

Түсті және қара металдар сынықтары

316,333


6

Глинозем

151060


7

Темекі мен махорка шикізаты, олардан жасалған бұйымдар

072, 517


8

Спирт, сыра, алкогольді сусындар

591-594


9

Мақта талшығы

611


10

Сұйытылған газ

226, кроме 226021, 226069, 226106


11

Тас көмір

161


12

Дәнді дақылдар

011-018


13

Құрылыс шикізаты мен материалдары, құрылыс бұйымдары

121-122, 231-236, 251-256, 261-268, 281, 301-304


14

Темір кені

141, 142


15

Түсті кен

151-153, кроме 151060


16

Химиялық заттар мен сода

751-758, 481232, 487169, 487188


17

Хим. мин тыңайтқыштар

431-436


18

Ағаш жүктері

081, 082, 091-094, 101-103, 111, 112, 123-127,131-133


19

Басқа да жүктер

291035, 351-362, 371, 381, 391, 401-405, 411-418, 421-423, 442, 452, 453, 461, 462, 632-635, 641, 651, 654, 661, 681-683, 46135


20

Жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда басқа да жүктер



21

Әскери және арнайы тасымалдар



ІІ

Азаматтардың тұрмыстық заттарын жіберу



      3. Көрсетілетін кызметке сараланған тариф деңгейінің есебі теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде Көрсетілетін қызметтерге есептеу үшін қолданылатын есептеу кестелеріне коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте, есептеу кестелеріне коэффициенттердің өзгерістері Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму факторлары негізге алына отырып және Заңның 15-бабының 1-тармағын ескере отырып айқындалады.

      4. Жүктерді, жеке (жалға алынған) бос вагондарды тасымалдау кезінде республикалық, халықаралық (экспорттық, импорттық) қатынастардағы көрсетілетін қызметке тарифті есептеу кезінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтері туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 25 мамырдағы № 242-НҚ бұйрығына 3-қосымшасына сәйкес экспорттық қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезінде тарифтерді есептеу үшін қолданылатын есептеу кестелері қолданылады.